6 ортаңғы топтың серуенге арналған конспектісі



Дата07.03.2022
өлшемі14,01 Kb.
#134557
түріКонспект
Байланысты:
6 топ серуен
ааа, Кошакан тобы

6 ортаңғы топтың серуенге арналған конспектісі.
Серуен
Күнді бақылау.
Серуеннің мақсаты: Күн энергиясынның адамдар, өсімдіктер және жануарлар өміріне әсер етуі туралы білімдерін бекіту.
Міндеттері: Табиғаттағы маусымдық өзгерістермен таныстыруды жалғастыру. Балалардың көктем туралы түсініктерін кеңейту.
-Айналадағы дүниенің заттарымен құбылыстарының өзіне тән белгілерін байқау, талдау, салыстыру,ажырату қабілеттерін, танымдық қызығушылығын,ойлауын,дене белсенділігін дамыту.
-Жансыз табиғат құбылыстарына, тазалыққа, қызығушылықтарын арттыру.
Серуеннің құрлымы:
1.Бақылау.
2.Ойындар.
3. Балалардың қимыл-қозғалыс, дене қасиеттерін дамыту бойынша жеке жұмыс.
4. Балалармен аулада еңбек.
5.Дербес ойын әрекеті.
Керекті құрал-жабдықтар:күннен қорғайтын көзәйнек,қолшатыр,тырмалар шелектер,қалыптар, суреттер.
1. Бақылау барысы:
Қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем) Бүгін ауа-райы қандай?
Көркем сөз:
Төбесінде даланың ,
Төбесінде қаланың
Аяғы жоқ жүреді,
Езуі жоқ күледі.
Тәрбиеші: Балалар өлеңде не жайлы айтылған ?
Балалар: Күн жайлы
Тәрбиеші: Күн биікке көтерілген сайын, күн жылы әрі ұзақ болады.
Күннің жылуынан қар ериді, жер жылиды, шөптер өсе басттайды.Ағаштар бүршік жарады, одан кейін жапыраққа айналады.
Күн қайда тұрады? (аспанда)
Күннің түсі қандай? (Сары) Пішіні ше? (Дөңгелек) Күннің бізге қандай пайдасы бар? (Жарық , жылу береді) Күн қандай болады? (Ыстық, жылы, ашық,үлкен, дөңгелек)
Күн қай жақтан шығады? (шығыстан)
Күн қай жақтан батады? (батысқа батады)
Күн бізді не істейді? (жылытады)
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, күн сәулелерін жіберіп, бүкіл жерді жылтады.
Тәрбиеші: Дұрыс, күннен бәріміз жылынамыз!
Тәрбиеші:Балалар, қане күнге назар аударайық, күннің қаншалықты жарқыраған жарығына және оған қарау өте қиын! Тек күннен қорғайтын көзілдіріктермен сендер жарқыраған күнді еркін аздап көре аласыңдар, ол сендердің көздеріңді қорғайды.
Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр»
Тәрбиеші:Балалар, енді біз сендермен «Күн мен жаңбыр» ойынын ойнаймыз
Ойынның мақсаты: Балаларға табиғат құбылыстарын сезіне білуге үйрету. Балалардың қимыл-қозғалыс, жылдамдықтарын дамыту.Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
Ойынның барысы:Бір бала күн, 2-ші бала жаңбыр болады. Күн болып тұрған бала «Күн»деп орнынан тұрғанда балалар жүгіреді,ойнайды. «жаңбыр» деп екінші бала орынан тұрады қолшатырдың астына жасырынады.
Жеке жұмыс: «Күн шуақ» ойыны:Сурет бойынша күншуақтың (күлімсіреп,ренжіп, көңілсіз, қорқып, қуанып, жылап тұрғандағысын салады.
Зерттеу қызметі: 1. Тапсырма:Ауладағы күнге қызған заттарды табу. Оның неден жасалғанын айту.Ағаш, пластмасса, металл заттарға қол тигізіп қарау қайсысын көп күн қыздырады? Қай зат тез ысиды?
Қорытынды:Ақшылға қарағанда, қара зат тез ысиды)
2. Тапсырма:Алдымен қандай заттар қызады?
Қорытынды: (Алдымен темір зат қызады)
3.Тапсырма:Ағаштың көлеңке жағымен күн түсетін жағын ұстап көру.
Қорытынды: (Күн түске жақ жылы, ал көлеңке жағы суық, салқын)
Ауладағы еңбек әрекеті:
Мақсаты ұжымдық жұмысты ұйымдастыру, еңбек дағдыларын жетілдіру.
Дидактикалық ойын:«Көмекшілер»
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, күн ренжіп, бұлттың астына тығылғысы келеді Нелітен деп ойлайсыңдар?( балалардың жауаптары) Мұның бәрі біздің ауладағы қоқыстарды байқап, бізді жалқау балалар деп ойлағандықтан.Ауладағы бұтақтар мен қиыршық тастарды жинаймыз. Қараңдаршы енді біздің ауламыз
Тап—таза болды. Сендер балалар күшті,мүлдем жалқау емессіңдер, еңбекқорсыңдар.
-Жарайсыңдар балалар!Керемет жұмыс жасадыңдар! Қазір біздің ауламыз таза болды.
Балалармен дербес ойын әрекеті:
(Құмсалғышта ойнауға көшпес бұрын, тәрбиеші көмекшісімен бірге құмға су құю керек)
Тәрбиеші:Балалар мен сендерге күнге құмнан сыйлық жасауды ұсынамын. (Балалар құмды салатын қалыптарды алып күнге сыйлық жасайды)
Кіріспе сұрақтар:
-Балалар есімізге түсірейікші қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем) Неліктен сыртта жылы? (Күн жарқырайды және жылтады)
-Қандай күн? (Дөңгелек, ашық, сары, үлкен,)
-Күнге не ұқсайды? (Доп)
(Ойыннан кейін тәрбиеші көмекшісінің көмегімен балалардың қолын жауамын)
Серуеннің қысқаша мазмұны:
Тәрбиеші: Балалар серуеніміз аяқталды, біздің топқа жиналатын кез келді.
-Бүгін жаңа не білдік?
-Сендерге бүгін көбірек не ұнады?
-Сендердің тағы қандай ойын ойнағыларың келеді?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет