6-сынып. «Су-тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқушының аты-жөні ____________________________________________________________
Сыныбы ______________ Уақыты «___» __________2021 ж.
1.Мәтінді мұқият оқып,берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.(3ұпай)
Қазақстандағы өзен-көлдер
Қазақстандағы ең ұзын өзен-Ертіс.Оның ұзындығы төрт мың шақырымнан да көп,соның ішінде 1400 километр бойы Қазақстан аумағымен ағады.Тарбағатайдың солтүстік баурайын,Сарыарқаның солтүстік шығысын,Ресей жерінде Батыс Сібір жазығы мен Шығыс Орал етегін қамтиды.Бұл өзен Алтайдың батыс беткейінен бастап Қара Ертіс деген атаумен басталып,Зайсан көліне құяды.
Ұзындығы жағынан екінші орында тұрған өзен-Жайық.Оны орыстар «Орал» өзені деп атайды.Ол Оңтүстік Орал баурайынан басталып,Каспий теңізіне құяды.Бұл өзенде кеме жүзеді.Онда балықтың ішіндегі бекіре сынды аса құнды балық түрі бар.Ертістен екі есе кіші өзен-Сырдария.Жолы Қызылқұм үстінен өтеді.Бір кездері бұл өзеннің жағасында ежелгі қалалар мен қоныстар болған.Іле өзені ұзындығы жағынан Сырдариядан сәл-ақ кіші.Іле өзені Тянь-Шянь тауларынан бастау алатын Текес және Күнгес өзендерінің қосылуынан пайда болып,Балқаш көліне құяды.Осы өзендермен аса күрделі бағыттар өтеді.
Балқаш көлі-бір ғажайып көл.Оның батыс бөлігі тұщы,шығысындағы бөлік тұзды судан тұрады.Жіңішке жылғалармен өзара жымдасып жатады,осы жылғаның кеңдігі сегіз метр. Зайсан көлі өзінің әдемі көркімен ғана атақты емес,бұл жерде оның даңқын реликт деп аталатын,қадім заманнан қаз-қалпында сақталып қалған тіршілік түрлері арттырып тұр.Шөл,шөлейт жерлерде,сортаң,құмды аймақтарда болатын тораңғылар осында.Олар ерте замандарда,бұдан миллион жыл бұрын Қазақстан аумағында өскен,содан сақталып келеді.Басқа еш жерде жоқ.
1)Ертіс өзені қай көлге құяды және Қазақстанның қай жерлерімен ағып өтеді екен?
2)Сырдария мен Іле өзенінің ерекшеліктері неде деп ойлайсың?
3)Балқаш көлі неліктен ғажайып көл деп айтылады?
2.Есімдіктерді түрлеріне қарай топтастырып жаз.(3ұпай)
Кейбіреу,нешеу?күллі,қалай?біреу,әрбір,тегіс,қай?кімдер?барша,әлдене,
бірнеше,қайсыбір,қалайша?бірдеме.
Белгісіздік есімдіктері
|
|
Жалпылау есімдіктері
|
|
Сұрау есімдіктері
|
|
3. Салт етістік пен сабақты етістікті қажет ететін сөздеріне қарай топтастыр және құраған сөз тіркесіңді қатыстырып сөйлем құрастыр. (4ұпай)
Оқы, сана, хабарлас, кел
4.Ырықсыз етіс жұрнағын жалғап,етістіктерді дұрыс жаз.(2ұпай)
Ел намысы ... (қорғау),аң терісінен шаңғы ...(жасау),аяғына коньки ...(байлау),олимпиадада бақ ... (сынау), жеңіл атлетикаға ... (қабылдау), бірнеше дүркін жеңімпаз ... (аталу).
Достарыңызбен бөлісу: |