30 жастағы науқас тітіркендіргіш тағамдар қабылдағанда тілінде пайда болатын күйдіру және



Pdf көрінісі
Дата31.12.2021
өлшемі249,96 Kb.
#107398
Байланысты:
stom-qaz-1
stom-qaz-1, stom-qaz-1, stom-qaz-1


Стоматология 

1.

 



30 жастағы науқас тітіркендіргіш тағамдар қабылдағанда тілінде пайда болатын күйдіру және 

шымшу сезімдеріне шағымданып келді. Канцерофобиямен зардап шегеді. Объективті: тілдің 

ортаңғы  сызығында-  жіп  тәрізді  бүртіктердің  болмауынан  үңірейген,  сопақша  пішінді  жеке 

ошақ анықталды. Диагноз қойыңыз: 

2.

 

35  жастағы  әйел  оң  жақ  жоғарғы  тісінің  тістегенде  күшейетін  үнемі  сыздап  ауыратынына 



шағымданады.  Анамнезінен:  тіс  бұрын  емделген.  Объективті:  17  тістің  шайнау  беткейінде 

тұрақты пломба. Перкуссияда ауырады. 17 тіс маңындағы шырышты қабат қызарған, ісінген, 

өтпелі  қатпар  тегістелген,  пальпацияда  ауырсынады.  ЭОД-120  мкА.  Рентгенограммада: 

ұрттық-медиальды  түбір  ұшы  аймағында  периодонтальды  кеңістігінің  кеңеюі.  Қайсы 

болжамды диагноз болуы мүмкін? 

3.

 



Науқас  32  жаста,  жоғарғы  жақсүйектің  оң  жағындағы  тісте  температуралық 

тітіркендіргіштерден болатын қысқа мерзімді ауырсынуға шағымданады. Объективті: 16 тістің 

медиальді-шайнау  бетінде  жұмсарған  дентинге  толы  терең  тісжегі  қуысы  бар.  Кіреукенің 

салбыраған жиектері көрінеді. Суыққа қысқа мерзімді ауырсынады. Тісжегі қуысының түбін 

зондтағанда ауырсынады. Перкуссия ауырсынбайды. ЭОД  - 12 мкА. Диагноз қойыңыз. 

4.

 



Науқас 28 жаста. Жоғары жақсүйек тістерінің косметикалық ақауына шағымданады. Тістердің 

түсі балалық шақтан бері өзгерген. Бала кезінде рахитпен ауырған. Қарау барысында: 11, 12, 

21, 22  тістерінің вестибулярлы беттерінде және 16, 26 тістердің төмпешіктерінде симметриялы 

орналасқан бор тәрізді дақтар бар. Дақтың беті тегіс, жылтыр, 2% метилен көгімен боялмайды. 

Диагноз қойыңыз. 

5.

 



Науқас 34 жаста төменгі  жақсүйегінің оң жағындағы тісте ыстықтан пайда болатын сыздап 

ауырсынуға шағымданады. Анамнезінен: бұрын тісі қатты ауырған. Қарау барысында 47 тістің 

түсі өзгерген, кең ашылған тіс қуысымен жалғасқан терең кариозды қуыс анықталады. Түбір 

өзегі сағаларының аймағында зондтау ауырсыну тудырады. ЭОД- 80 мкА. Диагноз қойыңыз. 

6.

 

52  жастағы  науқас  тістерінің  қозғалғыштығына,  қызылиектің  қанағыштығына,  ауызынан 



жағымсыз  иістің  шығатынына  шағымданып  келді.  Анамнезінен:  бұрын  дәрігерге  қызылиек 

ауруларымен  бармаған.  Созылмалы  холецистит  бойынша  дәрігерде  тізімде  тұрады. 

Объективті:  қызылиектің  шырышты  қабаты  ісінген,  борпылдақ,  пародонтальды  қалталар 

тереңдігі 6-8 мм көп мөлшерде іріңді бөлініспен, төменгі жақтың фронтальды тістерінің және 

жоғары және төменгі азу тістерінің  аймағында қызылиекастылық және қызылиекүстілік тіс 

тастарының  шөгінділері  бар,  тістерінің  қозғалғыштығы  ІІ-ІІІ  дәрежелі  .  Рентгенограммада: 

альвеолааралық  қалқалар  түбірінің  1/2-2/3  ұзындықта  горизонтальды  және  вертикальды 

резорбциясы. Болжамды диагноз: 

7.

 

28 жастағы әйел адам дәрігер-стоматологқа бала кезінен байқаған тістер түсінің өзгеруіне және 



тістер сауытының бұзылуына байланысты эстетикалық ақауға шағымданып келді. Обьективті 

көрінісі:  13,12,11,21,22,23  тістердің  сауыттары  сыңғыш,  сары-сабан  реңді,  тістер  пішіні 

өзгерген, сауыттардың биіктігі сәл төмендеген. Ең қолайлы емдеу әдісін таңдаңыз. 

8.

 



40  жастағы  науқас  тістерін  тазалағанда  және  қатты  тағам  тістегенде  қызыл  иегінің  едәуір 

қанағыштығына,  төменгі  жақсүйектің  алдыңғы  тістерінің  қозғалғыштығына  шағымданады. 

Қарау  барысында:  тісаралық  қызыл  иек  еміздікшілерінінің  айқын  цианозы,  олардың 

конфигурацияларының өзгеруі, ісінуі, тістерге тығыз емес жанасуы, қанағыштығы байқалады. 

Пародонтальді қалталардың тереңдігі 4-5 мм. Диагноз қойыңыз. 

9.

 



Зақымдалған  тісте  мезгілдік  өздігінен  ұзақтығы  10-15  минутқа  созылатын  қысқауақытты 

ауырсынулар  пайда  болады.  Кейін  ұзақ  уақытқа  (2-3  сағатқа)  басылады.  Әртүрлі 




тітіркендіргіштер  (температуралық,  механикалық)  кезектен  тыс  ауырсыну  ұстамасын 

тудырады және болған ауырсыну сезімін күшейтеді. Берілген ауырсыну сезімі қай ауруға тән? 

10.

