А. Р. Лурияның тұжырымдаған негізгі 4 шартын бөліп алуға болады



Дата08.04.2020
өлшемі18,05 Kb.
#61912
Байланысты:
Лурия ілімі (1)

Лурия ілімі

А.Р.Лурияның тұжырымдаған негізгі 4 шартын бөліп алуға болады.

Бірінші, ең маңызды шарт – «ми мен оның қатпарларының дұрыс, қалыпты қызметі», түрлі патогендік əсерлердің салдарынан туындаған патологиялық күйлер болса – тітіркендіргіш жəне тежелгіш үдерістердің дұрыс қатынасы бұзылады; түскен ақпаратты талдау жəне жинақтаудың күрделі формаларының жүзеге асуы қиындайды; адамның түрлі психикалық қызметтерінің түрлі аспектілеріне жауап беретін, ми блоктарының өзара əрекеті бұзылады.

Екінші шарт – «баланың дене бітімінің қалыпты дамуы, сонымен байланысты жұмыс істеу қабілетінің, жүйке үдерістерінің дұрыс сақталуы.

Үшінші шарт – «баланың сыртқы ортамен дұрыс қарым-қатынасын қамтамасын ететін сезім мүшелерінің қалыпты сақталуы».

Төртінші шарт – балаға отбасында, балабақшада жəне мектепте білім берудің жүйелілігі мен реттілігі.

Балалардың психикалық, дене бітімі жəне əлеуметтік денсаулықтарын үнемі тексеріп отыратын түрлі қызметтердің (медициналық, психологиялық, білім беру, əлеуметтік) талдаулары, қазіргі кезде дамуында ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдер санының артып келе жатқандығын, барлық көрсеткіштерге сай, дені сау балалар санының керісінше азайып келе жатқандығын көрсетеді.

Жоғарыда аталған мекемелердің берген мəліметтеріне сүйенсек, балалардың басым көпшілігі, өздерінің түрлі даму кезеңдерінде арнайы психологиялық көмекті қажет етеді.



Нейропсихология- психикалық құбылыстар мен мидың физиологиялық құрылымын ара- қатынасын зерттейтін психология саласы (нейрон-жүйке жүйесі жасушасының бірліктері).

Нерв жүйесі ағзаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, жасушалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның жағдайларына ол\арды бейімдеп, үйлестіріп отырады. Нерв жүйесі нейрон деп аталатын жеке жасушалардан құралған. Нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі – ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп өзара түйінделіп бітетін жерін нерв орталықтары дейді. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) нерв жүйелерінің өне бойына орналасқан.



Орталық нерв жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық нерв жүйесіне ми мен жұлын нервтерінен тарайтын әр түрлі шеткі нервтер жатады. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі болып табылатын мидың және оның бөліктерінің құрылысы экспериментті зерттеулер арқылы ғылымда жан- жақты толық дәлелденген. Орталық нерв жүйесінің бөліктерінің орналасуы көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бөліктердің жоғарғысы төменгісінен құрылысы жөнінде күрделірек болып келеді. Орталық нерв жүйесінің төменгі бөлімі жұлын, орта есеппен 45см жетеді.

Орталық нерв жүйесінің екінші бөлігі-ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400 граммдай. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми- бәрі қосылып ми бағанасын құрайды. Ми бағанасы әсіресе, омыртқалы жануарлардың өмірінде ерекше роль атқарады. Сопақша ми- жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың нерв орталықтары бар. Біздің дем алу, түшкіру, шайнау, жұтыну сияқты түрлі реакцияларымыз сопақша мидың қызметі. Сопақша мидың сырт жағында, формасы ағаштыңжапырағына ұқсас мишық орналасқан. Мишық ағзаның қозғалысын, оның бірқалыптыжүріс- тұрысын басқарып отырады, ол шартсыз рефлекстік сипаттағы қозғалыстардың үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Бұлардан жоғарырақ орналасқан орта мида құлақ пен көзден баратын тітіркендіргіштерді, қанқа еттерінің қалпын реттейтін нерв орталықтары бар.


Аралық ми көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Мидың осы бөлігін тор тәріздес құрылым деп те атайды. Бұл бөлім дененің барлық рецепторларын ми қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі- афференттік(жеткізуші) талшықтардың жиынтығы болып табылады. Мидағы осы орталық, оның төменгі бөліктеріне басшылық ету процестерінің жұмысын реттесіріп отырады. Ми қызметінің белсенділігін арттыру не төмендету, оған баратын импульстерді іріктеп, електен өткізу де осы бөлімнің қызметі. Оны миды энергиямен қамтамасыз ететін аккуулятор не басқару пульті деуге болады. Ретикулярлық формацияда миға қажетті энергиямен қамтамасыз етіп тұру жағы жүктелген. Мәселен, адам күрделі ой әрекетімен айналысқанда оның миына біраз энергия қажет болады.Мұндай мидан осы бөлігінің жұмыс қабілеті арта түседі.аталмыш нерв орталығы эмоция,зейінін арттыра түсуде елеулі роль атқарады. Егер осы айтылған ми бағанасының құрылымдары эволюциялық дамудын төменгі сатысында тұрған жануарлардың психикасы үшін елеулі орын алатын болса,жоғары сатыдағы жануарлар мен адамдардын өмірінде негізгі рольді ми қабығы атқарады.Денеде болатын барлық құбылыстары өз қармағында ұстайтын ми қабығы адамдарда ерекше жетілген .адам миының күрделілігі оның көлемі мен ішкі құрылысынан жақсы байқалады.

Ми бассүйек қуысында орналасқан,адамның миы 20жасқа дейін өседі. Бас ми қабығы құрылысының құрылымдық ерекшеліктері туралы ілім архитектоника деп аталады. Үлкен ми сыңарлары қабығының клеткалары мидың басқа бөліктеріндегі нейрондарға қарағанда атқаратын функциялары шектелген, бірақ жекеленген топтары анатомиялық-физиологиялық тұрғыдан мидың арнаулы басқа бөлімдерімен тығыз байланысты. Ми қабығының микроскопиялық құрылысы әр бөліктерде әртүрлі екендігі және ми қабығының 50 цитоархитектоникалық бөліктері анықталған. Қабықтың микроскопиялық құрылысы өте күрделі, көптеген клетка қабаттары мен олардың талшықтарынан тұрады. Негізгі құрылысы: алты қабатты, бірақ барлық бөліктерде бірдей емес. Кейбір жерлерде қабаттар өте айқын болса, кейбірлерінде әлсіз білінеді. Ми қабығы аймақтарының құрылысы өзімен байланысты функцияларға ұқсас болатындығы дәлелденген. Жануарлар мен адамдардың қабықасты аймақтарының құрылысы жағынан ұқсастықтары мен функционалдық қызметтері бірдей екендігі, ғылыми-зерттеу жұмыстарында дәлелденген. Бірақ тек адами функцияларды (сөзді) атқаратын мидың бөліктері тек адамдарда ғана бар.

Бас ми қабығының морфологиялық және функционалдық әртектілігі көру, есту, дәм сезу сияқты орталықтар мен аймақтарына жіктеуге мүмкіндік береді. Қабықтың жекеленген бөліктері тіршілік әрекет барысында қалыптасады. Ми тіршіліктің әр кезеңінде дамып, жетіліп отырады және мидың жүйелі-функционалды дискреттілігімен (үзілістілігі) байланысты. Мидың дискреттілігіредукция және гетерохронды процестермен тығызбайланысты (редукция - әлсіреуі, жойылуы, гетерохронды бір мезгілде әр салада өтетін процестер). Мысалы, нәрестенің бір жасқа дейінгі кезеңінде жаңа ықпалдардан әсерлер алуы, ескі әсерлердің жойылуы. Жаңару мен жойылу өте нәзік байланысқан. Алғашқы автоматтандырылған әсерлер ерте жойылса, жаңа функциялардың төзімділігі қалыптаспайды. Сондай-ақ редукция өте кеш болса, жаңа – күрделі реакциялардың қалыптасуын тежейді. Мидың қалыптасып дамуы морфологиялық, физиологиялық және психикалық гетерохрония мен тығыз байланысты.

Ми сыңарларының салмағы мидың жалпы салмағының 80% тең. Мұның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат бар. Сұр зат ми қабығы деп аталынады. Ми сыңарларының беті қатпарланып жатады, оның жалпы көлемі 2000 – 2500 см3, қалыңдығы 2,5 – 3мм. Ол 14млрд. жүйке жасушаларынан құралады. Жаңа өсіп келе жатқан адам ұрығының ми беті тегіс болады. Мидың өзіне қарағнда, оның қыртысы жылдам өседі, сондықтан ми қыртысында жүлгелер (ойыстар) мен иірімдер (қатпарлар) пайда болады. Әрбір ми сыңары жүйке арқылы төрт бөлікке бөлінеді: маңдай, төбе, самай және шүйде. Ең тереңі – оратлық жүлке. Үлкен ми сыңарларының қыртысынан мынадай : сезгіш, қимыл, көру, есту, дәм және иіс сезу аймақтары байқалады. Қимыл аймағы маңдай бөлігінің алдыңғы орталық иермінде жатады.

Ми қабығы бірыңғай тұтас мүше, ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді, көптеген анализаторлардың (талдағыштардың) ядросынан тұрады. Сонымен мида көру, есту, тері, қозғалыс, иіс, дәм т.банализаторлардың нерв орталықтары бар. Мәселен, мидың желке бөлігінде көру зонасы, самай бөлігінде есту, төбе бөлігінде қозғалыс орталықтары орналасқан. Осындай орталықтардың саны екі жүзге жуық. Осы аймақтардағы белгілі рецепторларға ішкі мүшелерден және сыртқы ортадан ақпарат түсіп отырады. Мұндай рецепторлар теріде, қан тамырларында, бұлшық еттерде, асқорыту және т.б мүшелерде болады. Бұл рецепторлар өзгерістерді қабылдап, оның ми сыңарының қыртысындағы жүйке жолына жеткізеді. Келіп түскен ақпарат мұнда талданады және қорытылады. Одан соң тура жауап қайтаратын мүшеге қозу толқыны таралды. Мысалы, дәмді тамақтың иісіне сілекейдің бөлінуі.

Үлкен мидың сол жақ сыңары оң жағына қарағанда адам тіршілігінде көбірек қызмет атқарады. Алайда кей жағдайда оң жақ үлкен ми сыңарларының қызметі де дәрменді болады. Мысалы, адам іс- қимылын айналаға бағыттағанда, заттардың пішінін анықтағанда және музыканы түсініп тындағанда үлкен мидың оң жақ сыңары күшті қызмет атқарады. Адам үлкен ми сыңары қызметінің нәтижесінде айналаны танып, ондағы өзгерістерге сай дененің бейімделу әрекетін жұмылдырып отырады. Ми сынарлары сыртқы ортамен дене арасындағы байланысты жүзеге асырады. Ми қыртысы адамның психологиялық әрекетінің материалдық негізі болып табылады. Мінез-құлық, тәлім-тәрбие, сөйлеу, еске сақтау, ойлау әрекеттерін реттеу үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметіне тікелей байланысты.



Адамның жүйелі дыбыстар шығаратын дауыс аппаратының (тамақтан, тілден, таңдай мен еріннің бұлшықеттерінен келетін тітіркендіргіштерді қабылдайтын жасушалар) есту мүшесімен көзінің ерекше дамуы да ми дамуының нәтижесі. Расында да табиғат жасаған кереметтердің есебі жоқ. Ми солардың ішіндегі ең бір теңдісі жоқ түрі. Оның әлдеде ашылмаған көптген құпия сырлары бар. Мәселен, мида бір ойдан кейін екінші ойдың қалайша райда болатындығы өлең шумақтарының қалайша есте қалатындығы, яғни осындай жағдайларда қандай нейрондардың жұмысқа түсетіндігі ғылымға онша мәлім емес.Дегенмен ғылым бұл салада да біраз жетістіктерге жетті. Ғалымдар қазір де арнаулы құрал арқылы мидың кез-келген бөліктерімен түрлі психикалық құбылыстарға сәйкес келетін «тірі» электр импульстерін тіркейді. Мидағы нерв талшықтарының жаны да «сіріден» берік. Өйткені, егер бір тал сымы істен шыққан радиоприемник жұмысын дереу тоқтататын болса, жүздеген, мыңдаған нерв жасушалары зақымданған ми өз жұмысын одан әрі жалғастыра береді. Зақымданған нейрондар да қалпына келіп отырады екен.

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет