Ағылшын пәнінің апталығы 2015-2016 оқу жылы 01 06 ақпан аралығында «Ағылшын тілі біздің айналамызда» атты ағылшын тілі пәні апталықтың қорытындысы



Дата17.02.2017
өлшемі43,29 Kb.
#9624
Ағылшын пәнінің апталығы

2015-2016 оқу жылы

01-- 06 ақпан аралығында «Ағылшын тілі біздің айналамызда»

атты ағылшын тілі пәні апталықтың қорытындысы

бойынша анықтама

01- 06 ақпан 2016 ж. аралығында ағылшын тілі апталығы өтті. Апталықтың мақсаты:

Мұғалімдердің кәсіби және шығармашылық шеберліктерін көрсету, таныстыру;

Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру;

   Апталық аясында пән мұғалімдері ашық сабақ пен сыныптан тыс іс-шара және сайыстар өткізді. Жоспарланған жұмыстар толық орындалды.

   01 ақпанда мектепішілік   саптүзеуде   апталықтың ашылуы болды. Апталықтың ашылуында  мектеп оқушылары өз өнерлерін ағылшын тіліндегі ән-жырмен   салтанатты түрде қатысты.Апталықта өтілетін   іс- шаралармен ағылшын тілі мұғалімі Қамасалиқызы Ә. таныстырып өтті.

Апталықта өткізілген ашық сабақтармен сыныптан тыс іс- шаралар және мектепішілік сайыстар өз уақыттарында өткізіліп отырды. 

01-06 ақпан аралығында өтетін ағылшын тілі

апталығының жұмыс жоспары

2015-2016 оқу жылы






Өтетін іс-шара тақырыбы

Сыныбы

Күні

Жауапты мұғалім

1

Апталықтың ашылуы

" Sights of London"

/ қабырға газетін шығару/


5-9 сыныптар

01.02.2016.

Қамасалиқызы Ә.

Ташмаханова А.К.



2

" Two capital cities"

/ ашық сабақ/



3"A" сынып

02.02.2016.

Ташмаханова А.К.

3

" English crosswords and rebus"

/ ребус, сөзжұмбақтар шешу/



5-6 сыныптар

03.02.2016.

Қамасалиқызы Ә.

Ташмаханова А.К.



4

" Do you speak English?"

/сыныптан тыс шара/



5"A" -сынып

04.02.2016.

Ташмаханова А.К.

5

" Museums in Kazakhstan"

/ ашық сабақ/



8-сынып

05.02.2016.

Қамасалиқызы Ә.

6

" The leader of the XXI century " / сыныптан тыс шара /

Апталықтың жабылуы, марапаттау рәсімі



7-9 сыныптар

06.02.2016.

Қамасалиқызы Ә.
Ташмаханова А.К.

Дүйсенбі куні " Sights of London" тақырыбында 5-9 сыныптар аралығында қабырға газеттерін шығарудан сайыс болды. Бұл сайыста 5 сынып оқушылары ағылшын тілін биылғы оқу жылынан бастаса да өздерін ұйымшылдығын көрсетіп газеттерді жоғары деңгейде шығарды. Сондықтан 1 орындарды 5" а" және 5 "ә" сыныбына берілді

Сейсенбі күні 3" а" сыныбында ағылшын тіліненен" Two capital cities" тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Ташмаханова А.К. өткізді. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті, мұғалім өз кәсіби шеберлігін көрсете білді. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді, оқушылардың көбісі үй тапсырмасын дұрыс орындап келген. Мұғалім оқушыларға көптеген қызықты мәлімет, көрсетті. Сабақтың құрылымын құрастыруда мұғалімнің шеберлігі   көрініп тұрды.

Сәрсенбі күні " English crosswords and rebus" тақырыбында 5-6 сынып оқушыларына ребус, сөзжұмбақтар шешу берілді. Оқушылар шешкен сөзжұбақтарды ағылшын тілі мұғаліміне беріп отырды. Нәтижесінде мынадай оқушылар марапатталды. 5 сыныптан Қамасали Жибек, Рашид Тайр және 6 сыныптан Қуанышбаев Алмат марапатталды.

Бейсенбі күні " Do you speak English?" атты сыныптан тыс шара 5" а" және 5"ә" сыныбы арасында сайыс түрінде өтті. Оқушылар жақсы дайындалып келгені көрініп тұрды. Сайыс бірнеше деңгейден түрды. 5 сыныпта осы уақытқа дейін өткен білімдерін яғни тапсырмалар барлығын қамтыды.. Сайыс қорытындысы бойынша 5"а" сыныбы жеңіскеижетті.

Жұма күні" Museums in Kazakhstan" тақырыбында 8 сыныпта ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Қамасалиқызы Ә. . Сабақ жақсы өтті. III деңгейлік   курстан өтіп келген мұғалім, сабақ жоспарын сол негізде жазды. Мақсаты оқушыға бағытталған. Сабақ жоспарына 7 модульдің 5-еуін енгізді. Бағалау модулі бойынша «Бірін-бірі бағалау» түрі алынды. Сабақта интерактивті тақта қолданылып оқушының жұмыс жасауына жағдай жасалды. Сонымен қатар сабақта көрнекілік құралдарды тиімді пайдалана білді. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді. Оқушылар өз білімдерін өздері бағалады. Сабақтың талдауы бойынша айтылған ұсыныс – уақытты үнімдеп пайдалану.

Сенбі күні " The leader of the XXI century " атты сыныптан тыс шара 7-9 сыныптар аралығындағы үздік оқушылар қатысты. Әр сыныптан 2 оқушы шықты. Сыныптан тыс шарада Ұлыбритания туралы толық мағлұматты білу керек болды. Оқушылар өздерінің білімдерін сайыста көрсете алды. Ағылшын тілін оқып жаткан ел туралы білу әр оқушының қызығушылығын оятты. Сайыс нәтижесі бойынша 21 ғасыр көшбасшысы атағына 9 сынып оқушысы Қуанышбаева Рахима лайық болды. Оқушылар шет тілі бойынша меңгерген білімдерін көрсетіп, апталықтың мәнді өтуіне ат саласты.

Мектепішілік лездемеде апталықтың қорытындысы бойынша сыныптар марапатталып мадақтамалар берілді

 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет