6В01701- қазақ филологиясы және әлем тілдері



Дата06.02.2022
өлшемі16,41 Kb.
#81373
Байланысты:
лаура 2 білім беру


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
6В01701- қазақ филологиясы және әлем тілдері
Орындаған:Нұрболат Лаура Жанболатқызы
Тақырыбы: Педагогикалық білім берудегі дәстүрлер мен инновациялар
Білім беру саласында мұғалімдерге қойылған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп, жаңартып отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда, ХХI ғасыр технологиялардың жаңарған уақыты болғандықтан, оқытушылар да интерактивті технологияларды жиі қолданып қана қоймай, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпал жасайды.Жалпы білім беру саласының бағыты- оқу үрдісін технологияландыра отырып, сапалы білімнің нәтижесін көру. Бұрынғы кезде оқушы ақпаратты мұғалімнен тыңдап, жинақтаушы болса, қазір әр оқушы өздігінен білім алып, жан-жақты болуы қажет.Инновация — жаңалық, жаңару, өзгеріс деген мағына береді. Инновация құрал және процесс ретінде жаңа өзгеріс енгізу деген сөз.Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Білім беру жүйесіндегі инновация дегеніміз білім сапасын жаңартуды көздейді, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдіс-тәсілдерін, қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату мен енгізу мектепті басқарудың жаңа технологияларын әзірлеу, мектеп тәжірибелік орын ретінде мектептің принципі жаңа білімділік бағдары мақсатын, мазмұнын, әдісін түрлері мен басқа компоненттерін көздейтін жүйелі сипаттама білім мен тәрбие беруді көздейді. Инновациялық қызмет оқу үдерісін дамытуға, пәндерді терең меңгеруге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға, басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану – біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда. Қазіргі заман талабына орай, әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтарға қарағанда, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды болары сөзсіз деген пікірмен толықтай келісуге болады. Мұғалімнің айтқанын өзіне қайталаудан гөрі, оқушыларды іздендіре отырып, ой-пікірін тайсалмай айтуға ұмтылдыру баланың ойлау қабілетін дамытады. Яғни жаңа технология қарыштап дамып жатқан қоғамда инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі мол. Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар: дамыта отырып оқыту әдістемесі;,, оза отырып оқыту ; іс-әрекетті бағалау ; тірек және тірек конспектілері; модульдік оқыту технологиясы; саралап оқыту; шоғырландырып қарқындап оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап оқыту технологиясы, т.б. Қоғамның даму қозғалысы мен оның қазіргі заманғы сипаты психолог, педагогтар мен білім беру саласындағы барлық мамандар алдына жаңа міндеттер мен мақсаттарды қояды. Қазіргі кездегі ақпараттық қоғам білім беру орындарының алдына:
- Өз бетінше керекті білімін ала алатын және оны практика жүзінде қолдана алатын;
- Өз бетінше сынмен ойлауға, нақты жағдайда туындайтын мәселелерді көре білетін және оларды шешу жолдарын іздей алатын;
- Ақпаратпен сауатты жұмыс істеуге қабілетті;
- Әр түрлі әлеуметтік топтарда, ұжымда жұмыс істей алатын;
- Өзінің өз бетінше ой – өрісін, мәдени деңгейін дамыта алатын қабілетті мамандарды тәрбиелеуді талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Оқу құралы. Алматы: Жазушы, 2004.

  2. http://bilimdiler.kz/surak/index.php?qa=ask&follow=524&cat=123


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет