Алимова Сайера Абдираимовна
Сайрам ауданы, Манкент ауылы
№45 "1 май" жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
ЖАҢАШЫЛ ОҚЫТУДЫҢ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕРІ
Әр күніміз бір жаңалықпен атып жатқан бүгінгі таңда ұстаздардың да алатын орны ерекше. Ұстаз білім нәрімен балғындарды сусындатып, өмір жолына қанат қағып ұшыратын өмірлік білім мен тәжірибені бойына жия білген жан иесі. Баланы тәрбиелеу мен бойына бар асыл қасиеттерді сіңіруді өз бойына парыз ете білген ұстаздар еңбегі қызықты да қиынды жұмыстардың бірі болып саналады. Оқушыларға мына әлемнің тұнып тұрған табиғатына оң көзбен қарап,қадір – қасиетін ұғындырып, бойында қалыптастыратын да ұстаздар.Қазіргі таңда әрбір кәсіп пен салада өзгерістер орын алып жатқаны ел экономикасы мен болашағына әкелер пайдасы орасан зор. Міне сол өзгеріс бүгін білім саласында да белсенді орын алуда. Мұғалім жаңалықтың жаршысы.Бұл сөздің дәлелі ретінде өзімнің өмір жолымда орын алған өзгерістерді айта кетсем. Қазақстан Республикасы ұстаздарға сындарлы оқытудың мазмұнымен ІІІ деңгейлі курсқа білім жетілдіруге келдім. Курсқа келгенде , күмәнді ойлар мен тыным таппас сұрақтар ойымды сан жаққа шарлататын. Бұл қандай оқу, мақсаты не, оқытуымызда бұның айырмашылығы ерекшелігі неде? –деген сұрақтар ойымды мазалайтын. Бұл оқуға деген көзқарасым да басқаша еді,мұның пайдасы барына сеніңкіремейтінмін. Бірақ оқудың алғашқы аптасы басталысымен шалғай аудандардан жиылған әріптестермен танысып,олармен топтық жұмыстар барысында тәжірибе алмасудан үлкен әсер алдым. Мен өзімді еленбейтін «ұстаз» деген жәй күнделікті мектепке барып сабағын беріп күнін өткізетін жан иесінен, жеке тұлғаға білімді игерудегі көшбасшылық жасайтын жан иесі ретінде тани бастадым. Сындарлы оқытудың мазмұны да осыған кеп саяды. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім (Стронг,Вард&Грант 2011ж.) (МАН 4 бет) Мен бұл бірініші бетпе – бет кезеңде сараланған материалдармен және жеті модуль мазмұнымен таныстым.Мұндағы үйренгенім оқушыларға қалай оқу керектігін үйрету. Оларға мүмкіншілік беру,оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану. Оқушыларды сандық технологияларда құзырлылық танытатын тұлға ету,және оларды бағалауда формативты,жиынтық бағалармен әділ бағаларын беру. Бұл өзгерістер арқасында көзқарасым өзгере бастады,мен өзімнің өзгерістерімнің алғашқы баспалдағына қадам бастым.Топтық жұмыстар барысында өз ойымды еркін,жүйелі жеткізуге сыни тұрғыдан ойлана отырып баламалы шешімдер шығаруды үйрендім. Менің бойымда өзгерістер орын ала бастағанын байқадым. Бағдарлама аясында біліктілік арттырып,қашықтықтан оқыту кезеңі де келіп жетті. Өзімде өзгерістер бар әрине,бірақ мен сол өзгергенімді сонау ауылда дәстүрлі оқыту стиліне қалыптасқан әріптестерге немен,қалай түсіндірем деген үлкен үміт пен күдікті арқалай ауылға тарттым. Ондағы ой-санамда туындап жатқан сұрақтарға жауап таба аламын ба? Өз әріптестеріме бағдарлама модульдер мен иедяларын таратып өз сабақтарында тиімді екеніне көз жеткізе аламын ба?-сансыз сұрақтар.Бұл сұрақтарға жауапты өз тәжірибемде ғана пайдаланып жауаптарын табуға болатынын сезіндім.Мен бірінші бетпе – бет кезеңінде алған білімімді тәжірибе жүзінде орындау үшін № 45 «1 Май» жалпы орта мектепке келіп мектеп басшысымен кездестім. Сындарлы оқытудың мазмұны жеті модуль аясында құрылғанын сол тәсілмен сабақ өту керектігін айтып екінші сыныпты таңдап алуды айттым.Мектеп басшысы бірінші сыныптарға зерттеу сабақтарын ұйымдастыр деген ұсыныс жасады.Бағдарлама аясындағы диалогтық қарым – қатынас нәтижелі болып мектеп басшысының өзінен құнды кеңестер алдым деп ой түйдім. Ендігі кезекте екінші баспалдаққа қадам басу мектептегі әріптестермен ынтымақтастық орнату.Мектеп ұстаздарымен кездесіп оларға оқудың тиімділік жақтарын түсіндіруге тырыстым. Әрине оларға бұл оқудың тиімділігін дәлелдеу оңай болмады.Сабаққа қатысқан көптеген әріптестер бұл оқудың тиімділігін түсініп, өз сабақтарында қолданатынын айтты. Мен үшін алғашқы басқан қадамдарымда бұл да үлкен жетістік болып, әріптестер қолдауына, көзқарастарының өзгеруіне септігімді тигізу үшін өз жұмыс жоспарымды одан әрі дамыту жоспарым болды.Мектепке тәжірибеге келіп ондағы әріптестермен кездесіп, ынтымақтастық орнаттым. Ынтымақтастық жақсы көңіл – күйдің кепілі болатынын байқадым. Алдын мен әріптестермен бұлай ой бөлісіп сабақтарым мен әдіс тәсілдерімнің сәтті тұстары мен сәтсіз тұстарын байқамайтынмын. Ал тәжірибе барысындағы сабақтарымнан бірлескен жұмыстың тиімді әрі сапалы шығатынын байқап,ой түйдім. Дәстүрлі оқыту стилі мен сындарлы оқыту стилін салыстыра отырып тәжірибе жүргізуді жоспарладым. Дәстүрлі сабақ барысында мен үш – төрт оқушыны ғана бағалайтынмын. Ал сындарлы оқыту негізінде оқушылар шағын топтарда жұмыс жасап,оларға сабақ барысында форматитві смайликтермен,бағдаршаммен топтарда өз-өздерін бағалауды үйреттім.Мен өзімдегі өзгерістерді қолдана отырып,сол өзгерістерді оқушылар бойынан да көруге талпыныс жасадым. Оған дәстүрлі оқытудағы әдістеріме өзгеріс енгізе отырып,оқушыларды да жаңа әдіс-тәсілдерге икемделуінен байқадым.Әрине дәстүрлі оқытудағы кемшіліктерім:
Мен оқушыларға сын тұрғысынан ойлануға, диалогқа түсуге, пікір алмасуға , ой шеңберін оқулық негізінен тысқа шығаруға мүмкіндік бермейтінмін.Оқушылар өзін-өзі реттеп,достарын бағалауға,сұраққа жауап беруіне ықпал жасауға мүмкіндік туғызбайтынмын,тек өзім сабақ барысында іс-қимылды атқаратынмын. Ал үшінші базалық деңгейдің курс бағдарламасынан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін,өзіндік дәлел- уәждерін нанымды жеткізе білетін ,ынталы сенімді, сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. [МАН 4 бет ] Осы қағидатты есепке ала отырып,таңдап алған бірінші сынып оқушыларымен ынтымақтастық атмосферасын орнатып , сыныпта қолайлы жағдайдың болуына ықпал жасадым. Ынтымақтастық оқу-өзара оқу философиясы. Ынтымақтастық орнатуда әр оқушының арманымен бөлісіп,олардың бейнесін көруге ұмтылыс жасап, өмірлік ұстанымдары мен жек көретін қасиеттерін білдім. Дәстүрлі сабақ өту барысында оқушылармен тек сабақ тақырыбын айтып, ынтымақтастық атмосферасын орнатуға көңіл бөлмейтінмін. Ал сындарлы оқыту бағдарламасынан соң мен әрбір оқушының ішкі уәжіне, олардың әрбір іс- әрекетіне зер сала бақылайтын болдым. Мен өзгеріс үстіндемін, яғни сыныптың өзінде жағымды атмосфералық жағдайдың болуына көшбасшылық жасап жатырмын. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасының сабақ бастамасымен – ақ, олардың өз мақсаты мен мұраты, жек көретін қасиеттерін зерделеу арқылы мен олардың ішкі жан дүниесінің есігін ашып олардың жан-дүниесіне өзгеріс енгізуге ұмтылыс жасаудамын. Сыныппен біргелікте «өзіміздің ережеміз» деп аталатын топ ережесін құрдым. Бұрын оқушылар мектептің жалпы бір заңдылығына бағынатын, енді өз сыныбында оқушылар топ ережесін құрып,топ ережесіне бағынатын болды. Оқушылардың өзі, «тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» - деп Әл-Фараби ғұлама айтқандай білімнен бірінші өз тәрбиелерін дұрыстауды алғашқы қадам етіп бастады.Дәстүрлі оқумен салыстырғанда оқушылармен бірлескен оқуды жүзеге асыруды жоспарладым. Ал бірлескен оқу мақсатқа жететін жол.
- Бірлескен оқудың мәні бұрынғы біліммен ұштастыра білуі.
- Әр адамның пікірінен өзіне бір мағлұмат алады.
- Тапсырманы орындау үшін жаттап алу емес,қорыта білуі.
- Оқушылар әлеуметтік дамиды.
- Әр түрлі идеяны тыңдап, әр түрлі идея айтуға мәжбүр болады.
Алғашқы сабағымды өту барысында, оқушыларды топқа бөлдім,топқа бөлініп оқу оларға ұнағанын, бар ынта – жігерімен өз сыныптастарына тақырып мәнін жеткізуге ұмтылып жатқанынан байқадым.Дәстүрлі сабақта тақырыпты тек өзім ашып, өзім ғана түсіндіретінмін. Балалардың қалай білім алатынын ескерсем, оқуда оқушылар алған ақпараттың 10 % ғана есте сақтайды екен. Топтық жұмыс жасау барысында олар талқылауда 50 % , түсінбей қалған достарына түсіндіру арқылы, яғни өзгелерді оқыту арқылы 90% алған білімді есте сақтайтынына көзім жетті. Оқулық сол, тақырып сол, тек әдіс – тәсіл басқа.Оқушыларға түрлі әдіс – тәсілдерді пайдаланып сабақ өту ұнайтынын,оларды ДЖИГСО арқылы топтарға бөлініп, өз достарына қарап ұмтыла,әлеуметтік қарым – қатынасқа түсе, пікір-талас жүргізе бастағанынан байқадым. Мұнда сыныптағы диалогтың маңыздылығы бар екеніне көз жеткіздім.Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Сонымен қатар Выготский оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істесе, танымдық дамудың жақсаратынын атап көрсеткен. Сындарлы оқыту бағдарламасы мазмұнын ашу үшін әдіс – тәсілдерді пайдалану арқылы,оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артатынын, олардың назарын аударуда атқаратын қызметі мол екеніне көзім жетті. Дәстүрлі сабақта оқушы тек өзі ғана оқып,басқаларға түсіндірмейтін.Механикалық есте сақтау арқылы жаттанды түрде сабақты айтып беретін. Кейін келе ол сабақ оқушылардың жадында қалмай, алған білімін керек жерінде қолдана алмайтын. Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана алуын қамтамасыз ету.[МАН 4- бет]. Сындарлылық теориясына негізделе отырып оқушыларды сын тұрғысынан ойлана алуға үйретуде диалогтың маңызы өте зор. Жалпы физика табиғат құбылыстарын зерттейтін ғылым болғандықтан мен өзім де оқушылармен тығыз қарым – қатынас жасауым керек. «Өмір өзі табиғаты бойынша диалогтық құбылыс. Өмір сүру дегеніміз диалогқа қатысу: сұрау,тыңдау, жауап беру, келісу т.с.с.... болу дегеніміз диалог арқылы қарым – қатынас құру. Барлығы да құрал, ал диалог мақсат.» Мақсатым диалог арқылы оқушыларды тыңдау, сұрау, жауап беру, келісу , мүмкіншілік беру сөздік қорын молайту. Дәстүрлі сабақта оқушылармен тығыз қарым – қатынас жасамайтынмын. Тек оқулық шеңберінде тақырыпты түсіндіріп жазба жұмыстарымен ғана айналысатынбыз. Сындарлы оқыту мазмұнын игеруде оқушыларға әдіс – тәсілдерді тәжірибемде пайдалана бастағаннан сыныпта, сонымен қатар өзімде де бірқатар оң өзгерістер пайда болғанын байқадым. Әр сабаққа жаңалық енгізу жұмыс тиімділігін арттырады. Дәстүрлі сабақ өту кезінде оқушылармен сәлемдесіп, тек журнал бойынша оқыған оқушыларды бағалап қоятынмын. Қазіргі кезде оқушылармен тығыз қарым – қатынас жасап оларды формативті бағалаулармен,жарайсың, тамаша,өте әдемі, керемет,деген сөздермен сабақ барысында ынталандырып отыру оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыратынын байқадым. Формативті және жиынтық бағалармен қоса оқушылар өз-өзін бағалауды,өзіне талап қоя білуді,бағалау критерийлеріне қарай,достарын әділ бағалауды үйренді. Ұстаз ізденгіш болуы,ойлай білуі,қандай істі болсын,бар ынтасымен атқара білуі керек деп айтқан ұлы педагог ғалымдар. Өзімнің алдынғы сабақ өту әдістерім мен қазіргі таңдағы қолданатын әдіс-тәсілдеріме қарап айырмашылығы өте мол екендігін аңғардым. Бірінші бетпе – бет кезеңінде алған білімді әдіс – тәсілдерді пайдалану үшін ізденушілік және кез келген әдісті жоспарлауда қандай нәтижеге қол жеткізуге болатынын жоспарлайтын болдым. Әр сабағымды өтіп болған соң, әріптестер пікіріне жүгініп «жасасын қате!» «Тек ештеңе жасамайтын адам ғана қателеспейді!» «Қатесіз үйрену мүмкін емес!» деген қағидалармен әр сабақта жіберген қате – кемшіліктерімді жойып отыруға тырыстым. Міне бұл өзгеріс баспалдақтың келесі кезеңіне өтуім болды. Мен алғашқы сабақтан соң өзгеріп кеттім деп айтудан да аулақпын әрине,әр сабағымда дәстүрлі стильдегі көзқарасым қалыптасып қалғанынан өзгеру де оңайға соқпады. Кемшіліктерімді жойып отырғанда ғана табысты,тиімді, сапалы оқытуға қол жеткізе алатынымды байқадым. Сапалы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» ( Шульман 2007ж.) ,(МАН 7 бет) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады. Бас – касіби түсінік болып оқыту мен оқу, сондай – ақ тұлға ретінде оқушылар туралы тұғырлы теориялық базаға негізделген, жеткілікті білімнің болуын талап етеді. Сондай – ақ тәжірибені түсіну, дамыту/жетілдіру үшін дәлелдер/зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді. Ал қол болса - оқытудың тәжірибелік дағдылары болып саналады. Бұл оқытуды іске асыру, түзету және бағалау барысында түйінді кәсіби идеяларды түсіндіре білудің техникалық және тәжірибелік дағдыларын, әр түрлі әдістермен тәсілдерді білуді талап етеді. Тоқталатын ең маңызды үшінші көмекші жүрек- мұғалім өз мамандығын сүйіп моральдық – этикалық құндылықтарын ұстана білетін болуы керек.Сонда ғана табысты оқытуға жете алатындығыма,оқушылардың теория мен тәжірибені меңгеруінде өзіме Шульманның үш көмекшісі қажет екенін ұқтым. Шульманның үш көмекшісі арқылы оуқшылармен бірлесе отырып,сабақ мақсатын,бағалау критерилерін, табыс критерилерін құруда өзімнің оң жаққа өзгергенім байқалды. Мектепке өзгеріс енгізу үші алдымен мұғалім өзі өзгеру керек. Бұл өзгерістерді байқауда өзімнің мектептегі көшбасшылық жасау қабілетімді атап айтсам артық болмас. Себебі оқуға дейін мен өз ойымды әріптестер арасында жеткізуге қысылып,қиналатынмын. Бағдарлама барысында әріптестермен пікір алмасып,постерлерді қорғау барысында өз пікірімді дәлелдеуді, сөйлей білуге үйрендім. Әріптестермен әр сабақты кеңес жүргізіп,қай тұстары сәтті қай тұстары сәтсіз өткенін талқыламайтынбыз. Ал қазіргі жағдай,атмосфера мүлде басқаша,мен тәжірибе барысында өзімнің өн бойыма өзгерістер енгізуге тырыстым.Мен сабақ барысында әр бір қимылға,әр оқушының іс – қимылы мен сөйлеу мәнеріне назар салып зерттейтін болдым. Я, мен толық жүз пайызға өзгердім деп айта алмаймын,сонымен қатар оқушыларым да бірден өзгеріп шыға келді деп айтсам өзгеден гөрі өзімді алдағаным болар.