Қадамды электржетек бұл басқару сигналды кері байланыс



Pdf көрінісі
Дата11.06.2020
өлшемі306,09 Kb.
#73054
Байланысты:
Қадамды қозғалтқыштар



Қадамды қозғалтқыштар

 

Қадамды  электржетек  –  бұл  басқару  сигналды  кері  байланыс 



құрылғыларынсыз белгілі қалыптағы фиксациясы бар ротордың бұрыштық 

(немесе сызықтық) ауысымына түрлендіретін электрмеханикалық құрылғы. 

Нақты  жүйелерді  жобалау  кезінде  сервомотор  мен  қадамды  қозғалтқыш 

арасындағы таңдауды істеу қажет. Қажетті момент пен жылдамдық мүмкін 

шектен  шықпағанда,  прецизионды  позициялау  мен  жылдамдықтың  дәлді 

басқарылуы қажет болғанда, қадамды қозғалтқыш ең экономикалық шешім 

болып табылады. Сонымен қатар, қарапайым қозғалтқыштардағы моментті 

жоғарлату  үшін  төмендетуші  редуктор  пайдаланылады.  Бірақ,  қадамды 

қозғалтқыштар  үшін  редуктор  әрқашан  келмейді.  Жылдамдықтың 

ұлғаюымен  моменттің  өсуі  болатын  коллекторлы  қозғалтқыштан  қадамды 

қозғалтқыштың  айырмашылығы,  ол  томен  жылдамдықтарды  жоғары 

моментке ие болады. 

Электржетектерді  басқару  жүйесіндегі  берілген  бұрыш  немесе 

ауысымды өндіру үшін атқарушы қозғалтқыштың шығыс білігінің бұрышы 

немесе қалпы бойынша кері байланыс датчиктері қолданылады (сурет 7.2). 

  

 



  

Сурет 7.2 – Кері байланыс датчигін қолданумен қозғалтқыштың шығыс 

білігінің бұрышын өңдеу жүйесі 

  

Егер атқарушы қозғалтқыш ретінде синхронды қадамды қозғалтқышты 



пайдаланса,  онда  кері  байланыс  датчиктерін  (Дт)  қолданбауға  және 

қозғалтқышты басқару жүйесін  (СУ) ықшамдауға болады, өйткені ондағы 

цифрлы-аналогты  (ЦАТ)  және  аналогты-цифрлы  (АЦТ)  түрленгіштердің 

қолдану қажеттілігі түсіп қалады. 

Қадамды  қозғалтқыштар  деп,  импульстер  түрінде  берілген  бұйрықты 

қозғалтқыштың  бекітілген  бұрылу  бұрышына  немесе  кері  байланыс 

датчиктері  жоқ  қозғалтқыштың  қозғалу  бөлігінің  орнатылған  қалпына 

түрлендіретін синхронды қозғалтқыштарды атайды. 

Қадамды  қозғалтқыш  бір  айналым  шегіндегі  ротордың  тұрақты  тепе-

теңдігінің кем дегенде екі қалпына ие болады. 

Қадамды  қозғалтқыштың  басқару  орамдарының  қорек  кернеуі, 

электронды  коммутатордан  (К)  түсетін  дара  полярлы  немесе  кос  полярлы 

тікбұрышты  импульстердің  тізбектілігінен  тұрады.  Қорытынды  бұрыш 

коммутатордың қайта қосылуының санына сәйкес, алқозғалтқыштың айналу 

жиілігі  электронды  коммутатордың  қайта  қосылуының  жйілігіне  сәйкес 

болады. 


 


Бақылау сұрақтары: 

1.  Қадамды қозғалтқыштың басқару сұлбасы? 

2.  Қадамды қозғалтқыш дарайвері деген не? 

3.  Кадамды қозғалтқыштардың қолдану аясы? 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет