5-7 сыныптарға арналған математика пәнінен факультатив жоспары
Тақырыбы: Математиканың сан сырлары Түсінік хат
Қазақстан Республикасы - инновациялық даму бағытындағы ел. Сондықтан елімізге жоғары санатты мамандар қажет. Дамудың инновациялық жолы жаңаша ойлауды, алдағыны жоспарлауды, жаңа идеялар мен технологияны болашақта қажет етеді. Осының бәрін елімізде өсіп келе жатқан жеткіншектерден күтіледі.
Мектеп мұғалімдерінің басты мақсаттарының бірі – оқушылардың өзі дамуы үшін пәнге қызығушылығын туғызу. Осы мақсатқа жетудің бір жолы-математикалық үйірмеге оқушылардың қатысуы.