«5-6 жасар балалардың ойын арқылы сәйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау техналогиясы бойынша құзыреттілікті дамыту»



Дата10.10.2020
өлшемі18,89 Kb.
#64407

«5-6 жасар балалардың ойын арқылы сәйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау техналогиясы бойынша құзыреттілікті дамыту»

Зерттеу мақсаты: 5 – 6 жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуға, құзыреттілікті меңгертуге бағытталған теориялық материалдар жинақтау, практикалық әдіс – тәсілдерінің тиімділігін тексеру.
Зерттеу міндеттері: Жоғарыда көрсетілген зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді шешуіміз керек деп таптық.
- «Сәйлеу тілі », «ойын» ұғымдарының теориялық сипатын анықтау;
- Ойын арқылы сөйлеу тілін дамытуды ұйымдастыру жолдарын анықтау
және негіздеу;
- Мектепалды даярлық тобы сабағында ойнақылы сөйлеу тілін дамытуға
және сыни тұрғысынан ойлау техналогиясы бойынша құзыреттілікті меңгертуге байланысты жұмыс тұрлерін қолданудың тиімді жолдарын белгілеу;
Зерттеу болжамы: Егер даярлық тобында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылса төмендегідей жетістіктерге жетуге болады;
- Бүлдіршіндердің ақыл – ойы кеңейеді;
- Өз бетімен еңбектену, іздену, жаңа нәрсені ойлап табу, талпыну
қабілеттері ашылады;
- Логикалық ойлауы, ой – белсенділігінің артуы;
- Өзін – өзі бағалай білуі, өздігінен жетілу дағдылары қалыптасып
дамыйды;
- Интеллектуалды ойлау қабілеті дамиды;
- Белгілі бір іс әрекетті – орындағанда жігерлі еңбек етуі
шығармашылық тапқырлығы үстей береді;
Зерттеу әдістері:
- Педагогикалық және психалогиялық әдебиеттерді талдау;
- Бастауыш мектеп мұғалімдерінің озық іс – тәжірибелерімен танысып, зерттеу, байқау;
- Педагогикалық эксперемент жүргізу;
- Әр – түрлі мәтінмен, сюжетті суретке әңгіме құрау әдістерін қолдану;
- Әңгіме сауал сұрақтар, байқау, салыстыру;
- Құзыреттіліктің бастапқы негіздерін қалыптастыру;
- Педагогикалық эксперемент нәтижелерін ғылыми тұрғыдан
қорытындылау.

Болашақ ұрпақтың танымдылық белсенділігін дамыту ақыл – ой тәрбиесінің бір міндеті ретінде күш бүгінге дейін күн тәртібіне түспей келеді. Ақыл – ой тәрбиесінің бұл аспектісі баланың ойлау операциясының, танымдық процестерінің және қабілетінің дамуына тікелей байланысты. 6-7 жастағы баланы оқу – тәрбие процесінде дамыту мәселесінде басты рөлді ең алдымен баланың өздігімен әрекеті және танымдық белсенділігін атқарады. Ғалымдар С.Л. Рубинштейн, Д.П. Годовикова, Т.А. Куликова, А.И. Сорокинаның еңбектерінде 6-7 жастағы балалардың білуге құштарлығының, танымдық қызығушылығының, коммуникативтік сұрақтары, түрткісінің дамуы танымдық белсенділігінің көрсеткіштері ретінде атаған. А.П. Усова өзінің «Балабақшадағы оқыту» атты еңбегінде мектепке дейін балалардың оқу әрекетіндегі танымдық белсенділігіне байланысты үш деңгейге бөлген теориясын басшылыққа алуды ұсынады.


6 – 7 жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамыту балабақшадағы педагогтардың үлесіне тиіп, ұйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан бүгінігі күні тәрбиеші – педагог мамандарына түпкілікті білім берумен қатар, кәсіби іс – әрекетінің ғылыми негіздерін практикалық қолдануға, практикалық біліктілік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде.
Ең басты талап - баланың бақыты мен тағдырына жауапкершілікпен қарап, дене, физиологиялық, психологиялық даму зандылықтарын түсіну. Балабақша педагогы өзін жай ғана тәрбиешімін деп қарамай, жалып мәдениетін және кәсіби біліктілігі мен даярлығын жетілдіру қажет. 6 – 7 жастағы балалардың психологиялық ерекшелігі қоршаған ортадағы дүниені танып білсем деген қызығушылығы басым болып келеді. Баланың өзіндік ішкі позициясы қалыптасып және екі қажеттілігі; екіншісі белгілі бір әлеуметтік қатынасқа байланысты қажеттілігі.
Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, сабақта педогог – тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым – қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші – педагог алдында тұрған ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап, баланың мінез құлқын, сана – сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әрі дамытып отыру керек. Сондықтан осындай ерекшелігін ескере отырып, оқу – тәрбие процесін жүргізу қажет.
Тәрбиеші – педагог – мектепалды жастағы балалардың танымдық, белсенділігін қалыптастыруда, оның көзін ашуда басты тұлға. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру мәселесі жоғары деңгейде шешіліп, оқытудың жаңа техналогиялары енгізіліп, сапалы нәтижелер байқалып отыр.
Сонымен бірге, оқушылардың танып, білуге, қабілетін дамытуға, өз пікірін еркін айтуға шығармашылығын дамыту арқылы іске асрылады.
Сыныптан тыс жұмыстарды көптеп қатыстыруға, ойландыруға мүмкіндік туады. Оқушылар мен студенттердің танымдық қызығушылығын дамыту мақсатында танымдық ойындар қолданудың маңызы зор.
Ойын дегеніміз –жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл – күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын – төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, іздемпаздылықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай – ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндік бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бірі. Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытта пайдалану – үлкен нәтиже берері анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын – тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшандыққа, дәлдікке т.б ғана тәрбиелеп қоймайды, оның ақыл – ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық, қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.
В.А. Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар оты.
Ұлы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырды. Ойын баланың өмірін қызыққа, қуанышқа бөлуін қамтамасыз ету үшін - ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушлығын тәрбиелейді – деп қарастырады.
Ойынды зерттеу мәселесімен педагогтар мен психологтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар т.б әсіресе өнер қайраткерлері түрлі саладағы ғалымдар ерекше шұғылданған. Біздің қарастырып отырғанымыз – танымдық ойындар. Танымдық ойындардың түрлері көп. Мысалы, сөз жұмбақ, сөз - тізбек, кроссворд, викторина, психологиялық жаттығулар, логикалық есептер, тренинг, тест т.б Танымдық ойындардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделене түседі. Адам бойындағы қызығушылығын, қабілеттерін арттыруға, білімін шыңдауда танымдық ойындардың алар орны ерекше. Адамның танымы биіктеген сайын, дүниеге көзқарасы да кеңейе түседі.
Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай – қасысы да адамға, оның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт оындары.
Ойын да халық педагогикасының құрамды бір бөлігі. Адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп, осы ойынның аталып жүруі де жайдан – жай емес. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайларына байланысты тауып, дамығанына қазақ, халқының ұлттық, ойындармен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді.
Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай, әр алуан болып келеді. Дегенімен халық ойынының неше алуан түрлерін туғызып қана қойған жоқ, соны іс жүзіне қолданып, оның тәрбиелік, білімдік жақтарын да көре білді.
Уақыт - мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай, әрі озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттер жүктеп отыр. Бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз ерекшелігі бар. Халқымыз терең мағыналы дана сөзін «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы» деп тауып айтқан. Еңселі ел болып, ана тілін, ата-салтын, дәстүрін қайта түлетуде. Жаңарған елге, жаңа тіл заңы және тұжырымдамалар мен бағдарламалар тәрбие жүйесіне жаңаша көзқарасты ұрпақ; тәрбиелеуді талап етуде.
Жастарды жаңа заманға сай тәрбиелеу үшін, ұстаздар қауымы оқу тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану керек. Сондай оқу – тәрбие негіздерінің бірі – ұлттық ойындарымыз.
Ол – сандағы ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Қазақтың ұлттық ойындары: ойын – сауық, тұрмыс – салт ойындары, дене шынықтыру, спорт ойындары және оймен келетін ойындар болып бөлінеді. Ұлт ойындары сонымен қатар ауыз әдебиетінің бір саласы болып есептеледі.
Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей – тегжейлі білуді баланың санасын ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан – жақты дамымақ емес бала отбасы тәрбие және өзін қоршаған ортамен тығыз араласа отырып, ана тілін үйренеді. Мектеп табалдырығынан алғаш аттаған балаларға ана тілін оқытудың тиімді әдістеріне ерекше мән берілуі тиіс. Ана тілі сабақтарында ойынды ұтымды пайдалану сондай әдістерге жатады. Ойын арқылы оқу процесін жандандырып, сабақтын сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын – бірден –бір таптырмайтын құрал.
Оқушылардың жалпы оқу деңгейін көтеру және олардың қажетті практикалық білімін, біліктілігін, әдетін, тәртібін, әлеуметтік тәжірибесін қалыптастыру мақсатында әртүрлі пәндер енгізіліп, олардың әрқайсысының өз бағдарламасы бар екені бәріне мәлім. Сондай пәннің бірі – тіл дамыту пәні.
Ал, қазақ хылық педагогикасында саусақ ойыны ұрпақтан – ұрпаққа қалған мәдени шығармашылық болып табылады. Қазақ халқы саусақ ойын арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттырарын білген. Саусақ ойнын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан – жануарларды, құстарды, ағаштарды бейнелей алады.
Ойын адамның өміртанымының алғашқы қадамы.
Ойын – бір қарағанда қарапайым құбылыс немесе әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық, әрекет. Ойынның ережелер ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір – біріне деген сыйластық қажеттіліктермен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір – біріне деген сенімін арттырады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ал, ақыл - ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ересек сезім түрлерін де дамытады. Ойын түрлері көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарында пайдаланатын: ойын – сабақ, ойын – жаттығу, сергіту ойындар, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан – жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Оқу үрдісінде кеңінен қолданатын ойынның тағы бір түрі ол – дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта – ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік дағдыны қалыптастыру.Дамытушы ойындарға қойылатын бірнеше талап – оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
а) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
ә) баланың басқалармен жарыса білуге қалыпстастыру:
б) білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету;
в) ойын барысында балаға жаңа білім, білік дағдылардың қайнар көзіне жету;
г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік, дағдылармен сәйкес келетіндегі.
Осы көрсетілген сұраныстардың ішінде балалардың танымдық әрекеттерін дамытуда әсіресе кейіңгі 3 бөлімнің маңызы зор. Дамытушы ойындардың ішінде оқушылардың өздері қолдан жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше.
Өйткені, өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілімен олардың түрлі қабілеттері: конструкциялық, музыкалық, ұйымдастырушылық т.б. қасиеттері дамиды.
Сабақты біріңғай әдістермен жүзеге беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет