Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті Қабылдаған Турсынбаева Г.А
Орындаған Мамедов А.С
Тобы: ЖМ 718
Тақырыбы:Венаға тамшылы инфузия жасау үшін системаны толтыру және венаға дәрі-дәрмектердің тамшылы инфузиясын жасау.
Мақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрге дейін қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).
Мақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрге дейін қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).
Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қан көлемін қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.
Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісіндегі ішкі беткі көк тамыр, білектің , қолдың, аяқтың беткейлік веналары.
Асқынулары
сепсис, (микробтардың қанға тарап кетуі)
ауа эмболиясы (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы)
гематома (қанды ісік)
тромбофлебит (көк тамырдың тромбозы және қабынуы)
флебит (көк тамырдың қабынуы)
АҚТҚ, вирустік гепатит (бауырдың қабынуы),
анафилактикалық шок
инфильтрат (тін бөлігінің қатаюы).
Дайындаңыз
Залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын системаны, мақта шариктерін, салфеткаларды, лотокты, қолғапты, масканы, екі кішкене ұзындығы 4-5 см жіңішке жабысқыш пластырьді, клеенкалы жастықшаны, резеңке бұрауды (венозды манжетаны), штативті, науқастың аты-жөні, палатаның № көрсетілген дәрілік ерітіндісі бар флаконды, анафилактикалық шокқа арналған жиынтықты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа жайлы қалып алуға көмектесіңіз (емшара науқастың арқасымен жатқан қалпында жүргізіледі), науқасқа қуықты және ішекті босатуын ұсыныңыз.
2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Тері антисептигіне суландырған мақта шариктерімен қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
3. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексеріңіз, флаконның атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, сыртқы түріне, бүтінділігіне көңіл аударыңыз. Флаконды ашқан күнін белгілеңіз.
4. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.
5. Иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімнің үстінен бұрауды байлаңыз. Көк тамырды тесетін жерін қараңыз.