Ақыл-ойы кем бала балалардың ойлау қабілетін дамытутүзету жұмысының басты бағыттарының бірі және танымдық қабілеттерін жетілдіруде, оларды әлеуметтендірудегі басты фактор болып есептеледі
Ақыл-ойы кем бала балалардың ойлау қабілетін дамытутүзету жұмысының басты бағыттарының бірі және танымдық қабілеттерін жетілдіруде, оларды әлеуметтендірудегі басты фактор болып есептеледі. Ойлау қабілетін дамытуда түрлі дидактикалық, қозғалмалы, сюжетті-рөлдік ойындар, сюжетті сурет бойынша әңгіме желісін құрау, құрастыру ойындары және тағы басқа жұмыстардың маңызы зор. Ойын үстінде баланың сана-сезімі, психикалық процестері қалыптасып, сөйлеу тілі дамиды. Түзету сабақтарында мынадай ойындарды қолдануға болады: «Кілтті ал», «Пойыз» ойыны, «Ұқсас, ұқсас емес», «Қайсысы немен қоректенеді?», «Қате суреттер». Бұл ойындар арқылы «ерекше» балалардың ынтасы, қызығушылығы артады, ойлау, есте сақтау қабілеттері дами түседі.