А. Бөкейханов



Дата06.02.2022
өлшемі11,37 Kb.
#80335
Байланысты:
А.Бөкейханов


А.Бөкейханов
А.Бөкейханов (1866-1937) Семей облысы, Қарқаралы уезі, №7 Тоқырауын болысында туған. Оның арғы атасы Шыңғыс ханның ұрпағы- әйгілі Барақ сұлтан. Ержеткен ортасы-Абайдың шығармалары,Мәди мен Нарманбет секілді әнші-сазгердің азаттықты көксеген тамаша туындылары кең таралған, Қоянды жәрмеңкесінде бүкіл дала қазағының басын қосқан айтулы Қарқаралы өлкесі. Үш сыныптық қалалық орыс-қазақ мектебін, Қарқаралы қалалық үш жылдық училищесін, 1890 жылы Омбының техникалық училищесін, 1890-1894 жылдары Санкт-Петербург орман техникалық институтының экономика факультетін оқып бітірген. І Мемлекеттік Думаға депутаттыққа сайланып, онда кадет партиясының мүшелерімен тығыз қарым-қатынаста болды.
ХХ ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Біріншісі-Бұқар мен Түркістан өлкесіне кең тараған дәстүрлі исламшыл ағым. Екіншісі-Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл жалпыұлттық-демократиялық қозғалыс. Осы екінші ағымның басында Алихан бастаған орыс мектептерінен тәлім-тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрды.Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қары ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінді. Сондықтан олар алдымен халықтың сана-сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет