1. Жабайы өсетін жемістер мен жидектер сипаттамасы
2. Жаңғақтар дайындау
3. Cаңырауқұлақтар дайындау
4. Саңырауқұлақтардың сапасына қойылатын талаптар
5. Саңырауқұлақтарды өңдеудің тәсілдері
9.1 Жабайы өсетін жемістер дайындау
9.1 Жабайы өсетін жемістер дайындау
Бұл сала дұрыс жолға қойылса, онда орман шаруашылықтары қөп пайда алуға мүмкіншілігі болар еді. Өйткені республиканың ормандарыңда жеміс пен жидек өсетін көлемді алқаптар көп.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атап айтсақ Алматы, Жамбыл, Шымкент облыстарында жабайы өскен алма, алмұрт, долана, шетен (шемішкесі), өрік, шомырт (слива колючая), шие, жылтыр ырғай (кизил), мойыл, шәңкіш, бүрген (калина), қарақат, таңқурай, бүлдірген, үшқат, бөріқарақат (барбарис), түйе жаңғақ, алша, пісте тағы да көпетеген ағаш түрлері кездеседі. Олардың жалпы көлемі 7 008 гектар. Оның 6 114 гектары жабайы алма, 512 гектары өрік, 242 гектары пісте, 110 гектары алма, 30 гектары түйе жаңғақ болып келеді. Бұлардың ішінде ең маңыздысы алма болып табылады. Алматы облысында жеміс беретін жабайы алма ағашының көлемі 5 227 гектар, Шымкент облысында 685 гектар, Жамбыл облысында 212 гектар. Бұлардан әр жылда орташа есеппен 11 мың тоннадан астам жеміс жиналады.
Бұл органдарға қарасты шаруашылықтыр жыл сайын 11 мың тоннадан астам алма жинап одан 1,5 тонна шарап, 10 тонна ұрық, 100 тоннаға жуық алма қағын өндіреді. Орман шаруашылықтары жабайы алма жемістерін жинаумен қатар жабайы жеміс ағаштарын күту шараларын колға алып, дұрыс жолға қойды. Оның нәтежесінде 1962–1966 жылдар аралығында 3 мың гектар жердің 700 мың жеміс ағашы асылдандырылды.

Республикада кейінгі жылдары жабайы алма жинау кең өріс алды, қазір жеміс-жидек беретін өнеркәсіптік бау-бақшалар салынуда. Сонымен бірге бұл сала бірте-бірте негізгі кәсіптің біріне айналап келеді.
Жабайы өсетін жеміс-жидектердің ішінен Шығыс Қазақстан облысында өсетін самырсын ағашының жанғағының орны ерекше. Оның жалпы көлемі 31,1 мың гектар.