А. С. Макаренко Ұжымдық шығармашылық ісі



Дата24.01.2022
өлшемі48,62 Kb.
#113949
Байланысты:
Педагогика


Күні: 11.03.2021

Пән: педагогика

Тобы: ИЕТ-9-17

Оқытушы: Копишева А.Д

Тақырыбы: 3.21 – тақырып Ұжымның белгілері, даму кезеңдері

Оқушылар ұжымын

қалыптастыру

Нығайту жолдары

Ұжымның даму

кезеңдері



Ұжым теориясы



1-ші кезең

В.А.Сухомолинский


Перспективасы


А.С. Макаренко


Ұжымдық шығармашылық ісі



2-ші кезең


Дәстүр


3-ші кезең

Н.К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский ұжым туралы.
Ұжым және жеке адам мәселесі қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан, педагогика ғылымының да басты мәселесі болып отыр. Адамды ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді.

Ұжым теориясына Н. К. Крупская, А. В. Луначарский,А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий, В. А. Сухомлинский, т.б. ұлы педагогтар өз үлесін қосты.

Н. К. Крупская, А. С. Макаренко балаларды ұжымда тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесінің негізін жасай отырып, жасөспірімдерді жастайынан бірлесіп ынтымақта өмір сүруге, еңбек етуге үйрету керек деп ой түйеді. Н. К. Крупская 1926 жылы «Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы» атты еңбегінде: «Қазіргі тәрбие ісінің көлемді міндеттерінің бірі – балаларды ұжым болып жұмыс істеуге және ұжым болып өмір сүруге үйрету», - деп атап көрсетті.

Ұжымда тәрбиелеу принципін кеңірек және сенімді түрде іске асыру ұлы педагог А. С. Макаренко еңбектері мен тәжірибелерінде орын алған. Ол бұл принциптің методологиялық мәнін түсініп, тәжірибеде балаға ұжымның әсер ету күшін дәлелдеді. А. С. Макаренко ұжымының нақты әдісін зерттеді және ол әдістерді қолданудың шарттарын анықтады, ұжымның даму заңдылықтарын және құрылысының ерекшеліктерін ашты.

А. С. Макаренконың дәлелдеуінше ұжым адамдардың жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы.

Балаларда ұжымда біріктірудің негізгі көзі – ортақ мақсаттың және оны іске асыруға бағытталған біріккен іс-әрекеттің болуы.

Ұжымдық іс-әрекетте әрбір оқушының іс-әрекеті басқалармен тығыз байланыста болады. Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезімі туады. Бұл қарым-қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай, керісінше бір-біріне көмектесуі, өз жолдасының ісіне қуану, ренжу, мақтану, намыстану сияқты әртүрлі қатынастар жүйесін туғызады. Адамның көңіл-күйінің тәрбиелік мәні арта түседі.

А. С. Макаренконың ойынша нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі. Осыған байланысты қоғамның бастапқы бір ұясы болып саналатын оқушылар ұжымы басқа ұжымдармен байланыста болуы тиіс, оның алдында қоғам мен ел алдындағыдай міндеттер тұрады.

А. С. Макаренко атап көрсеткен ұжымды сипаттайтын міндеттер бүгінгі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Ол міндеттер:


  • ұжым алдындағы айқын мақсат;

  • ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы;

  • ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы;

  • өз арасында міндеттер белгілеуі;

  • белгіленген міндеттерді орындауы;

  • қатаң тәртіптің болуы;

  • өз мүшелері үшін ұжымның жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, қайырымдылық қарым-қатынастың болуы.

В. А. Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде «Коллективтің құдіретті күші», т.б. баяндалды.

В. А. Сухомлинскийдің пікір бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымдағы негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В. А. Сухомлинскийдің қарым-қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр.

Қорыта айтқанда, ұжым – тәрбиенің маңызды құралы.

4. Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір-бірімен сабақтастығы.

Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін А.С.Макаренко балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.

Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыратын жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап баланың іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін.

Бұл кезеңде мұғалім ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы оқушыларға сүйену керек. Ұжым өміріндегі мұндай тәсіл сыныпта белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін.

Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн:



  • Ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;

  • Ұжымның іс-әрекетінің дамуы;

  • Жеке адам арасындағы қарым-қатынас, іскерлік және гуманистік қатынастардың пайда болуы;

  • Барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі.

Бұл кезеңде мұғалімінің негізгі қызметі – оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс-әркеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.

А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.

Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі тұрақты ұжым органдарына көшеді. Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы: жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау, т.б.

Мұғалімнің қызметі – коммуникативті, балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту.

Ұжымның бұл даму кезеңінде қатар ықпал жасау принципі қолданылып, тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.

Үшінші кезең – белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық пікір пайдаланылады.

Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамып, ұжымда тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты қасиеттер пайда болады.

Ұжымдық қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір – бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым одан әрі дамытып, кейбір ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе теріске шығарады. Демек, ұжымдық талқылау, бағалау жариялылық, әрекеттілігі – қоғамды пікірдің негізгі ерекшелігі.

Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі – ұжым алдындағы мақсаты – перспективаны таңдау. Осыған орай А.С.Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атты перспективаларын еске түсірген жөн.

Жақын перспектива – бұл күнделікті өмірдегі әр түрлі іс-әрекетке жеке тұлғаны ынталандыру, қызықтыру. А.С.Макаренко: «Егер балалар алдында қуанышты, қызықты, істер болмаса, онда олар өмір сүре алмайды. Адам өмірін шын ынталандыру – ертеңгі қуанышты сезіну».

Жақын перспектива: жарыс, саяхат, жексенбілік серуен, цирк, мұражай және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар.

Орта перспектива: балалар лагеріне бару, жыл сайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық тақырыптарға пікірталас өткізу. Қашық перспектива – ұжымның немесе жеке адамның ұзақ мерзімге созылатын бір істі орындауға талаптануы. Қашық перспектива: келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе кәсіптік оқу орындарына түсу.

Қоғам адамдары ашық перспектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға, Отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл перспектива жақын және орта перспективалармен мызғымас байланыста іске асырылады.

Әрбір мұғалімнің міндеті – перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалану, перспективаны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін таңдап алу білу, оқушылардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық дәрежесін еске алу.

Ұжым өмірінде дәстүрдің тәрбиелік маңызы зор. Дәстүр – бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп отыратын қоғамдық өмірдегі, ұжымдағы адамдардың қатынастарын көрсететін нормалар мен принциптер. А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда, дәстүр ұжымды бекітіп, нығайтып, оны толық, тұрақты, ықпалды және тартымды етеді. Ұжымы өміріндегі дәстүрдің түрлері: мектеп мерекесі, сайыстар, олимпиадалар, соңғы қоңырау, аға ұрпақтың мұрасын ұқыптылықпен күтуге үйрену, ұжым абыройы үшін күресу.

5. А.С.Макаренко идеясын И. П. Ивановтың «Коммунар әдісі» дамытты. Коммунар әдісінің мәні – ұжым өмірін айқын, бейнелі ұйымдастыру. Онда барлық іс-әркет ізгілік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс-әрекетінің әдістері: ұжымдық жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс-әрекеттерді ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру. Бұл әдістер И. Л. Ивановтың «Коллектившілерді тәрбиелеу» атты еңбегінде жазылған.

Ұжымдық шығармашылық іс мына кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:

1-кезеңде ұжымның атқаратын жұмыстары әңгімеден басталып, шешуге тиісті мәселелер ұсынылып, талқыланып, міндеттер белгіленіп, сұрақтар қойылады. Іс жобасы жасалады.

2-кезеңде ұжымдық іс жоспарланып, жалпы жиналыста талқыланады. Әр ұжым мүшесі өз пікірін айтып, мәселеге байланысты сұрақтар қойып, ұсыныстарын кіргізеді.

3-кезеңде ұжымдық шығармашылық іс анықталады және дәлелденеді. Іс жобасы әр бөлімде талқыланып, жұмыс басталады.

4-кезеңде ұжымдық шығармашылық іс-өткізіліп, дайындылық қорытындысы шығарылады. Мұны барлық ұжым мүшелерімен бірігіп, жетекшілері, тәрбиешілері ұйымдастырады. Бұл іске қатысушылар үшін ең бастысы – сергектік, өзі үшін, қабілетінше, жолдастарына және адамдарға қуаныш әкелуге сенімділік.

5-кезеңде ұжымдық шығармашылық іс аяқталып, қорытындысы шығарылады. Ұжым: «Қандай жұмыстар жақсы атқарылды? Себебі неде?» «Не істелмеді? Неліктен?» «Келешекке нені ұсынамыз?» - деген сұрақтарға жауап алады.

6-кезеңде ұжымдық іске қорытынды жасалғаннан кейінгі жиында айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру, келешектегі іс-әрекеттерінің мақсатын, мазмұнын және бағыттарын белгілеу.

Ұжымда балалардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы процесінде жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.

6. Даму кезеңдерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері.

Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Бұл жерде қозғалыстың себебін, дамудың мүмкіндігінің сырын ашып алған жөн. Мұндай психологиялық күш – болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өмірге үміт артуы, адам мен ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі. Болашақ үміт дүниесінде адам қажеттілігінің мәдени және материалдық жиыны, оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады.

Белгіленген болашақ үміт дүниесі жүйелерін жүзеге асыруда сынып жетекшісінің ұйымдастыру жұмысы қажет. Міндеттері: оның болашақ үміт дүниесін тауып қоя білуі, оны жүзеге асыруды ұйыдастыру іскерлігі, балаларды еліктіру, қиялын ояту, өз ынтасына оқушаларды сендіруі, болашақ үміт дүниесін айқын, бейнелі, әсем суреттей білуі, балалармен бірге олардың өмірін қуанышты және қызықты еткісі келетініне сендіруі, орынды талап қою, балалардың мүмкінідігіне сай жұмыстар беру, оның ұжымға және жеке тұлғаға қажеттілігін дәлелдеуі.

Бірыңғай педагогикалық талаппен қатар, балалардың тәрбие ұжымының жетекші буынға айналуы оқушылардың өзін-өзі басқару ісіне қатынасуына байланысты. Ұжым өкілдері бүкіл мектептің өзін-өзі басқару органдарының құрамына енеді. Осылайша өз ұжымының өмірін басқа бастауыш ұжымдардың өмірмен байланыстырады. Бұл байланысты жүзеге асырудың тағы бір жолы – ұжымның өз шамасына сай мектептің ішіндегі еңбек жарыстарына қатысуы. Бұл іс мектеп көлемінде есепке алынады және бағаланады. Өзіне-өзі қызмет істеуге оқушылар шамасына сай қатынасады. Мұны ұйымдастыру барысында балалардың жас ерекшелігін ескеріп, еңбектің көлемі шамадан тыс болмауын қадағалау керек.

Оқушылар іс-әрекеттері туралы біраз пікірлер айтылды.

Іс-әрекеті – бұл қарым-қатынас, ұжымның өздігінен жұмыс істеуі және даму процесінің көзі, нақты мақсатқа жету. Іс-әрекеттің барысында қарым-қатынас дамиды.



Қарым-қатынас – бұл адамға адам қажеттіліктерін қанағаттандыру. Педагогикалық ұжымның міндеті – жеке адамның басқа адамдармен қарым-қатынасын оны қуанышты көңіл-күйге бөлейтіндей етіп орнату. Ұжым өмірінде гуманистік қатынас ерекше орын алады. Негізгі белгілері:

  • Сергектік, ширақтық, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелерінің достық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру.

  • Балалар арасында бақталастық, өз қамын көздеушілік, тұйықтылық, бөлектенушіліктің болмауы.

  • Басқа ұжымдарға жолдастық көмек беруге дайын тұру.

Гуманистік қатынас – ұжымдағы балалардың арасындағы байланыстарды дамытудың құралы.

Ұжымда балалардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы процесінде жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет