Абайдың Қарасөздеріндегі даналық ойлар



Дата08.04.2022
өлшемі25,41 Kb.
#138448
Байланысты:
php2QbsDm Abaj-araszder


АБАЙДЫҢ ҚАРАСӨЗДЕРІНДЕГІ ДАНАЛЫҚ ОЙЛАР

Ә. АЛДИБЕКОВА,


№157 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Абай – бүкіләлемдік тақырып. Абай – адамзаттың бүгінімен ертеңі.Ұлы ойшыл дүниетану мен философиялық көзқарастарында адами болмысты ерекше атап өткен. Бала тәрбиесінде өзіндік орын алатын ойларымен елді елең еткізді. Абай руханияты– бізге саралалап, даралап берілген жол. Білім мен ғылымның жолы. Білімді болғанмен де, тәрбие-тағылымды қатар алып жүрмесе, білімнің де жолы қысқа деп атап кеткен. Ғылымға ден қою үшін өзін-өзі тани білуге, ғылымның мәні зор. Адами құндылық – Абайдың алғы шарты. Өзіне үңілу, өзін бағалай білуге,өзін өзгелерге сыйлата білу,өзіне-өзі есеп беруге ғұлама үлкен мән береді.
Абайдың бар болмысы, адами құндылықты қадірлеуі елді таңғалдырды. Бізге Абаймен әлемге танылу керек. «Абай» десе – «қазақ», «қазақ» десе – «Абай» деп танылуға жету керек. Мектеп бағдарламасында Абайды оқытудың жолдарын бір жүйеге жинақтау,саралау, дәріптеу – міндетіміз.
Абайдың нақыл сөздері көңілге қонымды,тілге жеңіл,терең ойлы, астарлы әрі мағыналы.Көркемдік ерекшеліктері бай мұра.Әр нақыл сөздері адамның жан дүниесіне ұғымды, мағыналы,тәрбиелік мәнге ие.
Хәкімнің нақыл сөздері өлеңдері мен қара сөздерінде көптеп кездеседі.
Иә, Абай – адамды рухани азықтандыратын сөздерді жазған ақын.Нақыл сөздеріне ерекше мән беріп үңілсеңіз,айтары терең астарлы ой, шешуі жоқ жұмбақтай.
«Адам баласына адам баласының бәр – дос», «Әкесінің баласы– адамның дұшпаны, адамның баласы– бауырың». Міне, Абайдың даналығы– осында. Бірлікті, біртұтас болуды, Абай о баста көздеген.Тек әке шеңберінен жүргеннен азамат болу қайдан? Адамға құрмет етіп, азамат болуды Абайдай айтқан ақын жоқ...
Абай достық тақырыбында бәрін бірдей көреді, бөле жармайды,руға жүзге бөлмейді, ұлтқа, ұлысқа бөлмейді. Абай – мәңгілік тақырып. Оның мәңгілігі:Абайдың татулық пен бірлігі еді.
Абай қарасөздері – терең ойлы, мағыналы сөздер. Ішінде астарлы,мағыналы сөздерге бай. Заман ағымына, толқын болып, оқығанда көкірегің ашылады. Ақиқатты, шынайы болмысты о бастан аңғарған Абайдың данышпан, дара тұлға екені қарасөздерінен анық байқалады. Қоғамдағы әлеуметтік жайларды да ой елегінен өткізген. «Адамзаттың бәрін сүй...» деп гуманистік көзқарасымен елең еткізді. Адам, қоғам, заман осылар Абайдың басты тоқталған тақырыбына айналған. Одан соң дін, ақиқат, пенде. Міне, жеке тоқталып, жеке талдау жасаған. Қарап отырсақ, түбіне үңілсек, Абай зерттеген,зерделеген мол мұра қалдырған. Ғылым, білім, ұстаз. Бәрін тоқсан ауыз сөзбен дестелеп, саралап, қарасөздерінде ерекше назар аударды.
Хәкім Абай даналық сөздерін өзі халқымен сырласып жатқандай жазып, жеткізген. Расында солай.Қарап отырсаң Абайдай философты өзі емес,өзгенің жайы көп толғандырған. Әрбір қарасөзі –таптырмас ақыл,насихат.
«Алла тағала –өлшеусіз,біздің ақылымыз –өлшеулі» отыз бірінші қарасөз.
Бұл сөзде «өлшеусіз» деген сөз шексіз деген мағынаға ие. Неге біздің ақылымыз өлшеулі? Ақыл – адамның жол бастаушысы. Ақылды адам жолынан адаспайды. Адам аз ғана ғұмыр кешеді. Сол ғұмырда шексіз Алланың ғибратына бас иген – адаспас. Пендесі – бас исе, Алланың берері көп.
«Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді,өзің де тілейсің,бағың өскен соң,өзің ғана тілейсің» дейді отыз жетінші қарасөзінде.
Бақ- сор кейде мұң әкеледі. Неге бағың өскенше ел тілейді? Бұл жерде сені қолдап,демеуші болатындар болғанымен де, бағың жанып жұлдызың жарқырағанда,көре алмайтын дұшпандар да табылады. Көре алмастық, іштарлық,аяқтан шалатын жаулармен күресесің. Бағыңның жанғаны –дұшпаныңның болғаны. «Бағың өскен соң,өзің ғана тілейсің» дегені ше? Сол бақты көтеретіндей ақыл керек, иман керек. Ол мақтан қуып кетпеуді меңзегені.
«Ағайынның азары болса да, безері болмайды» отыз тоғызыншы қарасөзінде.
«Ағайынның азары» дегені – араздасуы да, «безері» дегені –«безбейді,кетпейді» дегені. Ағайын барлық жақсылық пен жамандықты, қуаныш пен қайғыны бірге бөліседі. Қандай қиыншылық болса да,бірге көтереді?! Ағайынның арасына түсу – қателік. Бір анадан туған соң,бір бүтін жан болып бірінен-бірін айыру,араздастыру мүмкін емес.
«Көкірек толы қайғы кісінің өзін де билетпейді,бойды шымырлатып,буынды құртып, я көзден жас боп ағады, я тілден сөз болып ағады» дейді бесінші қара сөзінде.
Бұл жерде қайғы кісінің жүрегін жаралайды, ауыртады. Қайғыны көтеру оңай емес. Бойды шымырлатады: жандүниеңе әсер етеді,буынды құртып-сезіміңе әсер етеді,көзден жас болып ағады: жылатады, я тілден сөз болып аққаны: өлең шығару,я болмаса,естелік жазу,әңгімелеу. Осының бәрі қайғы көрген кісіге оңай емес. Қайғы сезімді де билейді,жүрекке де әмірін жүргізеді.
«Өзімшілдік –адамды бұзатын пиғыл» дейді отыз сегізінші қарасөзінде.
Өзімшілдік –тек өзінікін дұрыс санайтын, елмен санаспайтын жан. Өзгенің пікіріне құлақ аспайтындар. Өзін мақтайтындар. Өзімшіл адам өзгемен санаспайды. Пиғыл–ниет деген мағына береді.
«Дүние бірқалыпты тұрмайды,адамның қуаты,ғұмыры бірқалыпты тұрмайды» дейді жиырмасыншы қарасөзінде.
Иә, дүние-заман өзгереді,адам өзгереді, қоғам өзгереді. Заманына қарай адамы жас кездегідей адамның ойы ұшқыр,қырағы болады. Әрнәрсеге ынтасы, зейіні ерекше болса, қартайғанда өткен өміріңнен сабақ аласың. Ғұмыры –өмірі, өміріңде маңдайға жазылғанын көресің,ертең не болатынын болжау қиын.
«Ненің қызығын көп іздесең, соның күйігін бір тартасың» деп жазады қырық үшінші қарасөзінде.
Әрине,нені үйренгің келсе, қызығып соңына түсесің. Үйренесің,іздесең табасың. Бірақ бұл іздегенге табылып, жүгірген жете қоярлық шаруа емес. Бар болса қадірлей алмайсың, жоқ болса ізгенің күйік болады.
«Адамшылықтың алды –махаббат,ғадәлет,сезім» дейді хәкім қырық бесінші қарасөзінде.
Адамшылық – адамгершілік деген мағынаны береді. Адамшылық – адам болғаның, азамат болғаның. Неге «адамшылықтың алды – махаббат?» Махаббат – сүю,жақсы көру,шын жан-тәніңмен берілу. Ғадәлет сезім –әділет дегені емес пе? Абайдың айтпақ ойы екіжүзді болмау,шынайы болмысты жеткізген.
«Жүрген кісі өзі де есті болады» дейді он тоғызыншы қара сөзінде Абай.
Неге жүрген кісі өзі де есті болады? Бұл жерде жүргені–көргені, яғни көпті білгені. Қазақта «көпті көргеннен сұра» деген мақал бар емес пе? Есті –саналы,естияр. Көп жерді араласаң,көзің ашылады,көкірегің ашылады. Өзің білмегенді өзгеден үйренесің. Көпті көрген көреген болады. Міне,қандай ғанибет десеңші?!
«Мал жұтайды,өнер жұтамайды» дейді отыз үшінші қарасөзінде.
Мал – бір жұттық,бір жұт болса, болды емес пе? Ал өнер – мәңгілік. «Өнерлі өрге жүзеді». Өнер ғасырдан-ғасырға мұра болып қалады.
«Білім-ғылымды көбейуге екі қару бар адамның ішінде:бірі – мұлахаза (ойласу,пікір алысу), екінші – берік мұхафаза» (сақтау,қорғау) дейді ойшфл отыз екінші қарасөзінде.
