№5 жағдайлық есеп
52 жасар А. есімді пациентті гинекологтың профилактикалық тексеруі кезінде айнамен қарау барысында сыртқы аранның айналасында өлшемі 3-5 мм ашық-қызыл түсті түйіршікті беткей анықталады.
Кольпоскопия жүргізілді: анық қызыл түсті шар тәрізді емізікшелердің шоқ тәрізді жинақталуы.
3 % сірке қышқылымен сынама: зақымдалған беткей бозарады, жүзім шоғырын еске түсіреді.
Cұрақтар:
Болжамды диагноз қойыңыз.
Сіздің пациентті жүргізу тактикаңыз.
Жатыр мойнының псевдоэрозиясы.
Патологиялық өзгеріске ұшыраған жерден (биопсия) кішкентай тері үлгісін алу керек. Себебі онкологиялық типтік жасушалардың болмауын қадағалау.
Одан әрі ем жоспары жүреді:
Дәрі-дәрмексіз емі -- термиялық күйдіру, Криодеструкция, (Лазерокоагуляция) лазер, сұйық азот және т.б.
Дәрі-дәрмекті емі: Қабынуға қарсы терапия: 1. бактериоскопиялық жəне бактериологиялық зерттеулер деректерімен сəйкес жалпықабылданған сұлба бойынша жатыр мойыны мен іншектің еріп жүруші қабыну процессін жою.2. Гормондық түзету.
Достарыңызбен бөлісу: |