 

Зақымдалған  тісте  10-15  минутқа  басылатын,  мезгілдік  өздігінен  ұзақтығы  1-2  сағатқа 



созылатын ұзақ ауырсынулар пайда болады. Ауырсыну жүйке талшықтары бойымен таралады, 

түнгі  уақытта  және  тітіркендіргіштерден күшейеді.  Берілген  ауырсыну  белгілері  қай  ауруға 

тән? 

11.


 

Ұлпа  қабынуының  қай  түрінде  түбір  ұшы  периодонттың  және  айналасындағы  сүйек  тіні 

аймағында рентгенологиялық өзгерістер байқалады? 

12.


 

Жедел ошақты пульпиттің клиникалық белгісі болып табылады? 

13.

 

Науқас 20 жаста, төменгі және жоғары жақтың фронтальды тістерінің сауыттарында ақауына 



шағымданып  келді.  Анамнезінен:  ақауды  бұрын  байқаған,  тістерінің  шығып  басталған 

кезеңінен. Обьективті: күрек тістердің вестибулярлы беткейінде және жоғары, төменгі жақтың 

ұры тістерінің төменгі мойындық бөлігінде эмальдың бір деңгейде орналасқан горизонтальды 

ақаулары  анықталды.  Зондтауда  эамль  тегіс,  тығыз,  температуралық  тітіркендіргіштерге 

реакция ауырсынусыз. Ықтимал диагноз: 

14.


 

Төменде айтылған клиникалық белгілердің қайсысы терең тісжегіге сәйкес келеді? 

15.

 

25  жастағы  ер  адам  дәрігерге  тістен  жағымсыз  иістің  шығуына  шағымданып  келді. 



Анамнезінен:  бұрын  тісі  қатты  ауырған,  ыстық  тамақ  ішкеннен  кейін  ұзақ  уақыт  ауырады. 

Қарау барысында: 2.6 тіс сауытының түсі өзгерген, тіс қуысымен байланысқан терең тісжегілік 

қуысы бар. Ұлпаны беткейлік зондтау ауырмайды, терең  - ауырады. ЭОД-80  мкА. Берілген 

көріністер қай пульпиттің клиникасына сәйкес келеді? 

16.

 

Науқас  50  жаста,  жоғарғы  сол  жақ  тісінде  керу  сезіміне  және  сыздап  ауырсынуына 



шағымданады. Қарау барысында: 2.7 тісінің түсі өзгерген, медиальды-шайнау беткейінде тіс 

қуысымен байланысқан терең тісжегілік қуыс. Тістің перкуссиясы ауырсынусыз, түбір  ұшы 

аймағының  шырышты  қабаты  цианоздалған,  жыланкөзден  тыртық  анықталады. 

Рентгенограммада таңдай түбірі ұшы аймағында сүйек тінінің шекарасы  анық емес, өлшемі 4 

мм жететін ыдырау ошағы анықталды. Қайсысы диагноз болуы мүмкін? 

17.


 

Орта  тісжегіні  емдеу  барысында  дәрігер-стоматолог  тісжегілік  қуысты  егеп-тазалады, 

медикаментозды  өңдеу  жасады,  тісжегілік  қуыс  түбіне  аралық  төсем  қойды,  эмаль  мен 

дентинді кондиционермен өндеді, адгезив жағып, қуысты химиялық жолмен қатаятын тұрақты 

пломбамен толтырды, пломбаны жылтырату және тегістеу жүргізді. Емдеу барысында  қандай 

қателік жіберілді? 

18.

 

Бұл  патологияның  бірінші  қабылдауында  жансыздандыру,  тісжегі  қуысын  егеп  тазалау, 



кептіру,    емдік  төсем  және  уақытша  пломба  қойылады.  5-7  күннен  кейін  емдік  төсем 

ауыстырылып,  аралық  төсем  салынып,  уақытша  пломба  тұрақты  пломбаға    ауыстырылады. 

Қандай патологияда осындай  емдеу ұсынылады: 

19.


 

Науқас  20  жаста,  жоғары  жақтың  сол  жақ  тісіндегі  түнгі  уақытта,  ұстама  тәрізді,  өздігінен 

пайда  болатын    ауырсынуға,  ауырсынудың  тамақ  қабылдағанда  күшейетініне  шағымданып 

келді.  Ауырсыну  бір  күн  бұрын  кешкі  уақытта  пайда  болды.  Бұрын  тамақ  қабылдағанда 

ыңғайсыздық  мазалаған.  Ауыз  қуысында:    2.4  тістің  дистальды-шайнау  беткейінде  тіс 

қуысымен  байланысқан  терең  тісжегілік  қуыс,  зондтау  және  тітіркендіргіштерге  ауырады, 

перкуссияда ауырсынады, 2.4 түбір ұшы аймағындағы шырышты қабат өзгермеген. Мүмкін 

болатын болжамды диагноз: 

20.

 

Науқас 26 жаста, дәрігер-стоматологқа алдын ала қарау мақсатында келген. Объективті: 1.5, 



1.4,  2.5  тістерінің  вестибулярлы  бетінің  мойын  аймағында    деминерализация  ошақтарының 


аясында зондтаған кезде беткейі бұдырлау, кіреуке және дентиннің беткей қабат деңгейінде 

орналасқан  терең  емес  ақаулар  анықталады.  Термиялық  тітіркендіргіштерге  реакция  қысқа 

уақытты. ЭОД-4 мкА. Қандай аурумен салыстырмалы диагностика жүргізу керек? 

21.


 

Науқаста  стационарлы  ернінде  болуында  жоғарғы  еріннің  сол  жақ  аймағында  тығыз, 

ауырснатын  инфильтрат  бар,  ортасында  іріңді  өзек  байқалады.  Инфильтрат  үстіндегі  тері 

қызарған. Пальпациялауда бет көктамыры бойында тартпа анықталады. Диагноз қойыңыз 

22.

 

Анестезия  жасағанан  кейін  науқастың  ұрт  аймағының  ісіңуі  байқалады.  Стоматолог-хирург 



жоғарғы ақыл тіс жұлынды, суық басуды кеңес өтті. 3 күнен кейін жоғарғы жақ аймағында 

ауырсыну  пайда  болды,  ауырсыну  құлақ  және  самайға  таралады,  дене  температурасы 

көтерілді.  Қарау  кезіңде  құм  сағат  симптомы  бар.  Ауыз  ашылуы  шектеулі,  ІІІ  ші  дәрежелі 

контрактура. Жоғарғы жақ азу тістерінің өтпелі қатпарда жедел ауырсыну бар. Жоғарғы ақыл 

тіс ұяшығында қан ұйығы бар. Болжамды диагноз қойыныз. 

23.


 

Стоматологиялық  емханада  науқас  төменгі  жағының  екінші  моляр  артында  қатты  тұрақты 

шайнағанда  үдейтін  ауырсынуға  шағымданып  келді.  Ауыз  қуысы  ашылуы  шектеулі. 

Ауырсыну құлақ самайға беріледі. 3.8 тістің медиальды бұдыры көрінген. Рентгенограммада 

3.8 тіс вертикальды бағытта. Ем тактикаңыз таңданыз 

24.


 

Науқас  төменгі  жақтың  дене  аймағындағы  жыланкөздің  болуына  шағымданып  келді. 

Жыланкөзде грануляциялы іріңді бөлініс бар. Төменгі жақ денесі қалыңдаған. Бір ай бұрын 

стационарда  төменгі  жақтың  жедел  одонтогенді  остеомиелиті  диагнозымен  жатқан. 

Рентгенограммада  жаңа  түзіліс  сүйек  тінінің  ортасында,  яғни  шекарасы  анық  сүйек  тінінің 

резорбция ошағы төменгі жақ негізінде орналасқан. Емдеу тәсілін таңдаңыз? 

25.

 

Науқас көз алмасына берілетін жоғарғы жақтың ауырсынуына шағымданып жақ-бет бөліміне 



келді; мұрынан бөлініс бөлінеді, ауырлық сезімі,басының ауруына, дене температурасы 40˚ С, 

иіс  сезім  төмендеуі,  әлсіздік,  дімкәстікке.  Анамнезінен  –  2  күн  бұрын  ұрт  аймағында  ісіну, 

мұрынының  бітелуі,  басының  ауыруы.  Ұрт  және  көз  асты  аймағы  ісінген.  Терісі  өзгеріссіз. 

Үлкен түбірлі тістер аймағының ауыз қуысы кіреберісінің шырышты қабаты қызарған, ісінген. 

Пальпация ит шұңқыры аймағында ауырсынбалы. 2.6 тіс сауыты 1/3 бұзылған, перкуссия 2.5, 

2.6, 2.7 тістер ауырсынбалы. Сіздің емдеу тәсіліңіз? 

26.

 

Науқас стоматологиялық  емханаға алынып тасталынған 2 оң жақ жоғары азу тіс қуысының 



аймағында  үдемелі  ауырсынуына  шағымданып  келді.  Тісі  келгеннен  3  күн  бұрын  жұлып 

тасталынған. Жергілікті қарау кезінде: оң жақ жоғары 2 азу тіс қуысы қан ұйындысына толы, 

қабыну белгілері жоқ,дәрігер пальпациялағанда альвеоланың вестибулярлы беткейінде үшкір 

жиек анықтады. Қандай болжамды диагноз қоюға болады? 

27.

 

Науқас  В.,  45  жаста,  ауруханаға  оң  жақ  ұрт  аймағының  фиброма  диагнозымен  келді.  Ем 



тағайындаңыз:  

28.


 

Науқас А., 25 жаста. Шағымы: жоғарғы сол жағының ауырсынуына. Объективті: жоғарғы сол 

жағынаң  жұмсақ  тіндерінің  ісігіне  байланысты  беттің  ассиметриясы.  Ауыз  ашылуы 

ауырсынады.  26  тістің  сауытының  ½  бөлігі  бұзылған,  өтпелі  қатпар  тегістелген,  қызарған, 

ісінген. Пальпация ауырсынады. Хирургиялық емдеу әдісін таңдаңыз:    

29.


 

Науқас  А.,  37  жаста.  Диагноз:  Жоғарғы  жақ  синусы  түбінің  перфорациясы.  Ороантральды 

байланысудың пластикасы үшін құрылған таңдай қиығының орналасуын таңдаңыз: 

30.


 

Ауруханаға жағдайы ауыр 18 жастағы науқас алыс ауылдан келіп түсті. Анамнезін анықтау 

мүмкін болмады. Қарау кезінде: оң жоғары және төменгі қабағының ісінуі және гиперемиясы. 

Экзофтальм,  хемоз,  көз  алмасын  басқанда  ауырсыну  байқалады.  Рентгенограммада  жоғары 

жақтық қойнауда қараю анықталды. Оперативті жолдың қай түрі мүмкін? 



31.

 

Вартонов  өзегіндегі  тасты  алып  тастау  үшін  дәрігер  тіл  жансыздандыпуын  жасады.  Өзекті 



тастың  арт  жағынан  қоршаған  тіндерімен  бірге  тікті.  Тастың  үстіндегі  шырышты  қабықты 

тіліп,  тасты  алып  тастаған  соң,  жараны  қабатымен  тігіп  шықты.  Дәрігер  қандай  қателік 

жіберді? 

32.


 

22 жасар еркек клиникаға жарақат алғаннан 1,5 айдан соң ауызының дұрыс ашылмайтынын, 

бетінің пішінсізденгенін шағымдап келді. Тексеру барысында бет терісінің түсі өзгеріссіз, сол 

жағынан бет сүйегі аймағының тегістелуіне байланысты беті асимметриялы. Көз шарасының 

төменгі қырында баспалдақ белгісі анықталады. Сол жағынан көз асты аймағы мен мұрынның 

қанаты жансызданған. Осы клиникалық жағдай үшін төмендегі тәсілдердің қайсысы шипалы 

болады? 

33.


 

Науқас  А.,  39  ж  қабылдау  бөліміне  төменгі  жақтың  оң  жақ  аймағының  ісінуіне  және 

ауырсынуына,  ауызын  ашқанда,  тамақ  тістегенде  ауырсынуына  шағымданып  келді. 

Анамнезінен: 2 сағат бұрын бөтен біреулерден соққыға жығылып жарақат алған. Есі анық, құсу 

жүрек  айнуы  жоқ.  Төменгі  жақтың  тік  және  бүйір  проекциясындағы  ренген  суретінде  оң 

жағында  36  тістен  өтетін  сынықтары  ығыспаған  сынық  байқалады.  Емдеу  жоспарын 

анықтаңыз? 

34.


 

Науқас  23  жаста,  бет-жақ  ауруханасының  қабылдау  бөліміне  мына  диагнозбен  келіп  түсті: 

төменгі жақтың екі жақтық сынығы, сүйек сынықтарының ығысуымен: 4.4 және 4.5 тістердің 

арасында және 3.8 тіс бойымен. Тістесу бұзылған. Емдеу жоспары қандай? 

35.

 

Жас ер кісі жарыс кезінде жарақат алды. Қарау кезінде-жоғары орталық күрек тіс-қуысында, 



қозғалмалы,  ұстағанда  ауырсынады.  Тіс  аймағында  шырышты  қабат  қызарған.  Дәрігердің 

тактикасын анықтаңыз: 

36.

 

Науқас мына диагнозбен: жақасты аймағының одонтогенді флегмонасы. Хирург шұғыл түрде 



операция жасады. Ошақты кесуге мүмкін болатын тиімді жолды таңдаңыз: 

37.


 

Пародонтта лоскутты операциялар әдісіне не жатады? 

38.

 

Жоғарғы еріннің шиқаны диагнозы қойылған науқаста көздің бұрышының ішкі аймағын сипап 



тексергенде  инфильтрацияланған  тіннің  ауырсынған  тяжы  анықталады.Қандай  асқынудың 

пайда болғанын болжауға болады? 

39.

 

Науқас  А.,иекасты  одонтогенді  флегмонасы  диагнозы  қойылған,хирургиялық  ем  кезінде 



кесуді қай жерден жасайды? 

40.


 

23 жастағы науқас,қабылдау бөліміне төменгі жақтың екі жақты сынығы, жылжымаған оң жақ 

ангулярлы,4.8 тістің ұрығы арқылы мен 3.5-3.6 тістердің арасындағы денесінің жылжуымен 

сипатталатын  диагнозбен  келіп  түсті.  Қарап  тексеру  кезінде:  3.5  тістің  перкуссиясы 

ауырсынбайды,  3.6  тістің  перкуссиясы  ауырсынады,  3.6  тісте  тереңгі  кариес  қуысы  бар. 

Рентгенограммада  3.6  тісте  мезиальді  түбірдің  ұшында-тегіс  емес  контурларымен 

периапикальді  тіндердің  сорылуы  байқалады.  Мынау  сызығы  бойындағы  тістерге  қатысты 

дәрігердің тактикасы қандай? 

41.

 

28 жастағы науқастың 4.4 тісі жоқ және 4.5 тісінде 1 дәрежелі қозғалғыштық бар.  Курляндский 



одонтопародонтограммасына  сәйкес  альвеолярлы  бөліктің  сүйек  тінінің  атрофиясы  түбір 

ұзындығының  ¼  аз  болған  кезде  алынбайтын  шина  протез  қолдану  көрсетілген,  тиімді 

ортопедиялық конструкцияны таңдаңыз: 

42.


 

.  Оксман  И.  М.-нің  шайнау  коэффициенті  статистикасына  сүйеніп,  қандай  бүйір  тістер 

болмаған  кезде  тірек  тістерге  артық  күш  түсірмей  металдыкерамикалы  көпіртәрізді  протез 

жасауға болады: 




43.

 

Қандай асқынудың алдын алу үшін, алынбайтын конструкцияға арнап тістердің окклюзионды 



беткейін егегенде егеу биіктігі тістің сауыт бөлігінің 1/3 биіктігінен аспауы қажет: 

44.


 

Ұсақ  дәнді  алмазды  борлармен  эмальдің  кедір-бұдыр  беткейін  қалыптастыру  және  тіс 

беткейінің резистентті қабатын алып тастау не үшін жүргізіледі: 

45.


 

.  28  жастағы  науқасқа  «Төменгі  жақ  денесінің  жалған  буыны»  диагнозы  қойылған.  Бір  ай 

бұрын Тигерштед шендеуішін 1,5 аптаға салып ем жүргізілген. Анамнезінде: науқас инсулинге 

тәуелді қант диабетімен ауырады. Жалған буынның пайда болу себебін атаңыз: 

46.

 

Науқас 30 жаста, химиялық фабрикада жұмыс істейді. Ортопед стоматолог дәрігерге тістерінің 



суыққа, тәттіге, ыстыққа сезімталдығының жоғарылауына,  алдыңғы тістерінің  эстетикалық 

ақауына шағымданып келді. Қарап тексергенде, төменгі фронтальді тістердің тіс сауыты 1/3 

биіктігіне төмендеген, альвеолярлы өсіндісі айқын, дентин деңгейіндегі тегіс беткейлі қажалу 

бар.  Жоғары  фронтальді  тістеріне клиникалық  талаптарға  сай  металсыз  керамикалық  сауыт 

орнатылған. Жасалған протездеу нәтижесіне қарап диагноз қойыңыз, ем жоспарын анықтаңыз: 

47.


 

Заманауи  кезеңде  жалған  сауытқа  қарағанда  қосындылардың  қандай  оң  тараптары  және 

артықшылықтары бар? 

48.


 

67  жастағы  науқастың  жоғары  жағында  тістердің  толық  болмауы.  Альвеолярлы  өсіндінің 

орташа  дәрежелі  бірқалыпты  атрофиясы,  аз  айқындалған  бұдырлар,  таңдайдың  орташа 

тереңдігі, айқын торус анықталды. Клиникалық диагноз қойыңыз: 

49.

 

Клиникалық  қабылдауда  қиюластыру  және  ауыз  қуысында  жоғары  және  төменгі  жаққа 



алмалы-салмалы пластинкалық протездің балауыз конструкцияларын енгізуде  беттің төменгі 

бөлігі ұзарған, еріндері қиын жанасады, бет қатпарлары тегістелген, сөйлегенде фронтальды 

тісер  арасында  саңылау  бар,  тістердің  тықылы  естіледі.  Бүйір  бөлімдерде  антогонирлеуші 

тістер  бірегей  және  тығыз  жанасады.  Дәрігер  қандай  қате  жіберді  және  оны  жою  әдістерін 

атаңыз: 

50.


 

Төменгі жақтың алдыңғы тістерінің 1 дәрежелі қозғалғыштығы бар және ошақты пародонтит 

бойынша комплексті ем алған науқастан Ribbond уақытша шендейтін конструкциясын шешу 

керек пе? Емді жалғастыру тактикасын ұсыныңыз: 

51.

 

Толық  алмалы  салмалы  протезді  дайындаудың  жақтардың  орталық  арақатынасын  анықтау 



кезеңінде,  науқастың  ауызы  жартылай  ашық  кезінде  жоғарғы  жақ  окклюзиялық  біліктің 

биіктігі  жоғарғы  еріннің  астынан  1-2  мм  төмен  түсірілмеген  және  «күлімдеу»  сызығы 

белгіленбеген. 4 клиникалық кезеңде қандай қателік анықталады; дәрігер тактикасы: 

52.


 

Дұрыс егелген тіске кобальт-хромды қортпадан жасалған  металдыкерамикалық сауыттың тар 

қалпақшасын кигізіп көру кезінде не жасау керек: 

53.


 

Көпір  тәрізді    протездің  тірегі  ретіндегі  металдан  жасалған  салманың  қалыңдығы  тістем 

биіктігін жоғарылататын болса, қандай асқынулар пайда болуы мүмкін: 

54.


 

30  жастағы  науқастың  3.3  тісі  жоқ.  Ақаудың  екі  жағында  орналасқан  тістер  әр  түрлі 

функционалдық топқа жатады. Қандай ортопедиялық құрылымды дайындау оңтайлы екенін 

анықтаңыз:// 

55.

 

Пластиналық протезді отырғызып көру кезінде оның еркін кигізілмеуінің себебі: 



56.

 

Доғалы протез каркасының жарамсыз болуының себебі: 



57.

 

Науқас  ортопедиялық  стоматология  емханасына  протез  асты  ауруына  шағымданып  келді. 



Объективті:  тірек  тіс  дистальді  бағытқа  қарай  қисайған,  протездің  аралық  бөлігі  шырышты 

қабатқа декубитальді  жаралап кіріп кеткен. Рентгенограммада:  тірек тіс мойынының 1/3  тіс 

ұяшығының  қабырғасының  жартысы  аймағында  периодонтальды  саңылау  бар.  Берілген 

мағлұматқа сүйеніп науқасқа қандай протез дайындалғанын анықтаңыз: 




58.

 

 Бюгелді протездегі тіреп-ұстап тұрушы кламмердің иығы тіс мойнында орналасса, протезге 



бейімделу кезеңінде науқастың өзі қандай асқынуларды жасауы мүмкін: 

59.


 

Толық  құйылып  жасалатын  сауыт  үшін  тіректі  тісті  егеп  болған  соң,  бекітілмеген  тістем 

кезінде қосқабатты жұмысшы және бірқабатты көмекші қалып алғаннан кейін не істеу керек: 

60.


 

Қалпақшаны  шақтап  кигізіп  көру  кезінде  дәрігер  қалпақша  мен  қызылиек  аралығындағы 

саңылауды байқады. Қалпақшаның қалыңдығы 0,4 мм, іш беткейі таза. Қалпақша тіс тұқылына 

толық, тығыз орналасқан. Дәрігердің іс-әрекеті: 

61.

 

Науқас    20  жаста.  Стоматологиялық  клиникаға  бет  эстетикасының  бұзылуына,  алдыңғы 



жоғарғы  күрек  тістер  дұрыс  орналаспауына  шағымданып  келді.  Жалпы  қарау  бағасы  –  бет 

симметриялы, беттің вертикальды мөлшерінің өзгеруі – ортаңғы бөліктің ұзарғаны және алға 

шығыңқы  орналасқаны  анықталды,  мұрын-ерін  қатпарлары  тегістелген,  иек  қатпары  әлсіз 

білінеді,  төменгі  жақ  бұрышы  айқын  емес,  тегіс.    Ауыз  қуысын  бағалау:  ауыз  кіреберіс 

тереңдігі шамамен 5-6 мм, шырышты қабат түсі фронтальды бөлікте өзгерген, төменгі орталық 

күрек тістер мойындары ашылған. Ауыз тістер қарым-қатынасы Энгльдің 2 класы, алдыңғы 

тіс  қатарлары  арасында  сагиттальды  саңылау.  Сагиттальды  саңылау  пайда  болу  себебін 

көрсетіңіз: 

62.

 

Науқас 20 жаста. Стоматологиялық клиникаға бет эстетикасының бұзылғанына шағымданып 



келді. Сырт қарау нәтижесінде: бет симметриялы, беттің вертикальді мөлшері өзгерген. Бетті 

антропометриялық  өлшеу  барысында  жүргізілген  өлшем  -  бастың  шаш  бөлігі  мен  маңдай 

аарлық  нүктеден  гнотион  нүктесіне    дейінгі  қашықтық  сагиттальді  жазықтықпен  қай 

параметрді анықтайды: 

63.

 

Ортодонттық  науқаста  төменгі  және  жоғарғы  тіс  доғаларының  аса  қысылуы  кезінде 



биометриялық жақсүйек үлгілерінде  Шмудт, Фусс и Шварц  әдістері жүргізілді. Осы әдістер 

арқылы анықталады:  

64.

 

22  жасар  науқас.  Ортодонт-дәрігерде  ортодонтиялық  емдеу  барысында,  жақсүйектері 



үлгілерінің  биометриялық зерттеу жүргізу барысында анықталғаны: жақсүйектерің апикальді 

тұғырының  қысылуы,  ІІ  дәрежелі  –  12  тіс  сауыттары  мезиодистальді  енінің қосындысы  39-

32%,  ұзындығы  37-26%,    төменгі  жақта  38-34%  және  36-31%  сәйкес.  Осы  жағдайда  Сіздің 

емдеу жоспарыңыз:   

65.

 

19 жасар науқас ортодонт-дәрігерге жоғарғы жақ тістерінің дұрыс орналпауына шағымданды. 



Науқас  ортопантомографиялық  суретке  жіберілді.  Ортопантомографиялық  суреттті  талдау 

барысында  оң  жақта  сүйір  тістің  дистопиясы  анықталды.  Сүйір  тістер  дистопиясы  кезінде 

олардың қатар тұрған тіске қарым-қатынасы және тіс қатарларына байланысты орналасуынан 

басқа нені ескеру қажет: 

66.

 

Бала 7 жаста. Профилактикалық қарау барысында беттік параметрлерінің өзгеруі байқалады, 



физиологиялық  тыныштық  жағдайында  төменгі  жақ  жоғарғы  жақтың  алдында  орналасқан, 

төменгі  жақ  бұрышы  айқын,  артқа  бұрылыңқы.  Беттің  төменгі  жақ  бөлігінің  қысқаруы 

себебінен  мұрын-ерін  және  иек  қатпарларының  айқын  екендігі  анықталды,  жоғарғы  ерін 

түсіңкі, еріндер күшсіз түйіседі, ауыз бұрыштары түсіңкі емес. Диагностикалық зерттеулерден 

кейін балаға тіс қатарларының мезиальды окклюзиясы диагнозы қойылды. Мына аппараттар 

арасынан  төменгі  жақ  сагиттальды  бағытта  өсуін  тежейтін  және  төменгі  жақ  бұрышының 

шамасын азайтатын  аппаратты таңдаңыз: 

67.


 

20  жасар  науқас  клиникаға  жоғарғы  фронтальді  тістердің  алға  шығыңқы  орналасуына 

шағымданып  келді.  Беттік  параметрлерді  бағалау  және  жалпы  қарау:  беттің  асимметриясы 

байқалмайды,  мұрын  негізі  айқын,  мұрын  қыры  тік,  мұрын  қанатшалары  функциональді 




тұрғыдан әлсіз. Беттің төменгі бөлігінің биіктігі физиологиялық тыныштық жағдайында 73 мм, 

орталық окклюзияда 68 мм, еріндер күшпен түйіседі, ауыз қуысы ашық, ауыз бұрышы түсіңкі 

емес. Тіс қатарлары окклюзиясы: жоғарғы бірінші азу тістер мезиальді ұрттық төмпешіктері 

төменгі  бірінші  азу  тістер  төмпешік  аралық  фиссурасында  жатыр,  сагиттальді  күрек  тістік 

жабылу ұлғайған, сагиттальді саңылау шамасы 10 мм, жоғарғы орталық күректістер алға қарай 

шығыңқы,  жоғарғы  ерінді  тарта  орналасқан.  Орталық  күрек  тістер  аралығы  2-3  мм  ашық. 

Төменгі жақ тіс қатары қалыпты, жоғарғы тіс қатары пішіні және мөлшері өзгерген, жоғарғы 

фронтальді тістер кескіш беттері 6 мм-ге вестибулярлы бағытта жылжыған. Алдын ала диагноз 

қойыңыз: 

68.


 

Қыз бала 5 жаста. Қыздың ата-анасы ортодонт дәрігерге балада үлкен бармақты сору, сөйлеу 

қызметінің  бұзылуына  шағымданып  келді.  Анамнезде:    созылмалы  тонзиллит,  ринит.  Сырт 

қарағанда - бет симметрилы,  беттің вертикальды мөлшерлері өзгерген – төменгі бөлік ұзарған. 

Төменгі  жақ  бұрышы  айқын  емес,  ауыз  жартылай  ашық,  еріндер  күшпен  түйіседі,  еріндер 

тонусы әлсіз. Объективті: ауыз кіре-беріс тереңдігі қалыпты, ерін және тіл асты үзбелерінің 

мөлшері және бекітілуі қалыпты. Тіс доғаларының пішіні қалыпты, тіс қатарлары толық, жас 

шамасына сәйкес 5.5 және 8.4 тісжегісі. Тіс қатарларының фронтальді бөлігінде вертикальді 

саңылау шамамен 3 мм. Баланың жасына байланысты емдеу әдісін таңдаңыз: 

69.


 

Дәрігер-ортодонтта  10  жасар  бала  –  тіс  қатарларының  трансверзальды  окклюзиясы 

диагнозымен  диспансерлік  санатта.    Ауыз  қуысында  6  ай  шамасында  алынатын 

функциональды аппарат тұр.  Функциональды аппараттардың бүйір тістер беткейлерін жауып 

тұратын және қарама-қарсы тістер іздерінсіз болатын элементтін атаңыз: 

70.


 

. Науқас 21 жаста. Эжуайз-техника көмегімен ортодонттық ем барысында. Ортодонттық емдеу 

барысында  тұрақты  тістесу  кезеңінде  тістерді  үш  бағытта  ығыстыру  үшін  қолданылатын 

алынбайтын ортодонттық қондырғының элементін атаңыз: 

71.

 

 7 жасар қыз бала дәрігер-ортодонтта ортодонттық ем алуда. Ауыз қуысында: тіс қатарлараның 



фронтальді  бөлігінде  күрек  тістік  кері  жабылу.  Бүйір  тістер  қарым-қатынасы  Энгльдің  І 

классы. Науқас ауыз қуысында төменгі  жаққа ылди жазықтығы, вестибулярлы доғасы және 

тірек  кламмерлері  бар  алынатын  аппарат  киеді.  Жоғарғы  алдыңғы  тістерді  вестибулярлы 

бағытта жылжытатын комбинирленген ортодонттық апараттың түрін таңдаңыз: 

72.

 

10 жасар балада күрек тістік қарым-қатынас І класс бойынша, бет құрылысының ерекшелігі 



толық жетілмеген ІІІ класқа келеді, беттің вертикальді мөлшерлері үлкейген, бет эстетикасы 

қанағаттандырарлық. СТЖБ патологиясы жоқ. Жұмсақ тіндер жағдайы: ерін функциясы әлсіз, 

төменгі ерін тыныштық жағдайда жоғарғы күрек тістер алдында орналасқан, еріндер тонусы 

орташа. Ауыз қуысын  бағалау:  ауыз кіре-берістік тереңдігі 5-6 мм, ерін үзбелері  – жоғарғы 

ерін үзбесі альвеолярлы өсіндінің ортаңғы деңгейінде бекітілген, төменгі ерін үзбесі қысқа – 

төменгі күрек тістер мойындары ашық. Жоғарғы тіс қатарының формасы – трапеция тәріздес, 

жоғарғы  алдыңғы  тістердің  орналасу  ауытқулары  тіс  қатарының  формасы  –  кіші  азу  тістер 

маңайында  қысылған,  төменгі  тіс  доғасында  тістер  топтасып  орналасқан  және  жоғарғы 

тістердің  топтасып  орналасуы  жоғарғы  доғаның  ротациясы  1.3.  ұрттық  орналасуы.  Жақ 

сүйектері үлгілерінде биометриялық зерттеу жүргізілді. Науқаста жоғарғы жақ тіс доғасының 

алдыңғы  бөлігінің  сагиттальді  бағыттағы  ұзындығын  анықтайтын  биометриялық  әдісті 

таңдаңыз://         

73.

 

Жасөспірім 14 жаста. Ауыз қуысын қарау кезінде жоғары бірінші тұрақты азу тістің алдыңғы 



мойындық  бұдырының  төменгі  аттас  тістің  алдында  болуы  анықталды.  Болжамды  диагноз 

қандай? 



74.

 

Жоғарғы  жақ  4  күрек  тістерінің  сауыттарының  мезиодистальді  мөлшері  абсолютті 



макродентия болады, егерде олар шамасы болса:    

75.


 

Бала 12 жаста. Бойы ұзын емес, екі бұғанасының да гипоплазиясы, шығыңқы маңдай, беттің 

ортаңғы  аймағы  түскен.  Ауыз  қуысындағы  барлық  тістер  уақыта,  атипті  формалы  бірінші 

тұрақты алдыңғы азу тістер бар. Қосымша зерттеу әдісін таңдаңыз: 

76.

 

Науқас 12 жаста. Сөйлеудің бұзылысына шағымданады, аузы жартылай ашық. Науқаста тіс 



қатарларын қараған кезде 6 мм сагиттальды саңылау анықталды. Фронтальды жоғарғы тістер 

төменгі алдыңғы тістерді толығымен жабады. Ауыз арқылы тыныс алады. Бала төменгі ернін 

тістейді. Алғашқы диагнозы:  

77.


 

Бала 5 жаста. Стоматологтың бала – бақшада профилактикалық тексеруі кезінде, тіл үзбесінің 

тәжі  айқын  білінеді,  тіл  ұшына  жақын  орналасқан  және  оның  қозғалысын  тежейтіні 

анықталды. Болжамды диагноз: 

78.

 

Бала 6 жаста. Бір жыл бойы түнгі уақытта иектік сақпан қолданады, бірақ нәтижесіз. Сыртқы 



қарау кезінде астыңғы еріннің аздап шығуы байқалады. Ауыз қуысында тремалар, тіс қатары 

жартылай  дөңгелек  тәрізді,  фронтальды  тістердің  кері  бөгелуі.  Бүйір  тістерінің  қатынасы 

бұзылмаған. Болжамды диагноз:  

79.


 

Бала  5  жаста.  Алдын  ала  қарау  кезінде  жұтыну  қызметінің  бұзылғаны  анықталды.  Жұтыну 

сынамасы  "оймақ"  белгісімен  оң.  Жұтыну  қызметінің  бұзылуында  клиникалық  қай 

бұлшықеттің қызметі бұзылған? 

80.

 

Жақ  үлгілерінде  алдын-ала  брекеттерді  позициялау  сосын  жапсыру  келесі  ауыз  қуысына 



көшіру әдістері қалай аталады? 

81.


 

Бала  1,5  жаста.  Анасы  жоғарғы  күрек  тістердің  мойыны  тұсында  түсі  өзгеше  дақтарды 

байқаған.  Анамнезде:  бала  шала  туылған,  ана  сүтін  ембеген,  жасанды  сүтті  қорек  еткен.  1 

сатылы  рахитке,  орта  дәрежелі  диспепсияға  шалдыққан.  Ауыз  қуысында:  күрек  және  ит 

тістердің мойыны тұсында кіреуке жылтыры жоқ, бұлдыр. Сүңгімен тексергенде түсі өзгерген 

аймақтардың беті кедір – бұдырлы. Алдын-ала диагноз қойыңыз.  

82.

 

Бала 11 жаста. Шағымы жоқ. Ауыз қуысында 1.6 тіс түсі өзгерген, тамақ қалдықтарына толы 



кариес қуысы бар. Түбір өзектерін сүңгілегенде аздап ауырсынады. Бұзылған тіндерді алғанда 

жағымсыз  иіс  бөлінеді.  Перкуссия  ауырмайды.  Рентгенограммада:  түбірлер  толық 

қалыптасқан, түбір айналасындағы тіндерде паталогиялық өзгерістер жоқ. Диагноз қойыңыз.  

83.


 

Бала 3 жаста. Жоспарлы тексерілу кезінде 8.5 тістің шайнау бетінде терең қуыс бар. Жұмсарған 

дентинді  алғаннан  кейін,  сүңгілеу  кезінде  қуыс  тіс  қуысымен  қатысатыны  және  ұлпанын 

ауырсынуы мен қанағыштығы анықталды. кп=6. Алдын-ала диагноз қойыңыз 

84.

 

Тұрақты тістердегі дақ сатысындағы тісжегіде жүргізіледі: 



85.

 

Бала 12 жаста. Тістерінің ұсқынсыздығына шағымданады. Ауыз қуысында 1.4 1.3 1.2 1.1 2.1 



2.2  2.3  тістер  бор  тәріздес  түсті,  жылтыры  жоқ.  Кіреукеде  қоңырқай  түсті  дақтар  бар. 

Дақтардың орта тұсында дөңгелек пішінді диаметрі 1,5мм кіреуке ақаулары анықталды. Ақау 

түбінде қоңыр түс қоюлана түседі. Диагноз қойыңыз.  

86.


 

Бала 3 жаста. Шағымдары: жоғары жақтың күрек тістерінде тамақ қабылдағанда ауырсынуы. 

Бірнеше күн бойы мазалаған. Анамнез: бұрын емделмеген. Обьективті: кп=8, ГИ–1,2. 6.1 тіс 

1/3  бөлігінде  бұзылған,  эамльі  нәзік,  дентин  ақшыл,  иілгіш.  Зондтауда  қуыс  тіс  қуысымен 

байланыспаған,  ауырсынусыз.  Перкуссияда  ауырсынады,  І  дәрежелі  қозғалмалылық 

анықталады. Шырышты қабаты қызарған, Т-тітіркедіргішке реакция жоқ. Ем жүргізіңіз: 




87.

 

Бала  10  жаста.  Ауыз  қуысында:  4.6  тісте  қуыс,  сауыттық  пульпа  некротизирленген,  канал 



сағаларының зондтауы ауырсынусыз. Рентгенограммада: түбірі 3/4 ұзындығына қалыптасқан. 

Екі түбірінде де сүйектің ыдырау ошақтары айқын емес жиектермен. Ем жүргізіңіз: 

88.

 

Балаларда шынайы патологиялық қалтаны анықтайтын тәсілді көрсетіңіз: 



89.

 

Балаларда сілекей бездері ауруларының асқыну және ремиссия мерзімдері тән: 



90.

 

7  жасар  бала,  ол  судағы  фтор  мөлшері  2мг/л  аймақта  тұрады.  Балаға  ауыз  қуысының  жеке 



гигиенасы үшін не тағайындау қажет: 

91.


 

7  жасар  балаа  жарақат  салдарынан  1.1,  2.1  тістердің  тіс  сауыттары  сынып,  ұлпасы 

жалаңаштанғануы кезінде рациональді емдеу әдісін тандаңыз: 

92.


 

11-айлық баланы кеңес алуға бағыттаған. Анасының айтуынша, қатты таңдайының шырышты 

қабатында  жара  бар.  Бала  мезгіліне  жетпей  туған,  жасанды  тамақтанады.  Ауыз  қуысында 

қатты таңдайдың жұмсақ таңдайға өту жерінде терең жара көлемі 1,2* 0,6 см., жара беті сары-

сұр қақпен жабылған. 

93.


 

Бала  тістерінің  шыға  салысымен  косметикалық  ақауға  шағым  айта  келді.  Қарағанда  тістері 

қалыпты  көлемде,  пішінде,  түсі  де  қалыпты.  Барлық  тістерінің  кіреуке  бетінде  жүлгелер 

хаотикалы  орналасқан,  әр  түрлі  қырлы  болып  көрінуі.  Рентген  көріністе  тіс  қуысы  мен 

түбірлерінде өзгеріс жоқ. Сіздің диагноз: 

94.


 

2  жастағы  бала  жедел  ауырды.  Дене  температурасы  38  С.  Обьективті:  жағдайы  орташа 

ауырлық  дәрежеде.  Бет  терісінің  ауыз  қуысы  аймағында  және  еріннің  қызыл  жиегінде 

көпіршіктер  топтамасы  анықталды.  Жақасты  аймағында  екі  жағынан  да  ұлғайған,  тығыз, 

ауырсынатын  лимфа  түйіндері  пальпацияланады.  Лимфа  түйіндері  үстіндегі  тері  қызарған, 

қатпарға жиналады. Флюктуация анықталмайды. Болжамды диагноз: 

95.

 

Табиғи тамақтандыруда жүрген 6 айлық бала. Анасы қызының соңғы уақытта тынымсыздығын 



және омыраудан бас тартуын байқаған. Объективті: еріннің және тілдің шырышты қабатының 

қызару  көрінісінде  ақшыл  ірімшік  тәрізді  қақтар  бар,  қырғанда  жеңіл  алынады.  Қандай 

фармакологиялық дәрілер қолдану керек:   

96.


 

Анасының  айтуы  бойынша  8  жастағы  баланың  тісінің  бұзылуына  байланысты,  ауызынан 

жағымсыз  иіс  шығады.  Қарау  кезінде  5.5  тіс  қуысы  ашылған,    ұлпасы  қою  сұр  түсті  және 

жағымсыз иісті, терең зондтау кезінде ауырсыну байқалады. Рентгенограммада тұрақты тістің 

ұрықтану  процесімен  бірге  тіс  түбірі  ұшылық  аймағында  деструктивті  өзгерістер  бар  екені 

анықталды. Қандай емдеу әдісін пайдаланған дұрыс: 

97.

 

13 жастағы бала  ыстық тағам әсерінен және түнде ауруының күшеюінен 4.7 тістің солқылдап 



ауруына  шағымданды.Объективті  түрде  қарағанда  ГИ-2,0,  КПУ-2.  4.7  тісінің  шайнау 

беткейінде  терең  кариозды  қуыс  бар,  зондтау  кезінде  тістің  түбі  түгелдей  ауырсынады, 

перкуссия кезінде де ауырсынады. Қосымша әдіс жүргізіңіз: 

98.


 

Периодонттың күшәнмен(мышьяк) улануын  немен тоқтатуға болады 

99.

 

9  жасар  бала.  Обьективті  қарағанда  фронтальді  тістердің,  вестебулярлы  бетінде  бор  тәрізді 



сызықтар байқалады, аймағында ішетін суда, фтор құрамы 2,5 мг/л. Диагноз құрыңыз: 

100.


 

11  жасар  бала  дәрігер-стоматологқа  қаралды.  6  күн  бұрын  футбол  ойнаған  кезде 

жарақат  алған.  Тіс  түсіп  қалған,  ата-анасынан  қорыққанынан  көмекке  жүгінбеген.  Қарап 

тексергенде:беті симметриялы, тері жабындысы өзгеріссіз.Ауыз қуысында 1.1 тіс жоқ.Түсіп 

қалған  тістің  орны  жартылай  эпителизацияланған.Шырышты  қабат  өзгеріссіз.  Дәрігер  –

стоматолог қандай болжамды диагноз қойған? 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет