9 сынып оқушыларының ОЖСБ-ға
дайындық барысы туралы ақпарат
9 сынып оқушыларын ОЖСБ-ға дайындау үшін желтоқсан айында мектеп әкімшілігі жоспар құрды. ДОТІО Т.А. Бодиев сынып жетекшілерімен бірлесе отыра 9 сынып оқушыларының тізімін құрастырды.
Мектеп әкімшілігі ОЖСБ сұрақтары бойынша оқушылармен түсіндірме жұмысын жүргізді. Мектеп фойесінде «ОЖСБ 2016-2017» стенді ресімделді. ОЖСБ ережелерімен, Нұсқаулықтарымен таныстыру мақсатында 9 сыныптарда ата-аналар жиналысы өткізілді. Мектеп әкімшілігі әрбір сынама тестілеуден кейін талдау жүргізеді, ата-анасына хабардар етеді, пән мұғалімдері қосымша сабақ өткізіп тұрады. Сынама тестілеуде төмен нәтиже көрсеткен оқушылармен апта сайын жеке жұмыс жүргізіледі.
Пәндер бойынша орташа баллдың артқанын төмендегі кестеден көруге болады:
Директордың орынбасары 9 сыныптарда сабақ беретін пән мұғалімдерімен және сынып жетекшілерімен бірлесе отыра қосымша сабақтар кестесін құрды. Өкінішке орай қосымша сабақтар тиісті деңгейде өткізілмей келеді.
2016-2017 оқу жылында ОЖСБ-ға төмендегі пәндер енеді: қазақ тілі, шет тілі және география. ОЖСБ қорытындысы бойынша мектеп бойынша орташа 14,83 баллды құрады және тапсырмаларды орындау пайызы - 46,7%.
ОЖСБ қорытындысы бойынша 9 сынып оқушылары арасында барынша балл жинағандар болған жоқ.
Сынама тестілеулер қорытындысы бойынша директордың жанында жиналыс өткізіліп, ОЖСБ-ға дайындық аясындағы педагогикалық ұжым қызметіне талдау жасалынды.
Ұсыныстар:
1.Мектеп әкімшілігі ӘБ жетекшілеріне және пән мұғалімдеріне білім сапасын арттыруда жүйелі жұмыс жасауды және жекелеген оқушылардың жеткіліксіз дайындығының себебін анықтауды ұсынады.
2. Мектеп әкімшілігі оқушылардың ОЖСБ-ға дайындығын жоспарға сәйкес қатаң бақылауға алсын.
3. Пән мұғалімдері ОЖСБ-ға дайындық жасауда қосымша сабақтарды өткізу сапасына аса назар аударсын.
4. Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері сынама тестілеуде төмен нәтиже көрсеткен оқушылармен жеке жұмыс жүргізсін.
Достарыңызбен бөлісу: |