№4-тақырып: «Ақтау. Қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу»
Тәжірибелік сабақ-2-1 сағат
№ 1 есеп
2017 жылғы 30 желтоқсан мен 31 желтоқсан түні Стокин А.В., 10.11.2004. және Пискунов 12.10.2005. Қарағандыдағы «1000 мелочей» дүкенінен 180 мың теңге көлемінде бөтеннің мүлкін ұрлаған.
2018 жылдың 2 қаңтарында жоғарыда аталған күдіктілер ұсталды. Кәмелетке толмағандардан жауап алу кезінде, Стокин наркологиялық диспансерде тіркелгендігі және Пискуновтың психоневрологиялық диспансерде тұрғаны анықталды.
Тергеу бөлімінің бастығы тергеушіге қылмыстық іс қозғалмағаны үшін қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдауға нұсқау берді, себебі Стокин мен Пискунов қылмыстық жауаптылыққа тарту жасына толмаған.
Жағдайды бағалаңыз. Тергеу бөлімінің бастығының нұсқауы дұрыс? Алдын ала тергеудің жалпы шарттары сақталды ма? Сіз тергеушінің орнына қалай әрекет етер едіңіз? Азаматтық құқық — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес, жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.
Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңестірілген Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру.
Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.
Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.
Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.
Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.6.).
Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.
Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс диспозитивті деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді.
Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі және бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.
Зиянның орнын толтыруға құқылы екенін тануға негіз болатын қылмыстық процессті жүргізуші органдардың заңсыз әрекеттері.
Aзаматтың құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру үшін меншікке байланысты қатынастарды, оның ішінде мүліктік қатынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі қатынастарды реттеу негізінде енгізілген.
6-бапта:
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс,
Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықырын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
Жep мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтың-құқықтық қатынастардың негіздері, азаматтық құқықтың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.
Басқа да заң актілері.Өңдеу
Бұған азаматтық қатынастарды реттейтін арнайы конституциялық заңдар мен жай заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар және жай заң күші бар жарлықтары, парламенттің және оның палаталарының қаулылары, т.б. жатады.
Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілер.Өңдеу
Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілерге әр түрлі министрліктердің, атқарушы органдардың, жергілікті органдардың азаматтық қатынастарды реттеуге арналған нормативтік құқықтық актілері жатады.
Әдеттегі құқықтар.Өңдеу
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 3-бабының 3-тармағында: «Азаматтық қатынастар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуі мүмкін» деп көрсетілген.
Халықаралық шарттар (конвенциялар).Өңдеу
Қазақстан тәуелсіз ел ретінде басқа мемлекеттермен әр түрлі шарттар жасасып жатады. Осы шарттардың азаматтық қатынастарды реттеуге қатыстылары азаматтық құқықтың негіздерінің бірін құрайды. Халықаралық шарттардың еліміздегі ішкі заңдарға қарағанда басымдылығы бар. Сол себепті ішкі заңдар халықаралық заңдарға қайшы келмеуі керек. Егер қайшылық туып жататын болса, халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.