7 соөж тапсырмалары



бет1/2
Дата29.11.2022
өлшемі16,56 Kb.
#160281
  1   2
Байланысты:
7,,


7 СОӨЖ
Тапсырмалары:
Сөздердің қолдану аясына қарай бөлінетін түрлері
Қазіргі қазақ лексикасының қолданылу өрісі ( таралу шеңбері), стильдік қызметі жағынан әр түрлі болып келеді. Сөздердің қолданылу сипатына қарай жіктелетін түрлері үш салаға бөлініп қаралады:
1. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері.
2. Сөздердің стильдік мәніне байланысты түрлері.
3. Сөздердің актив және пассив түрлері. Қазақ тіліндегі сөздердің бәрі жалпыхалықтық сипатта емес, кең таралған жалпыхалықтық сөздерден басқа , қолданылу өрісі тар сөздер де бар.
Осыған байланысты сөздер қолданылу өрісі жағынан өз ішінде екі топқа бөлінеді:
а) жалпылама лексика,
ә) қолданылу өрісі тар лексика. Жалпылама лексика адам баласының күнделікті күн көріс тіршілігіне ең қажетті заттар мен құбылыстарға қатысты жалпы танымал сөздерді қамтиды.
Диалект, говор деп халықтың, я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз. Әрбір тілдің сөздік құрамында жалпылама ортақ лексикамен қатар ғылым мен техниканың, өндіріс пен шаруашылықтың әрбір саласына телінді арнаулы сөздері де болады. Термин сөздер деп ғылым мен техниканың, мәдениет пен шаруашылықтың түрлі салаларында қолданылатын арнаулы сөздерді айтамыз. Мұны бір сөзбен айтқанда терминдер деп атайды. Арнаулы лексика екі салаға бөлінеді: кәсіби терминология, кәсіби сөздер.
Кәсіби сөздер әр алуан кәсіптің, өндірістің туып, дамуымен қалыптасатын сөздер. Кәсіби сөздер екі топқа бөлінеді: жалпыхалықтық кәсіби сөздер, диалектілік кәсіби сөздер.
Эссе жазу:
Дыбыс үндестігінің орфография мен орфоэпияға қатысы.
Түбір мен қосымшаныңсөз бен сөздің арасындағы дауыссыз дыбыстардың бір-біріне әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады.
Дыбыс үндестігі дауыссыз дыбыстар арасында орындалады. үндестігі ассимиляция деп те аталады. Асимилляция – латын тілінің аssimilato «ұқсату» деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан термин.
Дыбыс үндестігі үшке бөлінеді:
1) ілгерінді ықпал;
2) кейінді ықпал;
3) тоғыспалы ықпал.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет