4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты ƏТН3.Фразеологизм, мақал-мəтелдердің эмоционалды
мəнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану
Т/А2.Əлеуметтік-қоғамдық, оқу –еңбек тақырыптарына
байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью,
пікірталас, жаңалық, əн, көркем əдеби шығармалардан
үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мəселені талдау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Фразеологизм, мақал-мəтелдердің көркемдік ерекшеліктерін ажыратады
• Сөйлемде тиімді қолданады
• Мəтіндегі көтерілген мəселені анықтайды
• Автордың көзқарасына өз пікірін білдіреді
• Диалогке қатысады
Орындау уақыты 30-35 минут
1.Тапсырма
.Төмендегі соғыс, жеңіс тақырыбындағы тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мəтелдерді
қолданып, өз ойыңызды білдіріңіз.
Найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғау, рухы көтерілу, жүрек жұтқан, жүрегінің
түгі бар, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман, бейбітшілік аспаны, қан майдан, жау
жүрек Б.Момышұлы: «Ерлік – ердің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті», - деген.
2. Тапсырма
Мəтінді мұқият тыңдап, негізгі мəселені анықтаңыз. Автордың көзқарасын
ажыратып, өз пікіріңізді диалог арқылы білдіріңіз.
Бал ашамын деп бəлеге қалған…
Дастарқан басында соғыс жайында əңгіме қозғалды. Əркім əртүрлі естіген
оқиғаларын айтып жатты. Кенет төрде отырған бір ақсақал:
– Мен сендерге бір əңгіме айтайын, – деді. Бəріміз əлгі кісіге қарап елең еттік. – Бұл
өзі бұрын-соңды айта қоймаған сырым еді, – деп жалғады ол сөзін. – Қазір соғыстың
аяқталғанына да пəленбай жыл өтті ғой. Сондықтан бізді ешкім тергеп, қудалай
қоймас…
…Бұрынғы Ворошилов колхозынан бес жігіт бірге əскерге аттандық. Алдымен
ауданға, сонан соң облысқа апарды. Облыс орталығынан эшелонға отырғызып батыс
жаққа алып бара жатты. Бүгінгідей бөлек-бөлек жатар орны бар вагон қайда?! Кинода
көрсетіп жүргендей ағаш вагон. Пойыз да жай жүреді. Əр станцияға тоқтап, су аламыз.
Берген тамағын талғажау қыламыз. Екі-үш күннен кейін пойыздан кісі жалығады екен.
Арамызда бізден ересектеу, əр нəрседен хабары бар, қағылез Əбдібек деген жігіт болды.
Ішіміз пысқаны сондай бір кезде əлгі Əбдібекке:
– Сен бал ашшы, совет жеңе ме екен, неміс жеңе ме екен? – дедік. Əбдібек
құмалақты шашып кеп жіберіп:
– Жаудың беті қатты. Күші басым. Біздің жеңуіміз қиын болады-ау! – деді.
Кешке бəрімізді вагон-штабқа шақырды. Болған оқиғаны айна-қатесіз біреу
жеткізіпті. «Мұны сендерге кім үйретті? Неге совет əскерінің жеңетініне күдік
келтіресіңдер? Араларыңда жаудың тыңшысы бар шығар?» - деп, ал тергеудің астына
алсын келіп. Орысша да жөнді білмейміз ғой. Сұрақтың бірін түсінсек бірін түсінбейміз.
«Солай құмалақ аштырғанымыз рас», - деп мойындаудан басқа амал қалмады. Содан не
керек, «Совет елінің неміс фашистерін жеңетініне күмəн келтіріп, жауынгерлердің
арасына іріткі салып жүр», - деген айып тағып, Əбдібекті вагоннан түсіріп алып қалды.
Қалғандарымыз да майданға жеткенше көзге түрткі болып, қатаң бақылауға алындық.
Артынан естідік, Əбдібек байғұсты əскери трибуналдың үкімімен соттап жіберіпті. Сол
күйі қайтпады.
критерийі
№
тапсырма
Дескриптор
Балл
Білім алушы
• Фразеологизм, мақал-
мəтелдердің көркемдік
ерекшеліктерін ажыратады
• Сөйлемде тиімді қолданады
• Мəтіндегі көтерілген
1
.• Фразеологизм, мақал-мəтелдердің
көркемдік
ерекшеліктерін ажыратады
1
мəселені анықтайды
• Автордың көзқарасына өз
пікірін білдіреді
• Диалогке қатысады
• Сөйлемде тиімді қолданады
1
Өз ойын жүйелі жеткізеді
2
2
мəтіндегі көтерілген мəселені
анықтайды;
2
• Автордың көзқарасына өз пікірін
білдіреді
Диалог жазады
1
2
Барлығы
9
Дескриптор Білім алушы
- фразеологизмдер мен мақал-мəтелдерді орынды қолданады;
- өз ойын жүйелі жеткізеді.
79