«алаш партиясының ҚҰрылуы»



Pdf көрінісі
Дата29.04.2023
өлшемі0,98 Mb.
#175709
Байланысты:
1E68D120-93E6-44C7-8218-4D3221BA9527
әсет-гүлнұр-жур.221.к11, әсет-гүлнұр-жур.221.к10, ас қорыту жүйесінің аурулары, Талдау 2 то0сан Эльмира, D9A8169E-FA62-46F1-9C68-9CD9AA9BDE8D, Документ, Документ


Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
«АЛАШ
ПАРТИЯСЫНЫҢ
ҚҰРЫЛУЫ»
Орындаған
:
Сманкул
Аяжан
Ақылбек
Маржан
Қабылдаған
:
Абдугулова
Б
.
К


 1)АЛАШ ПАРТИЯСЫНЫҢ
ҚҰРЫЛУЫ
2)ПАРТИЯ БАҒДАРЛАМАРЫ
3)АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ
ТАРИХИ МАҢЫЗЫ
4)ҚОРТЫНДЫ


 Алаш партиясы 1917 жылы 21-26 шілдеде
Орынбор қаласында өткен Бірінші
бүкілодақтық съездің шешіміне байланысты
құрылған еді. Бұл съезге Ақмола, Семей,
Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана, облыстарынан
және Бөкей ордасынан делегаттар қатысқан.
Съезде қаралған 14 мәселенің ішіндегі ерекше
маңыздысы қазақ қоғамының сол кездегі
алдында тұрған мақсаттарына сәйкес
қазақтың дербес саяси партиясын құру
болатын. Бұл мәселені талқылау барысында
съезд іс жүзінде партияны Ұйымдастыруға
арналған Құрылтай Жиналысына айналады.
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов
сияқты қазақтың либералды-демократиялық
интелегенциясының көсемдері басқарған
Алаш партиясының құрамына әуел бастан-ақ
қазақтың ғылыми және шығармашылық
зиялыларының белгілі өкілдері –
М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев,
Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов,
Ә.Ермеков, Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов, т.б.
кірді. 


Алаш» партиясы бағдарламасы 10
бөлімнен құралған:
1)Мемлекет қалпы
2)Жергілікті бостандық
3)Негізгі хұқық
4)Дін ісі
5)Билік Һәм сот
6)Ел қорғау
7)Салық
8)Жұмысшылар
9)Ғылым – білім үйрету
10)Жер мәселесі 
Алаш" сөзі – түркі тілдерде қандастар,
бауырластарды білдіреді. Кейбір
деректер бойынша, Алаш – қазақ
сөзінің синонимі болып саналады.
Яғни қазақ сөзі мен Алаш сөзі, екеуі
де еркін, азат адам дегенді білдіреді.
Қадырғали Жалайыр өз еңбегіндерде,
қазақтарды белгілеу үшін Алаш сөзін
қолданған.


I.Басқару түрі
Ресей демократиялық Федерациялық Республикасы,
демократиялық Республиканы белгілі бір уақытқа
парламент сайлайтын президент басқарады, министрлер
кабинеті соның (парламенттің) алдында жауап береді.
II.Автономия. 
Бұл орайда, мүмкін болған жағдайда Қырғызстан
Ресейдің көршілес облыстарымен (өлкелерімен) бірігеді,
ол мүмкін болмаған жағдайда, Қырғызияның езі ғана
жекелеген қырғыз губернияларында Земство енгізіліп,
автономиялы бір өлшем болады.
"Алаш" партиясы халық мүдделерін көздеп шын жүректен
жұмыс істегісі келетін адамдар арсынан белгілі бір
қызметті атқаруға әбден жарамды қызметкерлер іріктеу
жолымен ауыл және болыс әкімшілігінің қызметін
жақсартуды өз мақсаттарының бірі етіп органдарының
қызметкерлері жөнінде де нақ осыны ұсынады. 


III.Азаматтың негізгі құқықтары
Дініне қарамастан және жынысына қарамастан, барлық халықтар
өз құқықтар (жиналыстар бостандығы, сайлау, оларды ашуда
бірігу бостандығы сөз, баспасөз, адамның жеке басына тиіспеу
бостандығы) жөнінен теңестіріледі. Сот тәртібімен болмаса,
қамауға алу жүргізілмейді. Сот органдары бар жерлерде қамауға
алынғандарға айып 24 сағат ішінде тағылады, ал ондай органдар
жоқ жерлерде 7 күн ішінде тағылады, олай болмаған ретте
уақытша ұсталған адамдар дереу босатылады. Сонымен бірге
жеке хат алысуға ешкімнің тиіспеуі белгіленеді.
IV.Дін ұстану туралы мәселе.
Шірекудің мемлекеттен бөлінуі. Заң алдында барлық дін тең,
яғни ешқандай діни ілімнің басқа діндерден артықшылығы
болмайды. 
Неке, ажырасу, туу мен өлуді тіркеу молдалардың (діни адамдар)
қарауында қалады, ал қалыңмалға байланысты істер сот
органдарында қаралады.
V.Соттар туралы.
Заң алдында барлық азаматтар тең және заңның қорғауын бірдей
пайдаланады. Сот — тергеу органдары қырғыз халқының тұрмыс-
жағдайларына сәйкес құрылады. Сот ісі, сотта сөйлеу қарапайым 
халықтың көпшілігі сөйлейтін тілде жүргізілсді.


VI.ҚОРҒАНЫС.
ТҰРАҚТЫ ӘСКЕР ХАЛЫҚ МИЛИЦИЯСЫМЕН АЛМАСТЫРЫЛУҒА
ТИІС. ӘСКЕРИ ӨНЕРДІ ҮЙРЕТУ ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРДЕ ЖҮРГІЗІЛУГЕ
ТИІС. ҚЫРҒЫЗДАР ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТІ АТТЫ МИЛИЦИЯ
ҚАТАРЫНДА АТҚАРУҒА МІНДЕТТІ.
VII.САЛЫҚТАР.
САЛЫҚТАР САЛАСЫНДА ҮДЕМЕЛІ ТАБЫС САЛЫҒЫ САЛЫНАДЫ.
VIII. ЖҰМЫСШЫ МӘСЕЛЕСІ.
"АЛАШ" ПАРТИЯСЫ ЖҰМЫСШЫ МӘСЕЛЕСІНДЕ СОЦИАЛ
ДЕМОКРАТТАРДЫҢ (МЕНЬШЕВИКТЕРДІҢ) БАҒДАРЛАМАСЫН
ҚОЛДАЙДЫ.
IX.ХАЛЫҚ АҒАРТУ.
АҒАРТУ САЛАСЫ АВТОНОМИЯЛЫ БОЛУҒА ТИІС; ОҚУШЫЛАР ӨЗІ
ҚАЛАҒАН МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛАДЫ. КІТАПХАНАЛАР,
ОҚУ ҮЙЛЕРІ АШЫЛУҒА ТИІС.
X.ЖЕР МӘСЕЛЕСІ.
ЖЕРГЕ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕКТЕ БАЙЫРҒЫ ХАЛЫҚ ОРНАЛАСТЫРЫЛУҒА
ЖӘНЕ АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ҚЫРҒЫЗДАР БІРЖОЛА
ОРНАЛАСТЫРЫЛЫП БОЛҒАНША, ҚЫРҒЫЗ ӨЛКЕСІНЕ СЫРТТАН
ӘКЕЛІП ҚОНЫСТАНДЫРУ ТОҚТАТЫЛУҒА ТИІС.
ҚОНЫСТАНДЫРЫЛМАЙ БОС ЖАТҚАН ЖӘНЕ БОСАП ҚАЛҒАН
УЧАСКЕЛЕР БАЙЫРҒЫ ХАЛЫҚҚА БЕРІЛСІН. ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
НОРМАСЫН ЖЕР АЛҚАПТАРЫНЫҢ САПАСЫН ЖӘНЕ АУЫЛ
ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРІНІҢ ҚҰРАМЫНА ҚАРАЙ ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕР
КОМИТЕТТЕРІ БЕЛГІЛЕЙДІ, АЛ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАННАН
КЕЙІН АЛҒАН АРТЫҚ ЖЕР ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ
ОРГАНДАРЫНЫҢ (ЗЕМСТВОЛАР) ҚОРЫНА ТҮСЕДІ. ХАЛЫҚТЫҢ
КӨБЕЮ ШАМАСЫНА (ӨСУІНЕ) ҚАРАЙ АТАЛҒАН ЖЕР ҚОРЫНАН
ЖЕРСІЗ НЕМЕСЕ ЖЕРІ АЗ АТЫРАҚТАРҒА ЖЕР БЕРІЛЕДІ.
ТҮРКІСТАНДА ЖЕР АЛҚАПТАРЫМЕН БІРГЕ СУ БӨГЕНДЕРІ ДЕ ОРТАҚ
БӨЛІНІСКЕ ТҮСУГЕ ТИІС. 


Алаш қозғалысы — ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей
империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-
азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік
басқару жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден көшіп келушілердің күрт
артуы, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы бел ала
бастады. Ендігі жерде қазақ халқының өзін-өзі сақтап қалуы үшін
күресті күшейту мәселесі туындады. Бірақ енді зардабы көп қарулы
көтеріліс жолымен емес, ұтымды саяси жолмен күрес жүргізу қажет
еді. Осылайша Бірінші орыс төңкерісі жолдарында қазақ халқының
мүддесі үшін күресті бастаған қазақ зиялыларның әрекеттері
кейініректегі Алаш қозғалысының бастамасы болды.


Кез келген мемлекеттің тарихы сол елдің, халықтың
тәуелсіздік жолындағы саяси күресі тарихымен,
өзектес келеді. Ал саяси күрестің нәтижелі болып,
алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруы оны
басқарған қайраткерлердің еңбегі мен басшылыққа
алған саяси және құқықтық ілімдерінің
өміршендігіне байланысты. Осы тұрғыдан келгенде
демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет құрудағы ұлы мақсаттарын
жүзеге асыруға кіріскен Қазақстан
Республикасының тұтас тарихын жасау үшін оның
мемлекеттілігінің қайнар бастауына, әр дәуір, кезең
сайын өсіп-өркендеп, қалың бұқараның басым
көпшілігін өз соңына ерте білген, елдегі саяси
күштерді, қозғалыстарды біртұтас Алаш
қозғаласына ұластырып, ұлттық-демократиялық
бағыттағы Алаш партиясын ұйымдастырған,
европалық үлгідегі Алашорда үкіметін құрып, соның
нәтижесінде Алаш автономиясын жариялаған Алаш
қайраткерлерінің өмірін және олардың саяи,
құқықтық көзқарастарын зерттеудің маңызы
ерекше болмақ. Сондықтан еңбегімізде ХІХ
ғасырдың соңында Ресейдің аса ірі ғылыми
орталықтарында білім алып, әуелі ағарту ісіне, кейін
саяи күреске белсене қатысқан, біртіндеп оның
қазақ даласындағы жетекші күштеріне айналған
қазақ зиялыларының Алаш қозғалысы төңірегіне
топтасуы, сол негізде Алаш партиясының құрылуы
мен оның қызметінің басты кезеңдеріне жан-жақты
баға берілді.


Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет