Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы.
Б.з.б. ІІ ғ. «халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталатын оқиға нәтижесінде Орталық Азияда бірнеше жаңа мемлекеттік бірлестіктер пайда болды. Соның бірі – Қаңлы мемлекеті. Оның Шығыс шекарасы Талас өзенінің бойымен өтті де, кейіннен б.з. ІІІ ғасырда Жетісудың оңтүстік-батысына дейін жетті. Мемлекеттің аумағы Ташкент жазирасын, сондай-ақ Сырдарияныңтөменгі және орта ағысын, Жаңадария, Қуандария өзендерінің аңғарларын, Арыс өзенін, Қаратау бөктерлерін қоса, Оңтүстік Қазақстанның байтақ кеңістігін алып жатты. Астанасы Битянь қаласы болды. Халқы 120 мың отбасы, 600 мың адамды, әскер саны 120 мың адамды құраған.
Қазақстан жерінде тарихта елеулі із қалдырған ірі мемлекеттік құрылымдардың бірі - Қаңлы мемлекеті.Қаңлы тайпалары ІІІ ғ. Оңтүстік Қазақстан жерін мекендеген. Қаңлы мемлекетiнiң халықтары негiзiнен жер, мал шаруашылығы, қолөнер және сауда-сатықпен айналысты. Қаңлылар Қытаймен, Парфиямен, Риммен және Кушан империясымен саяси-экономикалық және мәдени байланыстар жасады.
Қаңлы мемлекетi туралы алғаш рет бiздiң дәуiрге дейiнгi ғасырдағы жазба деректерде айтылады. Сол деректердiң қортындыларына сүйенсек бұл мемлекеттiң орталығы орта Сырдариядағы Битянь қаласы болған. Жапон ғалымы Сиратори ол қаланы қазіргі Түркістан қаласының маңы деп есептейді. Кейбiр мәлiметтер, зерттеулер бойынша қаңлылардың мемлекетiн патша басқарған. Олардың патшалары ябгу деп аталған. Сондай-ақ мемлекеттiк аппарат құрамында патшаның орынбасары және үш кеңесшiсi болды. Қаңлы мемлекетінің заңы бойынша ұрлық жасаған үшін қолы кесілді. Тарихи аңыздар мен рауаяттарда «қаңлы» деген аттың шығу тегін Оғыз ханмен байланыстырылады.
Қазақстан археологы Қ.Ақышев бастаған экспедицияның анықтауы бойынша қаңлылардың І ғ. саяси орталығы Отырар (Фараб) яғни Орхон ескерткішіндегі Қаңғу Тарбан болып есептеледі. Отырар қаласы тарихи деректерде «Тұрар», «Тұрар банд», «Тарбан», «Тарбанд» деп аталып кеткен. Қаңлы халқының этникалық құрамы жайлы деректер әлi күнге дейiн толық зерттелiп шешiмiн таппаған мәселе болып табылады. Қаңлылардың кең зерттелген ірі елді мекені - Көк-мардан, ал қорымдардың ішінде атап кететін – Мардан-күйік. Қаңлы мемлекетінің теңгелері шығарылған негізгі аймақ – Ташкент болды.
Кангюйлер мекендеген археологиялық ескерткіштері
1) қауыншы, 2) отырар-қаратау, 3) жетіасар археологиялық мәдениеттеріне жатқызылады. 1) Ташкент; 2) Сырдарияның орта ағысындағы Қаратау беткейлерінен Таласқа дейінгі аудандарға, 3) Қуандария мен Жаңадария аңғарына таралған.
Кангюй дәуіріндегі Орталық Азия аймақтарына салыстырмалы сипаттама берген кезде Сырдария сағасынан Ферганаға дейінгі біртұтас мәдени–шаруашылық өңір айқындалады. Ол өңірге отырықшы егіншілік-малшылық экономика, іргелі архитектурасы мен қорғаныс құбылыстары, қоныстанудың жетекші үлгісі ретінде аздап бекініс жасалған қоныстар, қолөнердің нашар дамуы, ақша айналысының шектелулілігі және басқа да белгілер тән болған.
Қаңлы елі өз ішінен бес иелікке бөлінген. Әр иеліктің кіші хандары болған.
1)Сусе иелігі. Орталығы Сусе қаласы.
2)Фуһу иелігі. Орталығы Фуһу қаласы.
3)Ионе иелігі. Орталығы Ионе қаласы.
4)Жи иелігі. Орталығы Жи қаласы.
5)Иоган иелігі. Орталығы Иоган қаласы.
Кангюй халқының этникалық сипаты әлі де болса күрделі сұрақ, толық зерттелмеген. Қангюйлер қай тілде сөйлеген туралы әлі де тұтас пікір жоқ. А.М.Бернштамның пікірінше, Кангюйлер түркі тілдес болған. Басқа зерттеушілер оларды солтүстік иран малшы тайпалары, б.з. Іғ. ортасында ғана Сыр өңіріне түркі тайпаларының келуіне байланысты ғана өзінің этникалық түрі мен тілін өзгерткен дейді. Б.А.Литвинскийдің пікірінше, кангюйлер иран тілдес сақтардың тұқымы. Оның ойынша, Кангюй атауы сақ тайпалары бірінің атауы болуы мүмкін, оны аударғанда — “тері киімді адамдар”