№4 мектеп Тақырыбы: С. Сейфуллиннің “Ақсақ киік” өлеңі



Дата31.07.2017
өлшемі13,12 Kb.
#22416
  • №4 мектеп
  • Тақырыбы:
  • С.Сейфуллиннің “Ақсақ киік” өлеңі
  • 5 “ә” сынып
  • Пән мұғалімі: Мұқанғалиева М.
  • 2011-2012 о/ж
    • Сабақтың мақсаттары:
  • 1. Ақын жайлы мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу, “Ақсақ киік” өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
  • 2. Отансүй-гіштікке, тіл, сөз өнерін және табиғатты қадірлеп, қастерлей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
  • 3. Шығарма-шылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау.

Сабақтың жүру барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі
  • Үй тапсырмасы
  • а) сауалнама
  • Жаңа сабақ
  • а) ақынның өмірі, шығармашылығы
  • ә) “Ақсақ киік” өлеңін оқу, талдау
  • б) сөздікпен жұмыс
  • Сабақты бекіту
  • а) “Кім көп біледі?” ойыны
  • Үйге тапсырма
  • Бағалау
  • Сауалнама
  • Жамбыл қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
  • а) 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысында;
  • ә) 1846 жылы Әулиеата өңірінде;
  • б) 1847 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында.
  • 2. Жамбылдың әкесінің аты кім?
  • а) Жанбай; ә) Жанай; б) Жаппа.
  • 3. Жамбылдың шығармасы:
  • а) “Сұраншы батыр”; ә) “Сағындым”; б) “Қыс”.
  • 4. Жамбылдың ұстазының есімі кім?
  • а) Абай; ә) Шашубай; б) Сүйінбай.
  • 5. Өтеген батырдың еліне тапқан жайлы, шұрайлы жері ?
  • а) Қызылорда; ә) Жиделібайсын; б) Қазығұрт.
  • 6. Жамбыл қай жылы, қанша жасында қайтыс болды?
  • а) 1945 жылы 99 жасында;
  • ә) 1946 жылы 100 жасында;
  • б) 1947 жылы 101 жасында.
  • "Үш бәйтерек"

1894 жылы Қарағанды облысының Нілді деген жерінде дүниеге келген. Толық есімі – Сәдуақас. Қазақ жаңа әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер.

  • 1894 жылы Қарағанды облысының Нілді деген жерінде дүниеге келген. Толық есімі – Сәдуақас. Қазақ жаңа әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер.
  • Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыды. Омбыда қазақ жастары ашқан “Бірлік” қауымы басшылары-ның бірі болды. 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен сабақ берді. Кешікпей Ақмола қаласына ауысып, “Жас қазақ” революциялық ұйымын құрды, “Тіршілік” газетін шығарысты, үш айлық педкурсқа оқытушы болды.
  • 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші онкүндігіне қатысты. Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, шығармашылық еңбегіне 20 жыл толуы кеңінен мерекеленді.
  • Ақын 1937 жылғы “зұлмат тырнағына” жазықсыз ілігіп, 1938 жылы 25 ақпан күні “халық жауы” ретінде ату жазасына кесілді.
  • Бүгінде Алматыдағы даңғылдардың бірі Сейфуллин есімімен аталса, астанада ескерткіш орнатылып, педаго-гикалық институтқа, облыстық кітапханаға , көшеге есімі беріліп, мұражай ашылды. Ол туралы С.Мұқановтың “Сәкен Сейфуллин” пьесасы, Ғ.Мүсіреповтың “Кездеспей кеткен бір бейне” повесі, поэмалар, әдебиеттанушылық зерттеулер жазылды.
  • Сәкен Сейфуллин
  • Жазушы
  • Қоғам
  • қайраткері
  • Драматург
  • "Үш бәйтерегі-
  • міздің" бірі
  • Ақын
  • Сазгер
  • 1928 жылы
  • “Тұрмыс толқынында”
  • поэтикалық жинағы,
  • “Жер қазғандар” повесі
  • Шығарма-
  • шылығы
  • 1924 ж. “Ақсақ киік” өлеңі,
  • “Домбыра” атты
  • поэтикалық жинақтары
  • 1918 ж. “Жас қазақ
  • марсельезасы”
  • 1914 жылы
  • “Өткен күндер”
  • атты тұңғыш
  • өлеңдер жинағы
  • 1925 ж “Аққудың айырылуы”,
  • 1926 жылы “Экспресс”
  • поэтикалық жинағы
  • 1917 жылы “Асығып тез аттандық”, “Кел, жігіттер” өлеңдері, “Бақыт жолына” пьесасы, “Жұбату” атты прозасы
  • 1920 ж “Асау тұлпар” өлеңдер жинағы, “Қызыл сұңқарлар” пьесасы
  • 1934 жылы
  • “Көкшетау” поэмасы,
  • “Қызыл ат” дастаны
  • 1933 ж “Альбатрос”
  • поэмасы,
  • 1927 жылы
  • “Тар жол тайғақ кешу”
  • тарихи романы

“Бірлік” қауымы басшыларының бірі;

  • “Бірлік” қауымы басшыларының бірі;
  • 1917жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен сабақ береді;
  • “Жас қазақ” революциялық ұйымын құрады;
  • “Тіршілік” газетін шығаруға ат салысады;
  • Үш айлық педкурсқа оқытушы болады;
  • 1917 жылы Ақмола Совдепінің президиум мүшелігіне сайланады;
  • 1920-1936 жылдары Ақмола атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі;
  • Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасы Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі;
  • “Еңбекші қазақ” газетінің редакторы;
  • Халық ағарту комиссарының орынбасары;
  • Қызылордадағы халық ағарту институтының директоры;
  • “Жаңа әдебиет” журналы басшысы;
  • Қазақтың Мемлекеттік институтының доценті,
  • “Әдебиет майданы” журналының редакторы;
  • Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры.
  • Еңбек жолы:
  • Сөздікпен жұмыс
  • Сегіз көштік – ұзындық өлшемі
  • Таңы – жануардың сұлу мүсіні
  • Қос – шатыр, күрке
  • Бетеге, баялыш – шөп атаулары
  • Бекіту. "Кім көп біледі?"
  • С.Сейфуллин ______жылы____________________дүниеге келген.
  • Сәкеннің шын есімі - _______________________
  • “Ақсақ киік” өлеңі __________жылы жазылған.
  • Киік - _______________жануар, бөкен ________________жануар.
  • Сегіз көштік - ________________________екен.
  • Бұл өлең ______буынды ________________________құрылған.
  • Өлеңде көркемдегіш тәсілдің бір түрі ________________кездеседі.
  • С.Сейфуллин _______жылы _____жасында жазықсыз жаланың құрбаны болады.
  • Үйге тапсырма
  • 1. Өлеңді мәнерлеп оқу, үзінді жаттау.
  • 2. “Біз – табиғат сақшысымыз” атты ойтолғау жазып келу.
  • Назар қойып
  • тыңдағандарыңызға
  • рахмет!!!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет