3 МӨЖ тапсырмасы Шет елдеріндегі тәрбиенің, мектептің және педагогикалық ойлардың дамуы.(кесте жасау) топпен жұмыс жасауға болады



Дата07.02.2022
өлшемі60 Kb.
#84908
Байланысты:
3-4 мөж тапсырмалары жауаптары2














3 МӨЖ тапсырмасы

Шет елдеріндегі тәрбиенің, мектептің және педагогикалық ойлардың дамуы.(кесте жасау) топпен жұмыс жасауға болады.
Мысалы

Аты-жөні

Кай ғасырда немесе жылдар

Педагогикалық ойлары немесе ой тұжырымдары. Кай енбегінде айтылды , аталымы.

Иоганн Песталоцци

1746-1827

Білім алушылардың субьект ретіндегі белсенділігі арқылы анықтайтын алғашқы педагогикалық ойлардың қатарын түзеді. Педагогиканы психологияландару мәселесін көтерген алғашқы педагог-ағартушы болып табылады.

Иоганн Гербарт

1776-1841

Дидактикасында оқуға қызығушылықтың болуын, оқу мен тәрбиенің өзара байланысын негізге алған. Алғаш рет оқыту арқылы тәрбиелеу тұрғысын қорытқан педагог-ойшыл болды.

Джон Лок

1632-1704

«Тәрбие туралы ойлар», «Адамның санасы туралы тәжірибе». Адам жаны туғанда таза тақтай сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейрімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген. Локк бойынша тәрбиенің мақсаты - іскери, адал адамды, өз мүддесіне жетуде табандылық көрсете алатын, бірақ басқалармен де есептесетін «нағыз жігітті» тәрбиелеу.

Адольф Дистерверг

1790-1866

Еңбектерінде педагогтің білім беру процесіндегі жетекші рөлі анықталған. Ол педагогтің белсенді әрекетін тәрбиелеудің, тәрбиелей отырып оқытудың шарты, негізі ретінде түсіндіреді.

Ян Амос Коменский

ХҮІІ ғасыр чех педагогы

«Ұлы дидактика» еңбегінде сынып – сабақ жүйесін ғылыми түрде дәлелдеді.

Константин Дмитриевич Ушинский

1824-1870

1861 жылы «Халық ағарту министрлігінің журналының» бірінші нөмірінде ересек адамдарға білім беру бойынша ғылыми мақаласы жарық көреді. Қазіргі кезде өзекті болып тұрған ересектерге білім беру дидактикасының мәселелерін, тәрбие психологиясына еңбектерінде ерекше көңіл бөлінеді.

Петр Федорович Каптерев

1849-1922

«Педагогикалық психология» (1877) атты кітаптың авторы. Ғылымда «білім беру», «педагогикалық психология» терминін алғаш рет пайдаланған.Еңбектерінде педагогикалық көзқарастардың, дидактикалық теориялардың психологиямен байланысының жеткіліксіздігін, білім берудің психологиялық жағынан дәйектелмеуін басты мәселе ретінде көрсеткен.

Станислав Теофилович Шацкий

1878-1934

Педагогикалық психологияның дамуына әлеуметтік ортада тәрбиені ігілендіру және демократиялық негізде ұйымдастырып, жүзеге асыруды тұжырымдаған.

Эдвард Ли Торндайк

1874-1949

Педагогикалық психологияның жоғарғы мектеп психологиясының іргетасын қалады. 1931 ж. «Ересектерді оқыту психологиясын» жариялады.

Грэнвилл Стэнли Холл

1844-1924

Психология мен педагогика ғылымдарын ықпалдастырып, жеткіншіктердің психологиялық дамуын тиімді ету мақсатында педологиялық зертхана ашты. «Педология» терминін оның шәкірті О.Крисмент пайдалануға кіргізеді.

4 МӨЖ тапсырмасы


« Кейс-стади » құрастыр. (2 ситуация құрастыр, одан шығудын жолдарын көрсет) топпен жұмыс жасауға болады

  1. МЫСАЛЫ

Кейс стади әдісі.
Педагогикалық жағдаят

  • Ағылшын драматургі Вильям Гибсонның «Таңғажайып іске асырушы» атты пьесасында соқыр, мылқау, тілсіз Елена Келлер жайында айтылады. Соқырлар мен мылқауларға арналған атақты Перкин мектебінің директоры Майкл кішкентай Елена Келлерге Анна есімді мұғалім жіберіп жатып, оған батасын беріп, соқыр-тілсіз баланы темір сейфпен салыстырып, оның кілтін табу керектігін айтады.

  • Сонда жас мұғалім, Анна Сулливаның міндеті ол сейфті адам психикасының байлықтарымен толтыру емес, оның одан шығуына мүмкіндік беру.

  • Бұл пікір дұрыс па, қате ме?

  • Адам психикасын қалыптастыруда шешуші фактор болып не табылады?

Осының жауабын шешіңдер














Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет