6 ер балалар тобының тәрбиешісі Л. О.Қадыржанованың тәрбие жұмысына есебі



Дата24.05.2017
өлшемі44,33 Kb.
#17022
6 - ер балалар тобының тәрбиешісі

Л.О.Қадыржанованың

тәрбие жұмысына есебі.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жетім балалар мен ата- анасының қамқорынсыз қалғанбалаларға арналған № 2 Қостанай түзету мектеп- интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәрбие жұмысы нормативті- құқықтық құжаттар негізінде жүргізіледі.
Топта 8 тәрбиеленуші бар. Оның ішінде:

4- жасар- 27

5 жасар- 20
Топтың негізгі міндеттері:

1.     Балалардың денсаулығын қорғау;

2.     Балаларды ерте жастан әлеуметтендіруді қамтамасыз ету. Өзіне өзіне қызмет кқрсету дағдаларын бекіту, тәрбиеленушілерді тұрмыстық міндеттерді орындауға бейімдей отырып еңбекке құштарлығын қалыптастыру;

3.     Әр баланың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, балалардың  ақыл- ой, адамгершілік, дене бітімі, эстетикалық, эмоциялық, танымдық қабілеттерін дамыту.

4.     Балаларды күтуді, қарауды ұйымдастыру.

5.     Балалардың дамуындағы ауытқуларды уақытында түзету.

6. Жеке тұлғаның ықпалдастық қалыптарын дамыту;

7. Жауапкешілік, жинақылық, адал ниетті, бағынушылық, өмірдегі сан қилы жағдайцларға бейімделуін қалыптастыру;


Топ Мемлекеттік стандартқа сейкес жаңа жиһаздармен, ойыншықтармен, техникалык жабдықтармен, бұйымдармен жабдықталған. Күн тәртібі тәрбиеленушілердің психологиялық және жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылған. Сабақ оқыту, ұйықтау, 5 мезгіл тамақтандыру, қыдыру, ойнату- балалардың жақсы дамуына әсер етеді.

Топтарда табиғат бұрышы, көркемдіқ- эстетикалық, ойлау, сөйлеу орталықтары безендірілген.

Тәрбиелеушілер топтарда жайлы жағдай жасауға тырысады. Тәрбиелеушілермен оқу жылынының басында жылдық жүмыс жоспары құрылды. Онда педагогтардың педагогикалық шеберліқтерін жоғарылатуға бағытталған мерекелік іс-шаралар, ашық тәрбие сағаттары, жазылған.. Оқыту процесінде тәрбиелеушілер балаларды туған елдің табиғатымен, үлкендердің еңбегімен, еліміздің маңызды күндерімен таныстырады, Отанға, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді.

Тәрбиеші төмендегі көрсетілген міндеттері бойынша жұмыс істейді:

1.     Баланың денсаулығы мен психологиялық жағдайын жасау.

2.     Танымдық қабілетін дамыту.

3.     Шығармашылық қабілетін дамыту.

4.     Шығармашылық қиялын дамыту.

5.     Коммуникативті дағдыларын дамыту.

6. Қоршаған ортаға бейімдей отырып, олардың бойындағы кемшіліктерді түзеу.

Әр тақырыпта ойындар, еңбек туралы, кейбір тақырыптарда мерекелер бар.Тәрбиеленушілерді отаншылыққа тәрбиелеу бойынша жұмыс олардың физикалық тәрбиесімен байланысады (денсаулықтарына).

Қазақстанның болашақ азаматтары күшті, мықты болып өсу керек. Тәрбиелеушілер айына 1 рет дене шынықтыратын жаттығулар, мерекелер өткізеді. Күн сайынғы таңертеңгілік жаттығулар, ойындар балалардың денсаулықтарын күшейтеді, шыңдандырады.

Біздің тәрбиеленушілер үшін жетекші-ойын қызметі болып табылады. Балалар ойын ойнаған кезде (тәрбиелеушілердің басшылығымен) білімдерін бекітеді. Мектеп психологы сөйлеуі қиын балалармен түзету (коррекциялық) жұмысын жүргізеді. Педагогикалық процесте мұғалімдермен байланыста болу керек

Жазғы «Алтын гүл» сауықтыру кезеңіне мерекелік іс-шаралардың жоспары құрылған

Қыркүйек. «Қайырымды бол», «Өз денсаулығыңды қалай күту керек», «Гүлдей жайна, Қазақстан!» атты шаралар өткізілді.Онда оқушыларды қайырымдылыққа тәрбиелеп, денсаулықтарын күтіп, салауатты өмір сүру керек екендігі жарияланды. Сонымен қатар Отансүйгіштік қасиеті тәрбиеленді.

.

Қазан. Күз кереметтері өзіндік таным сабағы өтті. Мақсаты: Баланы айналаны танып білуге жыл мезгілдерінің айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету. «Жолда жүру ережесін сақтау», «Өрт өзінен өзі пайда болмайды», «Өнер таусылмас азық», «Халық тілі оның жан айнасы» тақырыбына тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.



Қараша. «Біз бәріміз бір отбасымыз», «Ас атасы – нан», ЖИТС мен күрес» тақырыптарына әңгіме өткізілді. «Мен өз елімді сүйемән» тақырыбына» тәрбине сағаты өткізілді. Мақсаты: балаларды өз елін сүйіп, нанды қастерлеп, жанұя мүшелерін сыйлап, денсаулық сақтауға бейімдеу.

Желтоқсан Тәуелсіздік тұғырым атты ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: балаларға тәуелсіздік ұғымын таныстыру., түсіндіру. Еліміздің жерін, байлығын қорғауға үйрету. Ұлттық мақтаныш сезімін ояту.

Әдептілік Әдемілік атты таным сабағы болды. Сабақтың мақсаты: баланың үйде, көшеде, қонақта өзін- өзі қалай ұстау керектігі үйретіледі. Сыпайылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

«Нашақорлық індет», «Салауатты өмір сүру- үлкен бақыт» тақырыбтарына әңгіме өткізілді.

Қаңтар. «

Ақпан.


Наурыз.

Сәуір.


Мамыр.
.

Тәрбиелеушілердің жүйелі жұмыс істеулерінің арқасында тәрбиеленушілер ұйымшылдыққа үйренуде, оқу қызметінің дағдылырын меңгеруде, бағдарламаларды игеруде.
Каталог: uploads -> doc -> 07d3
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07d3 -> Оқулық беті Әлеуметтік- тұрмыстық ая 33сағат «Мен және менің отбасым»-5сағат
07d3 -> Сабақтың тақырыбы: Диктант «Қоштасу» Сабақтың мақсаты: Білімділік
07d3 -> Сабақ жоспары (мұғалімнің аты-жөні) Пәні: математика
07d3 -> Сыныбы: 2 «Г» І. Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет