Қалыптастырушы бағалаудың таратпа материалдары (бағалау парақшалары) дайындау
Орындаған: Қали Ақбота
Тобы: 202 – Биология
Қабылдаған: Қойлыбаев Жасұлан
Оқушылардың оқу жетістігін БАҒАЛАУ
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты(оқытудың мақсаты)
Сабақты ұйымдастыру және өткізу
Сабақты жоспарлау
Сабақтың тиімділігі туралы кері байланысты алу (бағалау, оқушының оқу мақсатына жетуі)
Сабақты ұйымдастыруды және жоспарлауды түзету
Бағалау – оқытуды ұйымдастыру мен жоспарлауды түзету үшін оқушының нақты нәтижесін оқу бағдарламасындағы күтілетін нәтижелермен сәйкестендіру механизмі
ДӘСТҮРЛІ БАҒАЛАУ
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ
Бағалар оқушы білімінің нәтижесін салыстыру және сыныптағы орта деңгейде қолдана алатынын бағалау арқылы қойылады.
Бағалау олардың нақты жетістіктерінің сипатын көрсете алмайды.
Оқушылар мен ата-аналарға түсінікті БІРЫҢҒАЙ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ анықталған:
Әр критерийлерге жету деңгейлері оқу бағдарламасының оқу мақсатына сәйкес әр тақырыбына және бөліміне анықталған және олар оқушыларға алдын – ала белгілі.
Бағалау оқу бағдарламасының нақты тақырыптарын меңгеру деңгейін көрсете алмайды.
Қолданыстағы журнал оқу бағдарламасындағы НАҚТЫ ТАҚЫРЫПТАРДЫ МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙЛЕРІН және оқылатын тақырыптар мен дағдыларда оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді көрсете алады.
Бағалау субъективті түрде өтеді.
Бағалау объективті түрде өтеді және МҰҒАЛІМ әр оқушыға нашар игерген тақырыптары бойынша НАҚТЫ КӨМЕК көрсете алады.
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ – оқу бағдарламасындағы күтілетін нәтижелерге жету мақсатында оқушылардың білім алудағы жеке даму жолына түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін, оқушының оқу жетістігін алдын-ала нақты анықталған бағалау критерийлерімен сәйкестігін бағалау болып табылады.
Оқушылардың оқу жетістігін бағалау үшін критериалды бағалау жүйесі дайындалды
Бағалау критерийлері – оқу мақсатына сәйкес жоспарланған нәтижеге жетудің сипаттамасы
Бағаланушы дағдылар
Оқу мақсаты – білімге жету бойынша күтілетін нәтижелерді, пәндер бойынша оқу бағдарламасына сәйкес оқу барысында түсінуді және дағдыларды қалыптастыратын ұйғарым
Критериалды бағалаудың түрлері
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
(оқыту үшін бағалау және ағымдағы бағалау)
ІШКІ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
(оқытуды бағалау немесе қорытынды бағалау)
СЫРТҚЫ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
(оқытуды бағалау немесе сыртқы қорытынды бағалау)
мұғалім тоқсан барысында өткізеді;
сыныпта күнделікті жұмыста оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес білімді игерудің ағымдағы деңгейін анықтайды;
оқушыларға жаңа тақырыпты оқу барысында ол тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағанын түсінуге мүмкіндік береді.
мұғалім әр тоқсан аяқталғанда жүргізеді;
тоқсан бойында оқу бағдарламасының бөлімін оқып біткендегі білім, біліктілік және дағды деңгейлерін қолдана алуын анықтайды;
жылдық және тоқсандық қорытынды бағаларды анықтау үшін негіз болып табылады.
кезекті оқу сатысын аяқтағанда тәуелсіз сыртқы ұйыммен өткізіледі;
оқу сатысында оқу бағдарламасының бөлімін оқып біткенкендегі білім, біліктілік және дағды деңгейлерін анықтайды;
оқу сатысында емтихандық және қорытынды бағаны анықтау үшін негіз болып табылады.
Бастауыш мектепті аяқтау бойынша сыртқы бағалау өткізу қарастырылмаған
Қалыптастырушы бағалау – сабақ берудің және оқытудың бөлігі, «оқыту үшін бағалау»;
Сабақ беру барысында мұғалім оқушылардың оқу бағдарламасының мақсатына жетуін бағалайды;
Оқытудың мақсат сандары пәндер және тоқсан бойынша әр түрлі болады;
Оқытудың мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сәйкес бағаланады;
Критерийлер әр мақсаттарға жеке әзірленген;
Критерийге жету үшін дескрипторлар қолданылады.
Дескрипторлар – оқыту мақсаттарына сәйкес критерийлерге жету деңгейлері
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
Оқушының мақсатқа жеткені туралы мұғалімнің шешімі екі түрлі белгіленеді: «жетті» немесе «талпынады» және олар журналда белгіленеді
Оқу бағдарламасының тақырыбын немесе бөлігін меңгеруде оқушылардың мақсатқа жетуіне бірнеше рет мүмкіндік беріледі
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
Пәндер атауы:
Әлемтану Сынып: 1
Бөлім:
Бізді қоршаған әлем
Тақырып:
Климат және ауа-райы
Оқыту мақсаты:
Жыл уақыттарын олардың белгілері арқылы айыру
Критерийлер
Дескриптор
Бағалау
Жетті
Талпынады
Білу
Оқушы:
- Барлық жыл мезгілін айтады
- Әр жыл мезгілінің 2-3 белгісін атайды
Қолдану
Жыл мезгілінің суреттері бар суреттер бойынша:
- нақты жыл мезгіліне сәйкес келетін суреттерді дұрыс таңдайды;
- жыл мезгілінің белгілерін атап, таңдаған суретті түсіндіреді.
Қорытынды: оқушы оқыту мақсатына жетті
Бағалау парағы
Қалыптастырушы бағалау бойынша оқыту мақсатына жетуі туралы мұғалімнің шешімі келесілерге негізделінген:
пән туралы білімі;
сабақ беру және бағалау тәжірибесі;
оқу бағдарламасының және жоспардың әдістемелік ұсыныстарын қолдануы;
әріптестерінің пікірі.
Оқытудың әр мақсаты бойынша мұғалімнің шешімі журналға жазылады.
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
ОҚУ МАҚСАТЫНА ЖЕТУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ
МҰҒАЛІМНІҢ ОҚУШЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУЫ ОҚЫТУ МАҚСАТЫ -
«Жетті» оқу мақсатына жетуі, егер оқушы:
«Талпынады» оқу мақсатына жетуі, егер оқушы:
Сұрақтарға дұрыс жауап береді, тапсырмаларды критерийлерге сәйкес орындайды.
Сұраққа дұрыс жауап бере алмайды, тапсырмаларды критерийлерге сәйкес дұрыс орындамайды, жиі көмек алуға мұқтаж
Берілген тапсырмаларды өзі орындайды.
Тапсырма орындау үшін мұғалімнен немесе сабақтастарынан көмек алуға мұқтаж.
Керекті ойлау дағдыларын көрсетіп (жоспарлау, сараптау, сұрақтарды және шешімдерді тұжырымдау, сұрақтарды талқылау, өз пікірін негіздеуге), белсенді қатысады.
Негізінен басқалардың сұрақтарына тек жауап беріп немесе келісіп шектеулі түрде немесе бәсең қатысады
Білгенін айқын тұжырымдайды және оқу нәтижесін болжайды.
Өзінің оқу нәтижесіне сенімді емес және не оқып үйренгенін айта аламайды.
.
ІШКІ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
Ішкі жиынтық бағалау әр тоқсан соңында өткізіледі.
Жиынтық жұмыс – практикалық жұмысты қосқанда, әр түрлі типтегі және күрделік деңгейдегі тапсырмаларды қолданатын жазбаша жұмыс.
Ішкі жиынтық бағалауға жұмыстарды дайындау бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.
Жиынтық жұмысты тексеруден кейін модерация өткізіледі. Мұғалімдердің оқушылар жұмыстарын бір пән және сынып бойынша талқылап, бағаларды стандарттау мақсатында баға қоюдың әділ және айқын түрін қамтамасыз ету процессі. Модерация білім беру процесінің сапасын және нәтижелілігін айтарлықтай жоғарлатады.
Жиынтық бағалаудың нәтижесі журналда балл түрінде жазылады.
Бағалау нәтижесін ұсыну
Бағалау түрлері
Қалыптастырушы бағалау
Ішкі жиынтық бағалау
Тоқсандық баға
30%
70%
Жылдық баға
30%
70%
Оқушының оқу нәтижесі келесі түрде ұсынылады:
Әр тоқсан соңында, анықталған пайыздық қатынастағы қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижелері қосылған тоқсандық баға ретінде.
Төрт тоқсанда пәндер бойынша анықталған пайыздық қатынастағы қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау нәтижелері қосылған жылдық баға ретінде.
Тоқсан бойынша максималды балл саны ( жыл бойынша) – 60 балл.
Бұл балдар қалыптастырушы бағалаудың (30%) және ішкі жиынтық бағалаудың (70%) нәтижелерінің қосындысы.
Қалыптастырушы бағалау үшін максималды балдар саны
– 18 балл (30%)
Ішкі жиынтық бағалау үшін максималды балдар саны
– 42 балл (70%)
Балды және бағаны қою механизмі
Мұғалім қалыптастырушы бағалаудағы оқыту мақсатына жету туралы белгі жасайды және жиынтық жұмыстың балдарын журналға қояды.
Журналға, оқушылардың тоқсан бойында жеткен мақсаттар санын есепке алғанда (жыл бойында), пайыздық қатынастағы 30%:70% балл бойынша ішкі жиынтық бағалау нәтижелерінің қорытынды бағаларын есептеу формуласы енгізілген.
Журнал Excel бағдарламасында жасалынған тоқсандық және жылдық бағаны автоматты түрде есептейді.
Журналды мектептің АБО (Ақпараттық білім ортасына) салуға болады.
ЖУРНАЛ ҮЛГІСІ
Балды бағаға айналдыру
Жалпы балл саны
5 балдық шкала бойынша баға
48-60
5
36-47
4
24-35
3
2-23
2
0-1
1
Балдарды 5-тік бағалау жүйесіне айналдыру халықаралық кеңесшілермен келісілген
Балды 5-тік бағалау жүйесіне айналдыру
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Критериалды бағалауды қолданудың беретін мүмкіндігі:
Мұғалімдерге
Оқушыларға
Ата-аналарға
Әр оқушының оқу процесінің әр кезеңінде дайындық деңгейін анықтауға
Оқуда өз табыстарын сезінуді және нәтижелерін болжау үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге
Өз баласының оқу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға
Оқушы дамуында оның оқудағы прогресін және жеке траекториясын қадағалауға
Өз нәтижелерін растау үшін оқудың әр түрлі стильдерін, ойлау қызметі және қабілеттерінің әр түрлі типтерін қолдануға
Баласының оқудағы жеке дамуын қадағалауға
Оқу бағдарламасын меңгерудегі кемшіліктерді жоюда оқушыларды ынталандыруға
Өзін және құрдастарын бағалауға, рефлексияға қатысуға
Оқу процесінде балаға қолдау көрсетуге
Оқу бағдарламасының тиімділігі туралы мониторинг жүргізуге
Нақты тапсырмаларды шешу үшін білімді және дағдыны қолдануға, әр түрлі пікір айтуға, сын тұрғысынан ойлауға
Мектеп әкімшілігі және мұғалімдермен кері байланыстың болуына.
Мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар арасында кері байланысты орнатуға.
Мұғалімдерді әдістемелік қолдау
Мұғалімдерге критериалды бағалау жүйесін пайдалану бойынша әдістемелік көмек беру үшін:
кейін әдістемелік ұсыныстар дайындайтын тренерлерді оқыту курстары ұйымдастырылған;
мұғалімдер үшін оқыту курстары ұйымдастырылған;
критериалды бағалау жүйесін сипаттайтын, оқыту мақсатының жетістіктері бойынша стандартталған критерийлер, бағалау мехнизмі, журнал форматы бар әдістемелік ұсыныстар дайындалды;
пәндер бойынша 1-сыныптарға арналған тапсырмалар үлгісі дайындалды.