ABYLAY KHAN KAZAKH UNIVERSITY OF INTERNATIONAL RELATIONS AND WORLD LANGUAGES Faculty of Translation and Foreign Philology
Subject: ICT
Title:Internet TECHOLOGIES
Performed by:107 group
Saparaly Symbat.
Received: Saltanat Adilzhanova.
ЖОСПАР
Интернет анықтама .
2) Интернет түрлері.
3)Интернет-технология туралы түсінік.
4) Интернеттің теориялық негізі.
5) Internet Technologies
6) Қорытынды.
Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш.Internet — International Network) — компьютерліксерверлердің бүкіләлемдік желісі. Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады. Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз. Егер бұл терминді енгізген ағылшын тіліндегі RFC құжатына сүйенсек, онда бұл термин екі түрде жазылып, сәйкесінше екі мағынаға ие болады. Егер Интернет сөзі кішкентай әріптен басталса, онда бұл термин мәліметтер пакетін маршрутизациялау арқылы желілерді байланыстыру ұғымын білдіреді. Бұл кезде ауқымды ақпараттық кеңістік туралы айтылмайды. Көбінесе, бұл екі түсінікті бір-бірінен ажыратып жатпайды.
ИНТЕРНЕТ – бұл компьютерлердің тікелей біріккен жиынтығы емес. Егер екі компьютер әлемнің екі бұрышында тұрып, интернет арқылы мәлімет алмасып жатса, онда оларды бір-бірімен тікелей бір желі арқылы немесе виртуалды жалғанған деп қаастыруға болмайды. Егер сен біреуге мәлімет жіберсең, ол бір жолмен жүрмейді. Ол мәлімет бөлшектерге бөлініп, әртүрлі жолдармен бір мезгілде жүруі мүмкін. Егер екінші бөлшек, бірінші бөлшекке қарағанда жіберілген жерге бірінші жетсе, ол бірінші бөлшектен кейін ғана шыға алады, себебі ол бөлшектердің әрқайсысы номерленген.
Интернет-технология туралы түсінік
Интернеттің ресми туған күні 1969 жылғы 29 қазан болып тұңғыш рет Стэндфорт ғылыми зерттеу институтынан Лос-Анжелестегі Калифорния үниверситетіне алғашқы ақпарат жолданған. Желі арқылы ғылыми зерттеу нәтижелерімен жедел алмасу тиімділігіне орай ендігі жерде оған АҚШ- тың басқа да университеттерінен компьютерлер қосылуға мүдделілік білдіре бастады. Біртұтас желі арқылы шешілетін азаматтық мәселелердің молынан топтасуы нәтижесінде 1983 ж. АҚШ-тың қорғаныс министірлігі желіні екіге бөлуге мәжбүр болды. ARPA net ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналса, жаңа желі MIL net қорғаныс миністірлігінің құзырында қалдырылды.
Интернеттің теориялық негізі.
Алғашқы компьютерлер арқылы мәлімет айырбастау 50-жылдарда-ақ басталған және ол тәжірибелік мағанада болған. Тек 60-шы жылдардың аяғында АҚШ-тың қорғаныс министірлігінің өңдеу агентінің қаражатында бірінші ұлттық масштапқа желі құрылды. Бұл желі бірінші ғылыми зерттеулер білім орталықтарын біріктірді. Оның басты мақсаты – ғылыми техникалық жобалармен жұмыс істейтін ұжым топтарын бағыттау және негізгі жұмысы электрондық почта мен ғылыми, жобалы қарастыру құжаттық файылдарды алмастыру.
ARPANET ЖЕЛІСІ 1969 ЖЫЛЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАДЫ. Сол уақытта желіге кіретін аздаған түйіндесу жүйелері, белгіленген желілер арқылы байланысқан. Ақпаратты қабылдау және жолдама ұмыстары, түйіндесу жүйелерінде орналасқанкомпьютерлердегі бағдарламалар қамтамасыз етіледі.