Қалаға кетсем ауылдың иісің сағынам



Дата06.12.2022
өлшемі13,93 Kb.
#161581
Байланысты:
Документ


Қалаға кетсем ауылдың иісің сағынам...
Қалам ап қолға «ауыл» деп жырды бастадым,
Ауылым менің жерұйық жерім, асқарым.
Ажыдай мекен әлемде жоғын білемін,
Ажыда бөлек жарқырап тұрар аспаным.

Ауылым менің көркейіп жатыр гүлденіп,


Сенбесең өзің көріп кет мұнда бір келіп.
Ауылдан шыққан өнерлі жастар бәйгеде,
Сүрінбей келіп, алады төске жүлде іліп.

Аңсаған арман, жеткізбес мұрат бәрі бар,


Мақсатың болса шабатын тұлпар табылар.
Қаншама қазақ кетсе де көшіп қалаға,
Кешкісін жатып, ауылдың иісің сағынар.

Ауылда ешкім қалмайды елдің көшінде,


Шабады шөбін, жайлайды малың төсінде.
Қаншама қазақ шыққан ғой шағын ауылдан,
Ұмытпай соны, сақтап жүр мәңгі есіңде.

Бітпеген тірлік жетерлік түні-күнімен,


Сөйлесем егер ауылдас тұрғын үнімен.
Салынсын деген жол менен мектеп жақында,
Салынса шіркін күмбезді мешіт шынымен.

Болады бәрі қаласа Алла сәт салып,


Келеді бәрі жылменен жылға жақсарып.
Қалаға кеткен ағайын-туыс қайтындар,
Айтайын сізге ауылдын жайын мақтанып!

Бұл жерде туған халықтың сыйла, құрметте,


Намысты ұлы-қыз, ұяты-ары тұр бетте.
Ауылда қалған, тастамай Ата қоңысын,
Ажылық тұрғын шынымен лайық құрметке.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет