Акция туралы



Дата26.06.2018
өлшемі0,75 Mb.
#44800
Акция туралы
21 ақпанда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2013 жылы халық жаппай оқитын кітапты таңдау үшін «Бір ел – бір кітап» акциясының ұйымдастыру комитетінің отырысы болып өтті. Ол акцияның ұйымдастыру комитетінің төрағасының орынбасары, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әкім Таразидың жетекшілік етуімен өтті.

Талқылауға ұйымдастыру комитетінің мүшелері – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, академик Ғарифолла Есім, жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры Әлібек Асқар, ақын, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ЕҰУ «Алаш» мәдени және рухани даму институтының директоры Амантай Шәріп, аудармашы-жазушы, Мәдениет қайраткері Ақайдар Ысымұлы, Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Гүлжамерия Қазина, жазушы, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Айгүл Кемелбаева, ақын, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Дәулеткерей Кәпұлы қатысты.

Талқылауға Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» романы, Сәкен Сейфуллин поэзиясы, Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы, Фариза Оңғарсынованың өлеңдері, Мұқағали Мақатаевтың лирикасы, Сайын Мұратбековтың «Басында Үшқараның...» атты прозалық шығармалары, Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романы, Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым» романы, Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы, Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясы енген еді. Талқылау барысында қазақ әдебиетінің классикалық шығармасы ретінде оқылуға лайық осынау әрбір шығарманың құндылықтары туралы айтылды. Алайда ұйымдастыру комитеті мүшелерінің көпшілігі өз дауыстарын Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың поэзиясы үшін берді. Акцияның кітабы ретінде ақынның «Дауа» атты лирикалық жыр кітабы ұсынылды.

Бүгінде Фариза Оңғарсынова Қазақстанның ең көп оқылатын авторы болып саналады. Оның шығармашылығының негізгі тақырыптары – сүйіспеншілік пен жек көрушілік, ерлік пен қорқақтық, жақсылық пен жамандық. Өзінің көптеген өлеңдерін ақын туған ауылына, жерлестеріне және бүкіл қазақстандықтарға арнады. Фариза Оңғарсынованың шығармаларына әлеуметтік пен азаматтық тән, ақын жырлары отансүйгіштік рухты оятып, туған халқын сүюге, құрметтеуге, оның дәстүрлері мен мәдениетін қастерлеуге шақырады. Фариза Оңғарсынова әлі күнге қазақстандық поэзияның дамуына өз үлесін қосуда: ол «Тұмар» атты республикалық-көркем журналдың бас редакторы болып табылады, сонымен қатар жас талантты әдебиетшілерді қолдайды.



Жыл бойына Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада ,және облыстық, аудандық және ауылдық кітапханаларда, әртүрлі оқу орындары мен мектеп кітапханаларында Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған іс-шаралар өтетін болады. Акцияға жыл сайын білім беру мекемелері, сондай-ақ әскери бөлімдер қатысады.
Каталог: onebook -> content -> акция%202013
content -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
content -> «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Батыс Қазақстан облысы кітапханаларында өткізілген шаралар туралы ақпарат. Биылғы жылы Қр мәдениет және ақпарат министірлігі
content -> Ілияс Есенберлин (1915 — 1983 жж.)
content -> «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында облыс кітапханаларында өткізіліп жатқан шаралар туралы ақпарат Биылғы жылы Қр мәдениет және ақпарат министірлігі
акция%202013 -> Замандастар көзімен
content -> Ел оқитын кітап таңдалды! Қымбатты жерлестер!
content -> Батыс Қазақстан облысы кітапханаларында «Бір ел бір кітап» акциясы бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы ақпарат.
content -> Мұратбеков Сайын
content -> Оралхан Бөкеев (1943-1993)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет