Қағаз ағаш діңдерінен жасалады. Қағаз өндіру үшін қолданылатын ағаштар кесіліп, бөрене халіне келтіріледі. Алдымен қабықтары алынып, кейін майда-майда бөлшектерге бөлінеді
Қағаз – ағаш діңдерінен жасалады. Қағаз өндіру үшін қолданылатын ағаштар кесіліп, бөрене халіне келтіріледі. Алдымен қабықтары алынып, кейін майда-майда бөлшектерге бөлінеді. Бұл бөлшектер жуылып, ұнтағыш машинадан өтеді. Машинаның ішінде әртүрлі химиялық заттармен араластырылып, талшықтарға бөлінеді және қамыр халіне келтіріледі. Бұл қамыр ағаруы үшін жеке бір процедурадан өтеді. Кейін қамыр миксерге (араластырғышқа) салынады. Қамырдың ішіне қағаздың сапасын, суға төзімділігін арттыратын, немесе рең беретін түрлі-түсті химиялық заттар қосылады. Миксерден шыққан қамыр бір текті халге келеді. Қамыр жылжымалы лентаның үстіне төселеді. Суы сүзілетін және тығыз цилиндрлердің арасынан өтеді. Осылайша қағаз беттері пайда болады. Соңында ыстық цилиндрлердің арасынан өтіп, құрғатылады. Фабрикадан шыққан қағаздар үлкен рулон түрінде шығады. Оны өңдеушілер қалаған көлемде қырқып сатады.