- Қайранкөл негізгі мектебі
- Аудан: Жамбыл ауданы
- Мұғалім: Умарова Назгүл Сейпатталқызы
- Пән: Қазақ тілі
- Сынып: 5 сынып
- Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар, олардың түрлері.
Мақсаты: - Мақсаты:
- 1)оқушылардың дауысты дыбыстар туралы алған білімдерін бекіту, дауыссыз дыбыстардың түрлерімен таныстыру, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
- 2)ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, дыбыстарды талдауда шапшаңдық танытуға үйрету.
- 3) ана тілін құрметтеуге,
- ұлы ғұламалардың өсиеттерін бойына сіңіре отырып адамгершілікке, іздемпаздыққа тәрбиелеу.
- Сабақтың түрі: саяхат сабақ
- Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы
- Сабақтың жүру жоспары:
- Қызығушылықты ояту
- Мағынаны ажырату
- Ой толғаныс
- Сабақты бекіту
Сабақтың ұраны: - Сабақтың ұраны:
- Қазақ тілім - өз тілім дана тілім,
- Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
- Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
- Болашағым, бақытым қазақ тілі
Үй жұмысын тексеру - Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
- Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қандай болады?
- Жақтың қатысына қарай қандай болады?
- Ерін мен езудің қатысына қарай қандай болады?
- Әріп пен дыбыстың айырмашылығы неде?
ФОНЕТИКА - ДЫБЫСТАР
- ДАУЫСТЫ ДАУЫССЫЗ
Ертегі - Ерте ерте ертеде ешкі жүні бөртеде аспан мен жердің арасында сонау Жайықтың жағасында «Дыбыс» хандығы болыпты. Дыбыс хандығын Фонетика деген хан басқарыпты. Хандықтың алып жатқан аумағы ұшқан құстың қанатын, жүрген аңның тұяғын, адамның аяғын талдыратындай үлкен болыпты. Фонетиканың қол астында дыбыстар қауымы өмір сүріпті. Қауым Дауысты дыбыстар ұлысы мен Дауыссыз дыбыстар ұлысына бөлініпті.
- Дауыссыздармен көрші отырған Дауыстылар ұлысын Дауысты ақсақал басқарыпты. Дауысты қария табиғатынан сөзге шешен, әнге ұста, жезтаңдай, күміс көмей, рухани мәдениеті зор қария екен. Оның бұл жақсы қасиеті барлық ұрпақтарының бойында бар екен. Бұлардың ішінде жат адам көрсе шүйіркелесіп сөйлесіп кететін «ашықтар» да, бөтенді көргенде бұйығатын «қысаңдар» да бар.
- Дауссыз дыбыстар ұлысын жасы жүзге таянған Дауыссыз қария басқарыпты. Дауыссыз ақсақалдан тараған жиырмадан астам ұрпағы болыпты. Ақсақал туысынан сөзге шорқақ, тұйық болғандықтан, өзінің балалары да сөзге сараң болып ер жетіпті.
- Қария Қатубай, Кендірбай, Пернебек, Фазабек сияқты мінездері қатты, алған беттерінен қайтпайтын бір сөзді, қайсар да алғыр ұлдарын елдің қорғаны болсын деп алға бір бөлек қойыпты. Ал, орташа Бәтібек, Вагонбай, Ғаламшарлар алдыңғы буын ағаларына қарағанда мінездері өзгешелеу, жұмсақтау екен.
- Кіші Ризабек, Лазыбек, Нарбай, Меңбек ұлдары алдыңғы ағалары сияқты қайтпас қайсар да, тұйық та емес, жиын-тойда «әу» деп айтарлық дауысы бар, «ауыздыға- сөз, аяқтыға – жол бермейтін» шешен де емес, бірақ ешкімге сөзден есе бермейтін «үнді» жандар болыпты.
Әр елдің бір тентегі болады дегендей, екі елдің арасында іріткі салып, не онда жоқ, не мында жоқ жүрген бір жан болыпты, оның аты Ужан екен. - Әр елдің бір тентегі болады дегендей, екі елдің арасында іріткі салып, не онда жоқ, не мында жоқ жүрген бір жан болыпты, оның аты Ужан екен.
-
- Ужанның қылығына шыдамаған ақсақалдар оның мәселесін талқыға қояды. Ақсақалдар Фонетика хандығына жүгініпті. Фонетика хандығы мынадай шешім қабылдапты: «Дауыссыз ағайынмен тіркескенде дауыстының, дауысты ағайынмен тіркескенде дауыссыздың сөзін сөйлеп, екі рулы елдің арасын бітістіріп жүретін бол» деп үкім айтыпты.
- Бұл шешімді Дыбыс атаның барлық ұрпақтары қолдапты. Сонан бері қаншама жылдар, ғасырлар өтсе де Дыбыс хандығы тұтастығы бұзылмай, іргелі ел болыпты.
Дауыссыз дыбыстар - Қатаң ұяң
- п, ф,к,қ, т, с, б,в,г,ғ,д,ж,з
- ш, щ,х,ц,ч,һ
- үнді
- р,л,й,у,м,н,ң
-
-
Абай Құнанбайұлының қара сөзі - Адам ата-анадан туғанда, есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады.
- Мәтінді оқып,і дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратыңдар.
| | -
- Адам өмірге ақылды
- болып келмейді.
- Ол үшін естіп, көріп, оларды ойға тоқу керек.
| - Еңбектенуде;
- Табандылықта.
| - Білгені, көргені көп және оларды ойына тоқыған адамды білімді, ақылды десе болады.
| | - Берілген білімді,
- Айтылған ақылды зейінмен, көңіл қойып тыңдап, ұғып алуға болады.
| | Ұқсас сөйлемдер құрастырыңдар. - Үлгі: Таудың табиғаты тамаша. Талғат, Таңат, Тұрарбек, Темір төртеуі тау табиғатын тамашалап, таңқұрай терді.
Бергі ата ауылы. Сөйлемдегі қатаң дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар. - “Еліміздегі барлық мектептер мен оқу орындарында қазақ тілінде оқыту үрдісі жүріп жатыр.”
П – б; ...АЙДАСЫЗ, ...АЛАСЫЗ, ...АЛЫҚ, СА...АҚ, СА...ТАУ, ҚА...ЫЛДА, ЛА...ЫЛДА, СА...АР; - П – б; ...АЙДАСЫЗ, ...АЛАСЫЗ, ...АЛЫҚ, СА...АҚ, СА...ТАУ, ҚА...ЫЛДА, ЛА...ЫЛДА, СА...АР;
- Т – Д; БА...ПАҚ, СА...АҚ, ...АҚ, ...АБЫС, ...АЛАП, ...ӘРІ, ...АНАЛЫҚ;
- К –Г; Ә...Е, Е...ІН, КӨ...ТЕМ, ...ҮЛ, ...ЕРЕМЕТ, ТӨ..., ТЕР...ЕУ;
- Қ –Ғ; ҚА...АЗ, ҚА...ТЫ, БА...ДАРЛАМА, БА...ЫР, ...АСЫР, ...АРЫШ, ...АСЫҚ;
- С – З; А...АМАТ, СҮ...БЕ, ...АҒЫЗ, ҚА...;
- Ш – Ж; ША...ПАУ, ҚА...ЫМАС, ҚА...ҚЫН, ...АПЫРАҚ, ...ИЕН, ...АТТЫҚ, ...АЛТЫЛДА. АРҒЫ ата ауылы
Баба ата ауылы. “Адасқан әріптер” - текмпе қбаса
- ақал ұғмаімл
- лөек тғиабт
- сірек рөен
- бсыды өнез
- Ұяң дауыссыздарды атап айт.
Өзіңді тексер! - мектеп сабақ
- қала мұғалім
- өлке табиғат
- серік өнер
- дыбыс өзен
-
Ұлы ата ауылы Фонетикалық талдау - Ғалым
- Ғ – дауыссыз, ұяң
- А – дауысты, жуан, ашық, езулік
- Л –дауыссыз, үнді
- Ы – дауысты, жуан, қысаң, езулік
- М – дауыссыз, үнді
Түп ата ауылы ВЕНН диаграммасы - дауыстылар ортағы дауыссыздар
Өзіңді тексер ВЕНН ДИАГРАММАСЫ - дауыстылар ортағы дауыссыздар
-
- Ауа өкпеден кедергісіз
- шығады,
- жуан, жіңішке;
- ашық, қысаң;
- еріндік, езулік,
- үннен тұрады.
- дыбыс;
- әліпби;
- жазылады;
- айтылады;
- таңбалар -әріптер;
- Өкпеден шыққан ауаның
- кедергіге ұшырап
- шығуынан жасалған;
- қатаң, ұяң, үнді;
- салдыр мен үннен тұрады.
Сергіту сәті Тек ата ауылы “Тізбектен шығып қалма” - Алфавит тәртібі бойынша сөздер айту.
“У” дыбысының дауысты, дауыссыз екенін ажырат - Ауа, ауыл, дауыл, қауын, жауын, бауырсақ, бауыр, әуен, дәуір, ауылдас, аудан, тауық, бояу, қоңырау, белбеу, дәулет, жайлау, уақыт, Уәли, тәулік, елу, қурай, улы, ту, сурет, шашу
Тексер! - ауа, ауыл, дауыл, қауын, жауын, бауырсақ, бауыр, әуен, дәуір, ауылдас, аудан, тауық, бояу, қоңырау, белбеу, дәулет, жайлау, уақыт, Уәли, тәулік.
- елу, қурай, улы, ту, сурет, шашу
Оқулықтағы мәтінді оқыңдар. - Оқулықтағы мәтінді оқыңдар.
- Алматы апортының өзіндік тарихы бар. Өткен ғасырдың орта шенінде Алматыға Орал уезінен Редько деген орыс шаруасы ат арбамен көшіп келеді.
- Ол Оралда апорт алмасын өсірген екен. Соның бір жас бұтағын құмыраға отырғызып, баптап күтіп, өзімен бірге ала келеді. Бір жыл «жол жүрген» ағашты Алматы жеріне отырғызады. Әлгі бұтақ аз жыл ішінде үлкен алма ағашқа айналып, жеміс береді. Бір ғажабы, жаңа қонысында бұл апорт көлемі мен дәмі жағынан өзінің атамекеніндегі күйінен әлдеқайда асып түседі. Сөйтіп ойда- жоқта Жер шарында Қазақстаннан басқа жерде өспейтін апорттың жаңа сорты пайда болған екен.
- Құрамында үнді дауыссыздар кездесетін сөздерді көшіріп жаз.
Шығармашылық жұмыс - А)Бағбан бақшада алма өсірген. Неліктен нақты алманы өсірген?
- Өйткені, ---------------------------------------------------------------------
- Ә) Бағбан бақшада алма өсірді. 8 жылдан кейін оның қалай өскенін көрсеңдер!
- ---------------------------------------------------------------------------------
- Міне, осындай алма өсті!
- Б) Бағбан алма өсірді. Ол қалай болғанын білесіңдер ме?-----------
- --------------------------------------------------------------------------------------
- Міне, ол жағдай солай болды.
Сабақты қорыту Семантикалық карта Өзіңді тексер Семантикалық карта Сабақты бекіту - . 1.Фонетика нені зерттейді?
- 2.Дыбыс неше түрлі сипатта болады?
- 3. Дауыссыз дыбыстырдың түрлері қандай?
Үй жұмысы: - “У” дыбысы туралы жұмбақ құрастырыңдар
-
Бағалау - “Ия” немесе “жоқ” деген сөзді жаз
| - Сабақта тапсырма-ларды дұрыс
- Істедің бе?
| - Дауыссыз дыбыстар туралы білім алдың ба?
| | | | | |
Достарыңызбен бөлісу: |