Алаш қазақтың ұлттық идеясы



бет1/2
Дата17.10.2023
өлшемі28,47 Kb.
#185974
  1   2
Байланысты:
Документ (1)


Алаш қазақтың ұлттық идеясы.
Алаш деген сөзді естігенде әрбір қазақтың бойында бір серпін күш пайда болады. Бұл ақиқат. Алаш бұл ежелгі түрік сөзі-бауырластар, қандастар деген ұғым. Ұғым көне заманда пайда болсада, қазіргі таңда өзегін жоғалтпаған ұлы сөз, һәм ұлы саяси, рухани идеялы ұғым. Қазақта «Алты Алаш» деген сөз тіркесі бар. Бұл тегін емес. Қазақ тегі бір рулардан құралған, сол әр руды бір шаңыраққа біріктіретін осы Алаш деген ұлы сөз. Күнделікті теледидардан, радиодан, газеттерден «Алаш» сөзінің айрықша мән беріліп айтылғанына, жазылғанына куә болудамыз. Яғни, алланың қалауымен қазақ баласының жаны мен жүрегіне, ойы мен пікіріне, санасы мен сезіміне «Алаш» ұғымы уақыт өткен сайын бойлай түсуде. «Партия ұраны десек бабамыздың Алаш ұранынан артық ұранды іздесекте таба алмаймыз. Сүйтіп қазақ саяси партиясының атын Алаш қою ойлап әуре болмастан ауызға түсіп отыр»- делініпті Алаш партиясы құрылған Бірінші жалпықазақ сьезі жөнінде жазылған «Қазақ» газетіндегі сүйінші мақалада [1, 414 б].
Ұлттық идея дегеніміз халықтың ерекшелігін, өткені мен бүгінін сабақтастырып, болашақ бағдарын айқындайтын, ұлт алдына ұлы мақсат қойып, сол мақсат жолында жұмылдыратын күш болып табылады [2, 132 б]. Ұлттық идея өзінің алдына қойған мақсатты үлкен сұрақтарды қамтиды. Біріншіден, кез-келген ұлттық идеяның мазмұны біз кімбіз қайдан келдік қайда барамыз сұрақтары. Екіншіден ұлттық идея белгілі бір сәтте тумайды, халықтың күрделі даму жолдарын оның өзімен бірдей басып өтіп қалыптасады, қолдан жасалмайды, халықтың мәдениетінен, салт-дәстүрінен туындайды, үшіншіден, Алаш идеясы тек қана идея күйінде қалған жоқ , ұлттық идеология қызметін атқарды. Төртіншіден идеологиялық құралы болары ақиқат. Алашорданың басты идеологы Әлихан Бөкейхан да, идеологиялық құралы «Қазақ газеті» болғандығы белгілі [2, 131 б]. Алаш зиялылары елі үшін туған ұландар ашаршылық кезеңінде бесеудің хаты жазылды. Ғабит Мүсірепов, Мансұр Ғатаулин, Емберген Алтынбеков, Мұташ Дәулетқалиев, Қадыр Қуанышев сияқты ұлт зиялы қауымының бірігіп жазған хаты. Қазақтардың қиыншылығын яғни мал басының келуі, асыра сілтеушіліктер мен көзбояушылықтар, егіс туралы, отырықшылдық жайлы, ұлт саясатының бұрмалануын осы аталған жағдайды Тұрар Рысқұлов Сталинге хат ретінде жазды және оған қоса төрт ұсыныс қазақтарды жұмысқа орналастыру, қоныс аударуды тоқтату жайлы қаржыны дұрыс реттеу, қазақтардың тұрмыс жағдайлары жазылды [3, 43-45 б].
Тіл көмілер, көшілмес еткем ісім,
Ойлайтындар мен емес біркүнгі ісін.
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын.
Ел бүгіншіл менікі ертең үшін деп Ахмет Байтұрсынұлы атамыз өзінің бүгінгі күн үшін емес, ұрпақ үшін еңбек ететінін айтқан. Мойындағы борышты білу-білім ісі, борышты төлеу адамның ісі дейді атамыз тағы бір қанатты сөздерінде [3, 38 б].
Сонау 20 ғырдың басында елдің еркіндігі үшін күрескен ерлер қалаған осы қасиетті сөз тәуелсіздігіне жеткен қазақ баласына да соншалықты қымбат, аяулы ұғымға айналуда. Бұл санамыздың жаңғыруы, тарихи тамырларымызды қастерлеуіміз, елдіктің белгісі, өсер жұрттың өнегесі. Алаш орда сөзінің мағынасына келсек, айтып кеткендей алаш бірлік, ал орда сөзі бір мемлекет, бір шаңырақ бірігу ұғымына тұспа-тұс келеді. Яғни бір орталыққа, бір шаңыраққа бірігуге шақырады. 20 ғасырдың басында қазақ зиялыларының ұлт қамын ойлап, жұдырықтай жұмылуына, һәм Алаш идеясының жедеғабыл пісіліп-жетіліп, жүзеге аса бастауына үлкен әсер еткен оқиғаларды атап өту абазалырақ болар. Бірінші кезең-1905-1912 жылдар, екінші кезең-1913-1916 жылдар, үшінші кезең-1917-1920.
1905-1912 жылдарды ұлт зиялыларының қалыптасу кезеңі деп аталады. 1913-1916 жылдарды қамтыған кезеңді ұлттық ұйысу кезеңі деп атаймыз және соңғы 1917 патша билігі құлағаннан кейін 1920 жылдың көктеміне дейін созылған ең қарқынды кезеңді Алашорда кезеңі деп атағанды жөн санаймыз [4, 8-9 б]. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің негізгі себебі, патшалық Ресейдің ұлттық және әлеуметтік езгісінің шектен тыс шығуы еді. Бұл жайлы ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан «Қазақ жұрты түптен келе жатқан зорлық, тепкіде өскен деп өзінің ашық хатында айтады [5, 11-12]. Дәл сол кездегі тұтанғалы тұрған отқа май құйғандай болған бұратана халықтан қара жұмысқа, еңбекке қабілетті ер азаматтардың барлығын алу, халықтан күштеп мал жинау, салық түрлерінің көбеюі, бай-болыстардың елді қанауы, бай балаларының ол жаққа бармай жасын үлкейтіп немесе кішірейтіп қалып қойып, оның орнына кедей халықтың балалары баруы, тіпті қарттардың жасын қырықта деп көрсетіп майдандағы тыл жұмысына жіберген кездерде болған осындай жағдайлар халықтың наразылығын туғызды. Алаш зиялылары бұл мәселеде жақсы пікір ұстанды Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы «Бірі барса, алынған жігіттер қазаға, бейнетке ұшырайды, екіншісі бармаймын деп қарсылық қылса елге зор бүліншілік келеді» - деп, қан төгілун қауіп қылып, бұл амалсыздық шарасы екенін алға тартты [3,15]. Міне осындай ойлары арқылы ол кісісер халықтың амалсыздығын алға тартып, тыл жұмысына баруға үндейді. Яғни бармаса текке қырылады, барса қырылудан сақтанады, бірақ бейнет шегіп, ол жердеде өліп кетулері мүмкін. Тыл жұмысына Міржақып Дулатұлы, Ғазымбек Бірімжанов сияқты ұлт жанашыр тұлғалары да барды. Әскердегі қазақ жұмысшылары үшін маңызды-маңызды ұсыныс талаптар ұсынды. Олар: 1) бір ғана баласы бар үйден, әскерге адам алынбасын.Көп баласы бар үйдің бір баласы қалдырылсың. 2) майдан даласында қазақтар өз алдына қос болсын. 3) басшылармен сөйлесетін тілмаштар болуы қажет. Өздері арасынан ақсақал сайлансын. 4) намаз сияқты құлшылықтарынан тыйылмасын. Араларынан молдалар сайлансын. 5) тамақтары шәй, қой еті, тұздалған сиыр еті болсын және шошқа еті сияқты харам тағамдар берілмесін. Тамақтары өз қолдарына берілсін. Өз алдына қазаншы сайлану қажет. 6) жігіттер әскерге күзгі жиыннан кейін алынсын деп өздері демократиялық партия негізінде осындай негізгі талаптар айтты [6]. Алаш ордашылар бұл сөздері арқылы халықтың жағдайын жақсартуға тырысты, ұмтылды. Олар алдағы уақытта болатын қиыншылықтан, қауіп қатерден қорықпай ел мүддесі үшін барын-салып демократиялық көзқарастарын ұсынды. Қазіргі таңда Ақжол демократиялық партиясы сияқты халық үшін жұмыс жасайтын, елін ойлайтын партиялар бар. Ақ жол партиясы жастарға тарих, әдебиет сияқты рухани сабақтастықты дәріптейді.
Енді 1917 жылы Ақпан революциясы болды. Нәтижесінде патша үкіметі құлады. Қазақ елінде 1917 жылдың 5 мен 13 желтоқсан аралығында Орынборда өткен жалпы қазақ сьезінің шешімімен жүзеге асты. Сьезге әр аймақтан бірнеше делегат келді. Алтай губернасы мен Самарқаннан 58 делегат, тағы қосымша 8 делегаттан, шақырту алған 15 азамат сьезге қатысты. Бұл сьезге 81 делегат келді. Міне осы кезде бұрын Алаш партиясы, Алаш орда үкіметі болып Орынбор қаласында 1917 жылы 13 желтоқсанда жалпы қазақ сьезіде құрылды және де Алаш автономиялық республикасы болып 28 күні қайта құрылды. Осы маңызды хронологиялық даталар Алаш орда үкіметі атын аспанға шығарды. Олар ашық демократиялық көзқарастарын білдіре бастады. Министрлікке Уалитхан Танашұлы, Халел Досмұхаммедұлы, Айдархан Тұрлыбайұлы, Бірімжан Ахмет Қорғанбекұлы, Ғаббас Халел Ахметжанұлы, Аманжол Садық Аюкенұлы, Мұстафа Шоқай жәнеде облыстардан тысқары Әлихан Бөкейхан, Жанша Досмұхаммедұлы, Ермек Әлімхан Әбеуұлы, Мұхаммеджан Тынышбайұлы, Құлман Бақтыгерей Ахметұлы, Жақып Ақбай, Мәмет Базарбай, Отыншы Әлжан ал Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Сәрсен Биахмет Шигедекұлы, Елдес Омар, Телжан Шонан Алаш орданың оқу коммиссиясының мүшелері болып сайланды [7, 17-19]. Әлихан Бөкейхан Алаш орда үкіметінің басшысы болып бірауыздан мақұлданданды.
Бұл Жаңа Қазақстандық парламенттік республиканың алғаш құрылуы болып табылады. Азамат соғысынан кейін елде Кеңес үкіметі түпкілікті орнаған соң 1922 жылы «Степная правда» газетінде Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің қызметін біржақты айыптаған мақала шықты. Бұл мақала бойынша Алаш партиясының мүшесі болған Қ. Байділдин, А. Кенжин өз көзқарастарын баспасөзде жариялады. Олар «Алашорда үкіметінің құрылуы мен қызметі қазақ халқының автономияға деген табиғи ұмтылысы болды, сондықтан да оған обьективті баға берілу қажет» деп, атап көрсетеді [8]. Елім деп еңіреген алаш азаматы Әлихан Бөкейхан 1917 жылға дейінгі және одан кейінгі кезеңде өзі 7 рет тұтқындалып, бірнеше тәуліктен 4 және 8 айға дейін түрмеде отырып шығып, 2 рет саяси айдауда болған. Оның ішінде Самарада 8 жылын өткізсе, Мәскеуде қауіп -қатерге толы 15 зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда 10 жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937  жылы тамызында қайта тұтқындап, 1 айдан кейін жалған жаламен 71 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі. Ұлт көсемі 1908-1917 жылдары саяси айдауда жүрген Самардан алынған тың мәліметтерге қарағанда, дәл осы жылдары Әлихан Бөкейхан кадет партиясының Самара губернелік комитетіне мүше болады. Сонымен қатар қазақ қайраткері 1912 жылы кадет партиясының Орталық комитетіне мүше болды [8, 9 б]. Оған қоса Қазақтың «Алаш» атты ұлт-азаттық қозғалысы мен партиясының және Ұлттық-территориялық автономиясының жетекшісі Әлихан Бөкейханның редактор болуымен шығып тұрған «Иртыш», «Омич», «Голос степи» газеттерінің біріншісі- «Иртыш» сандарының басым көпшілігі Омбыда сақталған, ал «Омич» Томскіден табылды [8, 7 б].
Бұл дегеніміз Зиялы қауым өкілдерінің қазақ ұлты үшін жасаған еңбектері ұшаң теңіз. Бір ғана Әлихан атамыздың өзі 3 газет, ал Байтұрсынұлы қазақ газетін шығарды газеттер шығару арқылы қазаққа, ұлтына еңбек етті. Әрқайсысының жазған кітаптары, газеттері, бұл қазақ халқын ояту үшін ағартушылық бағыттағы жасалған шаралары еді. Менің жазып отырғаным зиялы қауым өкілдерінің еңбектерін толықтыра алмайды. Ал олар өмірлерінің соңғы кезеңдерінде алаш үшін жігерлі еңбек етіп, тәуелсіз ел болуға ұмтылды. Алаш орда үкіметі мүшелері қуғын-сүргінге ұшырап, сол ұлт мақсаты үшін өмірлерін сарп етті. Оларды қанша жерден қинасада, олардың рухы сөнбеген. Бұл недеген мықты рух, қазіргі қоғамда алаш арыстарын жастарға дәріптеу қажет. Жалпы алаштанудың негізін салып берген және тарихнамасының бастауында тұрған алаш қайраткерлерінің өздері болатын. Алаш қозғалысы мәселесіне алағашқылардың бірі болып қалам тартқан осы қозғалыстың көшбасшысы болған Ахмет Байтұрсынұлы еді. Ол «Революция және қазақтар» деген мақаласында қазақ зиялылары мен Алашорда үкіметінің қоғамдық-саяси қызметінің негізгі бағыттарына терең талдау жасай отырып, ең алдымен олардың қабылдаған саяси шешімдерінің табиғатына үңілу қажеттігін ескертеді [9]. Алаш орда пайда болғаннан кейін өзінің нақты һәм маңызды тарихи бағдарламаларын ұсынды.
Яғни 1) «Мемлекет қалпы» бұл бойынша Алаш орда Автономиялы Республикасы болып құрылуы керек және оны сайланған министрлер, депутаттар басқарады. Мемлекеттің басшысы болуы керек. Яғни қазіргі тілмен парламенттік жүйе болып басқарылуы керек. 2) Автономияға ешқандай қысым жасалмауы және өзін-өзі басқаруы қажет. Тек Ресейдің билігі шектеулі болады. 3) Адамдарды дініне, ұлтына, тіліне қарап, ер немесе әйел екеніне қарамауы, олардың барлығын бөлмеуі қажет һәм бәрі тең. 4) «Дін ісі» дін мен мемлекет бөлек болуы, екеуі бір-бірінің ісіне араспауы тиіс. 5) Билік һәм сот. Сот жүзінде бүкіл ұлт тең, сот жүргізуші басшылары жергілікті жұрттың тілін білуі міндетті.Үкім тез заң жүзінде шығуы қажет. 6) Ел қорғау Алаштың өз атты әскері болады, әскердегі жастар өз елінде қызмет атқарады. 7) Салық. Салық мемлекеттің маңызды бөліктерінің бірі, сондықтан салық жағдайға қарап салынуы керек. 8) Жұмысшылар Барлығы бірдей жұмыс жасағандықтан оларды бөлмей айлығының берілуі, заң алдында қорғалуы және қосымша сыйақы тағайындалуы, аз жұмыс жасап көп демалуы міндетті. 9) Елімізде ортаңғы білім беру мектептері, универсеттер, оқу орталықтары ашылып барлық жағдай жасалуы, оқыту тегін, әрі барлығына бірдей білім берілуі қажет. Соңғы 10) Жер үлестіргенде ең алдымен жергілікті қазақтарға берілуі, жер мәселесіне патшалық Ресейдің араласпауы, жерді сатпауы, жер үлестіргенде арнайы комитет құрылуы міндетті. Жердің астыңғы және үстіңгі байлығы земствада болуы керек [7, 19-22б].
Міне Алаш ардақтыларының халқына теңдік алып беремін деген мұраттары осы бағдарлама аясында анық байқалады. Бұл бағдарлама қазіргі таңдағы дамыған менмін деген мемлекеттердің конституциясымен тепе-тең дәрежеде немесе басып озбаса артта қалуы екі талай. Айта кетейік бұл бағдарлама 20 ғасырдың бас кезінде жазылған. Алаш партиясы-қазақтың тұңғыш ұлттық демократиялық партиясы. Алаш партиясы қиын кезеңдерде халықтың теңдігін, тіл, ұлт, дін, еркіндігін алып бере алды сол үшін көп еңбек етті партия ел мен жер тағдыры, ұлт азаттығы, тілі мен тарихын, мәдениеті мен әдебиетін, саяси және оқу-ағарту саласындағы реформалар, экономикалық даму мен аграрлық мәселелерді қамтыды, әлемнің алдыңғы елдерімен теңестіруге мүдделі болды [9]. Иә сол партияның ағартушы қауымы халықты бірлікке шақыра отырып, еңбекке, оқуға, ертеңгі күнді ойлауға шақырады және сол үшін қызмет жасады.
Менің ойымша қазіргі партияларға халықтың мүддесін қорғаулары қажет. Яғни дұрыс таңдау жасап, дұрыс шешім шығарып, қоғамның тілегін, мұң мұхтажын айтқан естірткен партия алға қарай дамиды һәм елдің алғысын алып үлкен партия атанады. Мысалы қазіргі таңдағы Ақжол демократиялық партиясы. Құрамы елім деп еңіреген адамдардан құралған. Ақжол партиясы халықтың санасын оятып, ұлтық құндылықтарға негізделген тарихты жандандыруға зор үлес тигізіп келеді. Мемлекет дамуы үшін ел жағдайын, мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін жақсы білетін адамдар керек, сонда мемлекет дамиды. Ақ жол партиясы мүшелер өз отанын сүйетін нағыз ұлтжанды жандар деп ойлаймын. Енді қорытындылай келе жоғарыда айтқандай Алаш орданың мұраты тәуелсіз ел атану, өз конституциясын бекітіп, елге теңдік алып беру. Демократияны жетілдіру, яғни дінге, тілге, ұлтқа, ер мен әйел барлығы тең болуы керек. Мемлекет тек парламенттік жолмен басқарылып, дамиды. Алаш орда аты еш уақытта сөнбек емес. Себебі олардың жасаған ерліктері қазақ жадынан кетпейді һәм ешқашан өшпейді.
Жасасын Алаш! Жасасын!




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет