№7-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
II топ элементтері мен олардың қосылыстарының қасиеттерін зерделеу
Қыздырғыш құралдармен, қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы ережесін сақтау.
Реактивтер: кальций, магний металдары, су, тұз қышқылының, күкірт қышқылының, натрий гидроксидінің, фенолфталеин ерітінділері.
Химиялық ыдыстар мен мен құрал-жабдықтар: сынауықтар; тамшуырлар, шыны түтіктер.
Жұмыс барысы
1-тәжірибе. Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын тәжірибелерді жасап, реакция теңдеулерін жазыңдар:
a) Ca→ Ca(OH)2→CaCl2
ә) Mg→ MgCl2→ Mg(OH)2→ MgSO4
2-тәжірибе. Кальций гидроксидінің химиялық қасиеттерімен танысу
1. Кальций гидроксидін фенолфталеинмен анықтап, тәжірибе нәтижесін түсіндіріңдер.
2. Алынған ерітіндіге түсі өзгергенше 1-2 мл тұз немесе азот қышқылының ерітіндісін қосыңдар.
3. Кальций гидроксиді бар сынауыққа түтікшемен үрлеңдер. Не байқадыңдар? Тәжірибелердің нәтижесін түсіндіріп, тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар.
№7-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Эксперименттік есептерді шығару
Реактивтер: барий, кальций, магний хлоридтері немесе нитраттарының ерітінділері, натрий немесе калий гидроксидінің және карбонаттарының ерітінділері, кальций, магний металдары, су, тұз қышқылының, күкірт қышқылының сұйылтылған ерітінділері, фенолфталеин ерітіндісі кальций, барий, стронций тұздарының ерітінділері.
Химиялық ыдыстар мен құрал-жабдықтар
Сынауықтар; тамшуырлар, шыны түтіктер; нихром сымы
Қыздырғыш құралдармен, қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы ережесін сақтау.
Жұмыс барысы
1-есеп. Үстелде бар реактивтерді пайдаланып мына қосылыстарды алыңдар:
1) барий сульфаты; 2) кальций карбонаты; 3) магний гидроксиді.
2. Реакция теңдеулерін құрастырып, тиісті қорытынды жасаңдар.
2-есеп. Келесі өзгерістерді жүзеге асыратын тәжірибелерді жасап, реакция теңдеулерін жазыңдар:
Ca→ Ca(OH)2→CaCl2→ CaCO3
3-есеп. Келесі өзгерістерді жүзеге асыратын тәжірибелерді жасап, реакция теңдеулерін жазыңдар:
Mg→ MgCl2→ Mg(OH)2→ MgSO4
4-есеп. Сілтілікжер металдарының жалынның түсін бояуы
Тазартылған нихром сымды кальций, стронций, барий тұздарының ерітінділеріне жеке-жеке батырып, спиртшамның немесе газ жанарғының түссіз жалынына ұстаңдар. Кальций иондары жалынды кірпіш қызыл, стронций иондары кармин қызыл, ал барий иондары сары жасыл түске бояйды.
Достарыңызбен бөлісу: |