Иә, бізге екеуі де керек. Адам өзі білгенін өзгелерге үйретіп,шәкірт тәрбиелеу керек. Өзінің білгенін өзгелермен бөлісіп пікір алысуда,өзінің емес,өзгенің пікірін тыңдағанда, дұрыс пен бұрысты ажыратады.
Екінші – сақтау,қорғау. Білім-ғылымды бөлісу бір бөлек, ал оны сақтау,қорғау – мұра ету, мирас ету керек.Сондықтан да «білімділердің айтқаны – жазып кеткен хатпен тең».
«Адам баласының ең жаманы – талапсыздық» дейді қырық төртінші қарасөзінде.
Талап – үйренуден, талпыну – құлшыныстан. Егер қызықпаса, талпынбаса, үйренуге ден қоймаса – бәрі бекер. Білем-білсем деген талап емес пе? «Ешнәрсе талпынбаса,үйренбесе,қызықпаса – талапсыздық» деп бірауыз сөзбен түйген. Иә,талпынған адам мұратына жетеді.
«Адам баласы жылап туады,кейіп өледі» төртінші қарасөз.
Дүниеге келгенде адам жылап туады, ол Алланың құдіреті ғой. Сәбиді «періште» дейміз. Ол дүниенің ақыретін,азабын сезеді. Кею – өкіну. Неге өкінеді? Өмір жолы,әр тармақтан тарау алған соң, адам күнәға батады. Жіберген қателіктеріне өкінеді. Әрине,ол – өкініш.
«Дүниеде ешнәрсе баянды емес,жамандық та өтеді» дейді отыз жетінші қарасөзінде.
Баянды –тұрақты емес мағынада. Басыңа түскен қайғы да өтеді. Бір күн ,бір күнге ұқсамайды. Әр күннің тағдырға жазуы бар. Жамандыққа қайғыру бекерге. Қайғы өтеді.
Қарасөздері
Абайдың қара сөздері 1890 жыл мен 1998 жылдар арасында жазылған.Жалпы саны 45 және оның әрқайсысы өз алдына жеке шығарма.Абайдың қара-сөздері ешкімге ұқсамайтын мораль,өсиет,толғау тәрізді көркем сөздің түрі."Ғаклия" деп аталатын бұл шығармасында Абай өзінің оқырмандары мен әңгімелесіп,жүздесіп,кеңесіп отырған ойшыл ұстаз түрінде көрінеді.Абай қара сөздеріндегі негізгі ортақ тақырып адам бойындағы адамгершілік,азаматтық,тазалық,ақтық жөніндегі тәрбиелі ойлар айтылады.
Он жетінші сөзінде Абай адамның жан-жақты,толық саналы болу үшін адамды адам етіп өсіретін ақыл,ғылым,қайрат,жүрек бәрі бірдей болып,тең табыссын деп талап қояды.
Қазақтың басын қосу-Абайдың арманы еді.Қазақпен күйініп,қазақпен сүйсініп,сырласып отырғандай.Абайдың қара сөздері-әлемді таңқалдыруда.Абай қарасөздерінде қвзіргі заманды жазып кеткен,көрген еді.Әрбір қарасөзі біз үшін құнды шығарма.Қарасөздерінде:адам, заман, қоғам.Осы үштікті ұштастыра білген.Адам кінәлә ме?жоқ заман ба?әлде қоғам ба?Абай ерекше сырласып сыр ақтарып отырды.Егер адам өзін-өзі түземесе,өзгені түзеуі екіталай дейді.Көбіне,заман дегенмен,заманды адам билемек.Олай болса,қоғам десек қоғамды адам түземек.
Абай өз заманында-әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөліп,толғанған.Ел билеуі не Абайдың!
Әрине,елге сая болу,елге қамқор болу, елге қорған болу.Абай халықты оятуды көздеген.Көкірегі ояу, көзі ашық болса , білімді болса...Абай-адамгершілікті,рухани байлықты көздеген.
Абай баланы жастан тәрбиелеуге үлкен мән береді.Ақыл мен білім теңдесе жоқ, ғылымға жетелейтін жол екенін жазған.Абай қара сөздеріне жеке тоқталып зерттеу,зерделеу керек.Түгел сөздің түбі бір десек.Қорыта келгенде Абай әлемі-бір тағылым.Абаймен әлемге танылуымыз керек.Абайдың әрбір қарасөздеріне бір кітап шығару,зерттеу,зерделеу әлі де жалғаспақ.Көңілге түйер ойымен көңілді ашар сезімге бой алдырар бір әлем бар.Ол-Абай әлемі.Абай-адамның жандүниесінің сарайы.Абай-өз заманында тұлға болып қалыптасқан,бір мектеп болып шәкірт тәрбиелеген,ұлы-ұстаз.Біздерге өшпес,өлмес мұра қалдырған,ұлы-ойшыл.Өзіңді танығың келсе-Абайды оқы,таңырқа!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет