Адал достық



Дата27.12.2016
өлшемі10,06 Kb.
#6058
түріСабақ

Адал достық

  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
  • «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» акционерлік қоғамының филиалы
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша
  • педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
  • Муканова Сауле Сакеновна
  • «Опытное поле орта мектебі» КММ

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

  • Мектеп: «Опытное поле орта мектебі» КММ
  • Мерзiм: Мұғалiм: МукановаС.С
  • Сынып: 4-А Оқушылар саны: 14
  • Тақырып: «Адал достық» №10 сабақ
  • Құндылық: Қиянат жасамау
  • Қасиеттер: Адалдық, татулық, бауырмалдық
  • Сабақ мақсаты: Бір-біріне адал дос болуға үйрете отырып,қиянат жасамау түсінігін кеңейту.
  • Міндеттері:
  • Досқа адал болу мағынасын ашу.
  • Татулық қарым-қатынастарын нығайту.
  • Оқушыларды бауырмалдыққа тәрбиелеу.
  • Сабақ барысы:
  • І. Ұйымдастыру кезеңi. (5Т еске түсіру)
  • 1. Тәртіп 2. Талап 3. Тыныштық 4. Тазалық 5. Татулық
  • Адалдық, татулық, бауырмалдық сөздерін айта
  • отырып үш топқа бөлу.
  • II.Тыныштық сәтi.
  • Нұрға бөлену
  • Жайлы, баяу музыка қойылады.
  • Сұрақтар:
  • 1. Тыныштық сәті ұнады ма?
  • 2. Қандай әсерде болдыңдар?

III.Үй тапсырмасын тексеру

  • 53-беттегі «Екі дос» әңгімесі
  • бойынша талдау сұрақтары:
      • Әңгіме желісіне не арқау болды?
      • Қолбасшының әрекетінен нені көруге болады?
      • Достыққа қиянат жасамауға оны не итермеледі?
      • Достықтарың сыналған кез болды ма?

IY. Дәйексөз Айнымас досы бар адам-ең бақытты адам Халық мақалы

Сұрақтар:

  • Мақалдың мағынасын қалай
  • түсінесіздер?
  • Y. Оқиғаларды әңгiмелеу(мұғалім сыйы)
  • Достық өмірлік нұсқа
        • *Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?
        • *Амал дос деген қандай дос?
        • * Достыққа қиянат жасала ма?

YI. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

  • 1-топ «Достық» сөзіне тірек сызба
  • сызу.
  • 2-топ «Адал дос» атты көрініс
  • көрсету.
  • 3-топ «Амал дос» сөзіне байланысты
  • көрініс көрсету.
  •  

Топпен ән айту

  •  
  • Дос болайық, бәріміз! Сөзін жазған: Х. Талғаров Әнін жазған: И. Нүсіпбаев 1. Әрқашан дос біргеміз Ажырамас іргеміз. Ілгері жүріңдер, Достық жырын біліңдер Ту ғып ұстап бірлікті! Еңбекті сүйіңдер!
  • Қайырмасы:
  • Дос болайық, бәріміз, Жарасып тұр әніміз, Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз!
  • 2. Қайраттанып қарышта, Озып шыққан жарыста. Батыл бас, жас ұлан! Самға биік, алысқа, Жұлдыздарға, ғарышқа, Бойда күш тасыған.
  • Үй тапсырмасы.« Менің жан досым» эссе жазу. Оқулықтағы 58-60 б.окып келу
  • Үй тапсырмасы
  • Оқулықтағы 58-60 бет оқып, талдап
  • келу
  • Соңғы тыныштық сәтi.
  • Сабақ соңындағы тыныштық сәті (2мин) Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
  • Жай дауыспен: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып, бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз де ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»
  • Соңғы тыныштық сәтi.
  • «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып, бәріміздің көңіл-күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз де ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет