А.Ш.Тұрдалиева, С.Төлеген. ТарМПИ,
Тараз қаласы
ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ҚИЫН БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ
Өсіп келе жатқан баланың бойында түрлі қасиеттер пайда болатындығы мәлім. Мектепте жұмыс істейтін педагогтар, тәрбиешілер балаларды оқытып-тәрбиелеу барысында, сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, тіл табыса алмайтын, ашуланшақ, бұзақылық жасайтын балаларды жиі кездестіреді.
Бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер А.Жұмабаев, К.Жүкенова, А.Карабаева, Л.К.Керимов және т.б өздерінің зерттеу еңбектерінде қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін айтқан. Қазіргі кезде мектепте бала өрескел қылық жасаса, тәртіпсіздік көрсетсе кінәні ата-аналар мұғалімдер не тәрбиешінің тәрбиесі деп санайды. Қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты, балаларды заманымызға сай етіп оқытып-тәрбиелеу үшін педагогтарға кәсіби және жеке тұлғасына талаптар қойылады (жоғары білімді, іздемпаз, жаңашыл, креативті және т.б. Педагогтың жұмысы табысты болуы үшін әрбір баланың психологиясын жақсы білуі тиіс.
Оқушы тұлғасының қалыптасуына қоршаған ортасы айтарлыктай ықпал етеді, жағымды және жағымсыз жағынан , «қиын» жасөспрімнің пайда болуы оның тұрғылықты жерімен тікелей байланысты десек те болады.
Үлгерімі жақсы оқушыладың бір –бірімен және ұстаздарымен де қарым-қатынасы жақсы деуге болады, сонымен қоса оқуға деген қызығушылықтары да жоғары болады. Ал үлгерімі нашар оқушылар мектеп ережесіне қарсы іс- әрекеттер жасап, заңбұзушылыққа дейін барады . Бұндай жағдайдан қалай шығуға болады? А.Амонашвилидің тәжірибесіне сүйенсек, оқушылар мектепте білім алу барысында жақсы эмоциялық көңіл –күйде болуы керек. Оқушының мектепте жақсы іс-әрекеттер жасауы үшін тек қана білім берумен шектелмей, шығармашылық жағынан да көп тәрбие беруіміз керек .
1. Оқытуды үйрену, жоғары сынып оқушысы мұғалімнің көмекшісі ретінде кіші сынып оқушыларына сабақ үйретуі;
2. оқушыларды топқа бөліп оқыту;
3. Еркін қатынас жасайтын топтарды құру;
Сабақ барысында кейбір оқушылар көп сөйлегенді ұнатады. Мұғалімдер ондай оқушыларға ерік берсе, оларда қуаныш сезімі пайда болады. Мұндай мұғалімдер сабағын себепсіз жібермейді, оқушылары да сабағына қызығушылық танытады.
Заманауи оқытудың көптеген түрлері оқушының өзіндік білім алуына негізделген. Мұндай жүйе әсіресе мінез-құлқында ауытқушылығы бар балаларға ұтымды, себебі олар мектептегі қиындықтарды өзі жеңе білуіне қабілетті болады. Сонымен қатар, оқушы тұлғасының белсенді болуына және сынып өміріне тез араласу, оқу үлегерімінің жақсаруына көмектесетін тиімді әдістердің бірі.Солардың ішінен оқыту бағдарламасына бекітілген тұлғаның эмоционалдық дамуына бағытталған психолого-педагогикалық жүйені айтып өтуге болады.
Қиын баланы сыныпқа, мектепке, оның оқу-тәрбиелік жүйеге тез бейімдеуде мұғалім ойын түрлерін пайдалану қажет. Жақын арада жарық көрген «Интенсивті оқытуға арналған ойындар» еңбегін айтып өтсек болады. Ойын мазмұны оқушылардың қарым-қатынасын, психологиялық күйін жақсарту, эмоционалды дамыту, өзін-өзі басқару білу қабілеттерін дамытуға арналған.
Жеке оқушының қиын балаға айналу себептері, отбасындағы дұрыс емес қарым-қатынас, мектептегі қарым-қатынас нашарлығы, ер балалардың қысымы, бейімделу тобындағы кіші және үлкен топтардағы балалар арасындағы қарым-қатынас та кіреді. Бұл себептердің барлығы комплекс ретінде әрекет жасайды. Шынымен де, бала үйдегі ұрыс керістің кесірінен нашар оқиды ол жағдай жиі кездеседі, бұл мектептегі және өзінен жоғары адамдардың түртпегіне алып келеді. Мұндай жағдай баланың еркінен тыс өзгеруіне әкеліп соғады.
Біз мұнда тәрбиелеудегі қиындықтың барлық себептерін көрсете алмаймыз, қиын балалардың категорияларын анықтаудағы қорытындыларын нақтылап жеткіземіз.
Қиын оқушыларды қайта тәрбиелеудегі сәттілік үшін бәрінен бұрын, өсіп келе жатқан тұлғаның даму заңдылығын білу керек.
Қиын балалардың жұмыс істеудің негізгі шарттары:
1) Әрбір қиын баланы жан – жақты зерттеп, мінез – құлықтарының бағыт – бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.
2) Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелердің құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.
3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және творчестволық талап – тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру.
4) Кейбір қиын оқушылардың оқу – тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым – қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, деп кезінде өол үшін беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою. Әңгімелеу оқу – тәрбие процесінде ең қажетті құралы. Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны ортаға салуға болмайтындай болса, онда мұғалім тәжірибелі педагог баламен жеке сырласу арқылы көздерін жеткізеді.
Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде таланттар қойылуы қажет. Одан педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, әрбір оның баланың бейім қабілетіне, мінез – құлқына сай онды шығармашылық қасиеттерін ұйымдастырып отыру қажет. Қиын балалрмен жұмыс істеудің тағы бір әдісі – олардың, көшен, жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үду. Осы әдісті іс жүзіне асырудың бірнеше жолдары бар. Соның бірі тұрақты мектебін ауыстыру, мектебін алмастыру, Сондай – ақ ата – ана, мектеп инспекция қызметкерлерінің күшін біріктіре отырып, көшенің жолдастарының теріс ықпалдарынан бөліп әкету қажет. Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсері әрекет ету.
Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсерлі әрекет ету. Қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін т. б. Оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді.
Тағы бір әдіс – қиын баланың бағдарын, мақсаты мен міндетін қайта құру. Бұл әдістің құндылық мәні – оқушы қателігін түсіну өзін - өзі тәрбиелеудің бағдарламасына колма береді. Мектептегі нерв жүйесі нашарлаған қиын балалармен тәрбие жұмысын жүргізу көптеген қиындықтар туғызады. Өйткені, әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктері мен қатар, сырқаттарына байланысты өзгешіліктері бар. Ескеретін мәселелердің, бірі қиын оқушыларды тәрбиелеу процесіндегі әдістік – тәсілдерді әдістемелік жағынан қолданудағы тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері:
- дайындық кезеңі;
- қиын баланың тәртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларды аңықтау;
- екінші кезең – қиын оқушылар мен достары арасындағы байланыстың
тереңдігін аңықтау.
- үшінші кезең өзгеріс кезеңі.
Көптеген қиын оқушылардың ішкі жан дүниесінде өзгерістер тұл бастайды. Жеткіншіліктердің мінезіндегі теріс қылықтар, әдет дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілікті сапалардың арасында күрес басталады. Соңғы кезең бекіту кезеңі, ірбір қиын оқушы мінез құлқындағы адамгершілік мәнді өзгерсітер болған сайын, өзін - өзі тәрбиелеуге талаптанып, оңды қасиеттерді дамытады. Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, алдын ала олармен бірге атқарылатын іс шараларын мектеп ұжымдар мен жұртшылық нақты аңықтап, оларды дұрыс жолға түсіндіре отырып, аяқтай күрес жүргізулері керек.
Педагогикалық тәртібі нашар балаларға айналасымен қарым-қатынастарда жағымсыз қылықтар мен әдет-дағдылар көрсеткенімен, мұндай ерекшеліктер мінез-құлықтарында тиянақты қалыптаспағандар жатады. «Қиын» балалар қатарына психикалық дамуы уақытша баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатиялық формалар кездесетін, дәрі-дәрмек беру арқылы қозу күйін тежейтін балаларды жатқызады.
Белгілі психолог ғалым К.К.Платонов жеке адамның психологиялық болмысын төрт салаға бөледі:
Баланың темпераменті және жыныстық ерекшеліктері мен жас ерекшелігі (физиологиялық ерекшеліктер);
Жеке адамның дамып қалыптасуына негіз болатын психологиялық құбылыстар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығушылық, мінез, әдет- биологиялық ерекшеліктер;
Баланың күнделікті өмір тіршілігі, білімі, әдет-дағдысы, икемділігі;
Ұстанған бағыттары мен адамгершілігі.
Негізінен, барлық мәселе ата-аналар тарапынан баланың бос уақытының орнықты пайдаланбаудан, тұрмыстың нашарлығы мен отбасындағы қақтығыстардан бастау алады. Ата-ананың жылуынан, сүйіспеншілігінен, ыстық ықыласынан айырылған балалар көшесінің қағидасымен өмір сүруге бейімделеді. Қылмыстық жолға түседі. Жасөспірімдердің осындай келеңсіз оқиғалардан аулақ болуын жан-жақты тұрғыда қарастырып, бірлесіп іс-әрекет жасағанда ғана іске асыруға болады. Осы орайда қиын жеткіншектерді қайта қалпына келтіру орталығында және жалпы білім беретін орта мектептерде психологиялық қызметті ұйымдастыруды жүйелі жолға қойса, мектеп психологы ата-аналармен және мектеп инспекторларымен етене жұмыс жүргізсе, қиын бала мәселесі біршама орнымен шешілуі мүмкін болар еді деп ойлаймыз. Осы тұрғыда біз төменде қиын жеткіншектерді қайта қалпына келтіру орталығында психологиялық қызметті ұйымдастырудың құрылымдық жүйесін ұсынып отырмыз:
Орта
Отбасы
Мектеп
Қиын
жеткіншектерді қайта қалпына келтіру мақсатында психологиялық қызметті ұйымдастырудың құрылымдық жүйесі
Медициналық психологиялық кеңес беру орталығы
Жеткіншектер ісімен айналысатын мектеп инспекторы
Бағыттары
Арнайы психологиялық ықпал ету
Арнайы әлеуметтік-педагогикалық қызмет
Ортаға бейімделуге ықпал жасау;
Баланың өз-өзіне деген сенімділігін қалыптастыру, талап қоя білуге үйрету;
Баланың табысқа жетуін ұйымдастыру, мектепке дұрыс көзқарасын қалыптастыру, сабаққа құлшынысын қолдау;
Бала құқығын қорғау және баланың өзінің құқығын білуге дағдыландыру.
Психологиялық ағарту шаралары: (ата-аналармен семинар, әңгіме, пікірталас т.б. ұйымдастыру);
Психодиагностикалық жұмыстар жүргізу (әдістемелерді іріктеу);
Отбасылық кеңес беру;
Баланың қарым-қатынасы;
Мінез-құлық, эмоциялық күйзелісті ойын арқылы түзету;
Педагогтардың арнайы психологиялық даярлығы.
Арнайы профилактикалық тренингтер өткізу;
Күйзелісті, қорқынышты, үрейді жою;
Фобия кезінде көмек көрсету.
Сурет 1. Қиын жеткіншектерді қайта қалпына келтірудің құрылымдық жүйесі
Сонымен қатар Л.Керімов қиын оқушылардың адамгершілік сапаларының төмендеуіне отбасы тәрбиесінде кеткен қателіктермен қатар, мұғалім мен олардың арасындағы қарым-қатынастар жүйесіндегі кемшіліктерді де бөліп көрсетеді:
1. Мораль белгілері мен заң ережелерін ұстамауға бейімділігі бар оқушыларды алдын-ала айқындай алмау. Мұғалімдердің кейбіреулері оқушының дара ерекшеліктеріне, адамгершілік тәрбиесі нормасынан ауытқу себептеріне көңіл аудармаған. Мектеп ұжымы тәрбие жұмыстарын жоспарлы қадағаламаған.
2. Қиын оқушылармен тіл табыса алмай, жеке психологиялық ықпалдар жасай алмаудан барып, этикаға жатпайтын тәсілдерді, атап айтқанда ұрысу, әрбір «қылықтарын» талдауға алу, орынсыз жазалау, қандай да бір жөнсіз «әрекеттер» болсын оны сол балаға жабу, кемсіту және т.б қолданған. Дұрыс қолданылмаған шара жас өспірімнің ыза-кегін туғызып, қарсылық көрсетеді.
3. Кейбір педагогтардың кәсіптік деңгейлерінің төмен болуы және психологиялық тұрғыдан балалармен жұмыс жүргізуге дайындығының жеткіліксіздігі, өз пәндерінен білімдерінің таяздығы, тәрбие жұмыстарын өткізу мен ұйымдастыруда әдістемелік шеберліктерінің төмен болуы себеп болған. Олар қиын балалардың денсаулық жағдайынан хабардар болмаған. Себебі, көптеген педагогтар жұқпалы аурулардың түрлерін, олардың барысын білмейтіндігі анықталды.
Қорыта келгенде, адамгершілік - адамның рухани арқауы, оны тәртібі қиын оқушылар тәрбиесінде қалыптастыруда ғалым-педагогтардың, қиын балаларды зерттеуші-ғалымдардың еңбектерін пайдалана отырып, теориялық және практикалық тұрғыдан бірлестікте жұмыс атқарудың маңызы айрықша. Педагогтар, психологтар тәртібі қиын балаларды адамгершілікке тәрбиелеу әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдағы өткір мәселе екендігін түсіне отырып, балалармен, олардың ата-аналарымен, қоғамдық мекемелермен тығыз байланыста, тәрбие жұмыстарын жүргізуі қажет. Мектеп, ата-ана, психолог триадасы қосыла атқарған жұмыс оң нәтиже береді
Әдебиеттер
Керімов Л.К. «Қиын» оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу мәселелері. - Алматы, 1991.
Ақажанова А.Т. Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың девианттық тәртібі. 2008.
Т.И.Жүндібаева Отбасы педагогикасы /оқулық /Алматы: Экономика, 2014.
Әбеуова И.Ә. Әлеуметтік психология (оқуқұралы) Алматы 2001.
Галагузова И. Г. Социальная педагогика: Курс лекций: Учебное пособие для студ. высших.уч. завед. /под ред. М. А. Галагузовой. –М.:Гуманист. Изд.центр ВЛАДОС, 2003.
Достарыңызбен бөлісу: |