Себебі оқушыларға жаңа әдіс – тәсілдермен сабақ өту барысында икемделу оңай болмады.Алғашқы сабақтарда не істеу керек екенін білмей топтарда келіспеушіліктер де орын алып жатқандығы кедергі болды.Әр сабақта кедергілерді есепке ала отырып,оларды жою жолдарын үнемі қарастырып отырамын. Мұғалім үнемі өзінің жұмысы мен алға қойған мақсатын жоспарлап отырғанда ғана өз ісінің нәтижесі қандай болғанын, сонымен қатар нені өзгертіп, нені есепке алу керектігін байқауға қол жеткізетінін ұғындым. Сонымен қатар өзгеріс мұғалімге оң ықпалын тигізе отырып,сол бойындағы сабақ берудегі, ынтымақтастық орнатудағы, әр оқушыны деңгейлеп зерттеудегі қабілеті өз ортасына да септігін тигізері анық. Қорыта айтқанда болашақтағы жоспарым мектеп оқушыларына жеті модуль аясында жаңаша әдіс – тәсілдермен сабақ өтуді ары қарай жалғастырып, оқушылардың кемелденуіне ықпал жасау. Сонымен қатар Флейвелл (1976ж.) (МАН 41 бет) зерттеген оқушылардың метатанымының өлшеуінің үш құрылымына назар аударып, оқушыларды білімді игеруге, алдына мақсат қоя білетін,талапшыл шығармашыл, ұмтылушаң сыни тұрғыда кең көлемде ойлана алатын, ақпараттық құзыреттілігі дамыған оқушыларды жетілдіру. Оқушылар метатану «қалай оқу керектігін» үйрену барысында өз-өзін реттеп, Выготскийдің зерттеуіне сай бір – біріне көпірше бола алатын оқушыларды қалыптастыру болып табылады. Оқушыларға қалай оқу керектігін үйрете отырып,олардың өз бетінше оқуына ықпал жасау. Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады. (К.Д.Ушинский) . Оқудағы үйренген жеті модуль аясында мектепте барлық сыныптарға сабақ өткізіп,мектептегі әріптестеріме насихаттаймын. Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлана алатын,проблемалық сұрақтар мен оны шешуде өмірлік тәжірибеге сүйене алатын күйде көргім келеді. Себебі проблеманы шешу барлық пәнді біріктіреді. Оқушыларға диалогтың адамгершілікке үйренудің ең жақсы құралы екенін ұғындырғым келеді. Бағдарлама аясындағы жеті модуль мен жаңа әдіс – тәсілдерді өз халқымыздың менталитетімен, ұлттық құндылығы, мәдениеті мен тарихы,ділі мен дініне, тәлім тәрбиесіне кіріктіре отырып пайдаланғым келеді. Әлемнің дамып өзгеруімен қатар,өзім де өзгеріп, оқушылардың болашаққа өз елінің азаматы етіп аттандырғым келеді. Қазіргі таңда мамандар көп те, азаматтар жоқ демекші рухани тәрбиесі мен құндылықтары дамыған кең көлемді ойлармен шешім шығаратын оқушыларды дайындау алға қойғанең асыл мақсаттарым болмақ.Сол жоспарлаған мақсат пен міндеттерімді жаңашыл көзқарас негізінде сындарлы оқыту бағдарламасына сәйкес жеті модуль идеяларымен қамтуға тырысып жүзеге асырғым келеді.Өз кемшілігі мен кедергілерін байқап,оны өзгертуге, жоюға жоспар жасап тырысатын мұғалім бойында тамаша қабілеті мен ерекше көзқарасы бар мұғалім болып саналатынына көз жеткіздім. Осы жоспарды жүйелі түрде құрылымдап ары қарай тағы өзгерістер енгізу жұмыстарын жүргізу мақсатым болмақ.
Әдебиеттер тізімі:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. ІІІ деңгей.2013ж.
Достарыңызбен бөлісу: |