Алмас Нүсіп «Сатқын»



Pdf көрінісі
Дата10.07.2020
өлшемі492,74 Kb.
#75058
Байланысты:
(pdf) Алмас Нүсіп — Сатқын
Үлкен үйдегі үрей



Алмас Нүсіп 

«Сатқын» 

 

(әңгіме) 

 

– Қақпаға бағытталған соққыыыы... Гооол! Құрметті көрермендер... 



Одан арғы сөздер естілмей қалған. Біз де шулап жатыр едік. Экраннан 

көріп отырып осынша шуладық, арнайы барып көретін жанкүйерлер не 

күйде болды екен. 

– Айттым ғой Испания жеңеді деп. 

– Е, ойынның бітуіне әлі... – Сағатына қарап есептеп сәл тұрды, – жетпіс 

алты  –  «алты»  дегенді  саусағымен  көрсетті,  –  минут  бар.  Қайда  әлі?! 

Италия жеңеді. 

– Болды, сенің Италияңа нан жоқ! 

– Силва еркек! 

– Баспен базар жоқ ұрды-е... 

– Анадай пасты ұрмасаң, доп теуіп керегі жоқ. Одан да қой бағу керек... 

– Италия жеңу керек-ей жігіттер, он мыңды босқа тікті дейсің бе? 

– Испания жеңеді, он мыңың түк емес, елу мың тіктік е... 

– Қой-ей, сен елу мың тіктің бе? 

– Жоқ, ағам... 

Бөлме іші гүр ете түсті. Қыран-топан күлкі. 

– Испания үшін миллион қойып жүргендер де сенің туысқаның шығар? 

– Бәсе, бұл қалайша елу мың тігіп үндемей жүріп, енді ғана айтты деп 

есім шығып... Ағасы екен ғой. 

– Е, ойынды қарайық шұрылдамай. Енді қызады. Бір жағы Испанияның 

соққаны да дұрыс болды. Италия енді ойнайды. Масқара ойын болайын 

деп тұр, – деді біреу, іші ашып тұрса да өз-өзін жұбатып. 

– Мура, сен үндемейсің ғой? 

– Оның Англиясы ұшып кеткен соң қызық емес оған. 

– Әй, жоқ, қарап отырмын... 

– Айттым саған, е, Испания жеңеді деп. 

– Бірақ, сен финалда Германиямен ойнайды дегенсің. 

–  Иә,  Германия  лақтырып  кетті.  Жап-жақсы  ойнап  келіп,  қайдағы 

Италиядан жеңіліп. 

– Қайдағы емес-ей, қазір сенің Испанияңның аузын айырып жібереді. 




–  Айыра  алмай  қалсын.  Қарасаңшы,  естері  шығып,  әрең  ойнап  жүр. 

Германия  шықпай  қалды,  бірақ  кіммен  ойнаса  да  бәрібір  емес  пе? 

Әйтеуір, Испания – чемпиооон! 

Әрине, бір ұпайы артық тұрған жанкүйер қалай айғайласа да жарасады. 

Оның  үстіне,  матчтың  бет  алысы  шындығында  Италия  ұлттық 

құрамасының  жанкүйерлері  үшін  қуанарлық  жағдайда  емес  еді. 

«Тасқындай  қаптаған  толассыз  шабуылдар...»  Коментатордың  сөзі  ғой. 

Тіпті,  футболға  құмарлығы  шамалы  біздің  өзіміз  кірісіп  кеттік. 

Силвамен жаңадан танысып отырсам да, елге қосылып  «жарадың» деп 

қоям. Себебі біреу-ақ: Ойын басталмай тұрып Испания жеңеді деп айта 

салғанбыз.  Испанияның  осыған  дейінгі  ойын-өрнегін  көрмей-ақ.  Қазақ 

үшін  атқаны  тиіп,  айтқаны  келгеннен  артық  мақтаныш  жоқ.  Ал, 

сарапшы  дәрежесіне  жетіп  қалған  бірге  отырған  жігіттердің  жай-күйін 

түсіну үшін бізге де ала доппен бірге біраз дөңгелеу керек шығар. 

Осылай  тартысып  таң  атқанша  отыратынымызды  қайдан  білейік.  Ара-

тұра бөлмені басымызға көтеріп айғайды саламыз кеп. 

– Ұр енді! 

– Тепсей! 

– Пас бер, пас! 

– Тфуууй! 

– Мешок қой мынауың. 

Өз  командасы  қарсы  жақ  қақпаға  жақындап  кетсе,  теледидарға  төніп-

төніп келіп, алақанын сарт еткізе соғып, қол сілтей түңіле теріс айналып 

жатқан  бір  жұрт.  Футбол  көрмейтінің  үшін  өзіңді  кінәлі  сезінуге 

болатындай.  Жер  жүзінің  жарты  даналығын  бойына  сіңірген 

адамдардың  арасына  түсіп  қалған  сауатсыз  сабаздың  күйін  кешесің. 

Әйтсе де, көңілді едік. Әзірге, болжамымызды теріске шығара қоярлық 

жағымсыз  хабардан  хабар  болмайтын  сияқты.  Айтып  қалған  екенбіз, 

солай болғаны жөн ғой. 

Оншақты  жігітпіз.  Футболдық  өлшеммен  алсақ,  –  бір  команда.  Оқу 

бітіріп,  тегін  жатақханадан  шыққасын  бойдақтар  бірігіп  пәтер  жалдау 

үйреншікті  жағдай.  Сондай  ортақ  үйге  қонаққа  келгенбіз.  Қай  елдің 

қандай клубында ойнап жүрсе 

де,  дүниежүзілік,  болмаса  осындай  еурочемпионатта  өз  елінің  атынан 

доп қуатын футболшылар сияқты едік. Айдаладағы бір ел үшін осынша 

тамақ  жыртып  жатырмыз,  Қазақстан  ойнап  жатса  қандай  күйде  болар 




едік?  Шіркін-ай.  Отырып  алып  армандағанымыз  емес,  бұл  да  осы  күні 

айтылған әңгіменің бірі. 

– Қайда оған?! – деді біреуі қолын сілтеп. 

– Іріктеуден өту арман болды ғой. 

–  Әй,  дәмеленбеңдер!  Біздің  депутаттар  мен  футболшылар  түзеліп 

кетсе, айтатын, күлетін нәрсе таппай қалар едіңдер. 

– Еее, – деп қойды біреуі күрсініп. – Депутаттардың ұйқысы ашылмай, 

футболдың добы өрге домаламайды! 

–  Ой,  тегі!  Отырып  алып  сөйлей  бересіңдер-ей.  Алаңға  шығып  ойнап 

көрдіңдер  ме?  Екі  өкпең  қысылып,  ішкен-жегеніңді  асқазаныңмен 

қосып ақтарып тастауға сәл қалғанда осы сөзді айтыңдаршы, – көрейін. 

–  Ей,  сен  де!  Біз  қарапайым  адамбыз.  Ал,  олардың  таңдаған  жолы  сол 

ғой.  Әркім  өз  ісінің  шебері  болуы  керек  қой.  Допты  таңдаған  екенсің, 

дұрыстап теп, елді ренжітпей. 

– Теппейін деп жүрген жоқ, тек жағдай жасалмаған... 

– Әйтеуір, ақтауға құмарсың сен... 

Бұл  тараптағы  әңгіменің  ұшқыны  тез  сөнді.  Түбін  өздері  де  білмейтін, 

оның  үстіне  қазақ  футболының  жағдайының  мақтанарлық  еместігін 

іштей мойындап болған бәрі, шымбайына бататын  жайды сөз етіп несі 

бар. 


Әңгіменің қызығына кірісіп отырғанда байқамаппыз, Испанияның сөзін 

сөйлеп, тіпті, сол  елдің туының кішкене ғана көшірмесі, қол басындай 

жалауын  тізесіне  қадап  қойып,  өзеуреп  отырған  әлгінің  даусы  экранға 

жалт қаратқан. 

–  Ооо-хо-хо,  Ермек,  өш,  өш!  Тағы  бір  гол!  Альба  жарайсың!  2:0! 

Ойынның  бітуіне,  –  деді  Италия  жақтасының  әлгі  қимылын  аудырмай 

қайталауға  тырысып,  сағатына  қарап,  сәл  бөгеліп.  –  49  минут  қана 

қалды. Италия домой! Пора брат, пора! 

Алғашқыдай  шуласпадық.  Өз  футболымыздың  жағдайы  айтылған  соң 

қайысып  кетіп,  өзгенің  тағдыры  қызықтырмай  қалды  деуге  келмес, 

ойын  өрісі  Испания  басымдығын  әйгілеп  берген.  Іштей  мойындай 

бастаған  Ермектер  де.  Тек,  біздің  жақ  ара-тұра  өп-өтірік  тамсанысып 

қояды. 

Алғашқы  тайм  біз  үшін  көңілді  болғанмен,  жалпы  үнсіз  аяқталды. 

Тағдыры шешіліп қойғандай. Бәрі алақанда тұрғандай. Не боларын біліп 



алған  соң,  басқа  жұмбақ  ойлап  тапқанша  тыным  алып,  дамыл 

таппайтын жұмыр басты пенденің 

әлімсақтан бергі әдетіне салып, бағыты басқа әңгімеге көше бастаппыз. 

Ертең  жұмыс  екенін  айтып,  «өздеріңнен  сұрап,  біле  салармын»,  –  деп 

ұйықтауға  бет  алған  Мұраттың  әрекеті  «көруден  қызық  кеттінің» 

хабары еді. 

Темекі  шегіп  қайтпаққа  сыртқа  беттедік.  Бүгінгі  ойын  төңірегінде 

қауқылдасып аз тұрдық. Байқаймын, соңы белгілі болған финал туралы 

ешкім  сөйлегісі  келмейтіндей.  Гол  соққандар  туралы  өздері  білетін 

мәліметтерді  айтқан  болады  жан-жақтан.  Ақыры,  өзіміздің  футболға 

ойыса  бастадық.  Көтеру  үшін  не  істеу  керек  секілді  сұрақтарға  жауап 

іздеген болдық. Бәрінің айтатыны баспасаөз бетерінде жазылып жүрген 

пікірлердің төңірегі. Кейіндеу қалған бірі қатарымызға келді. Сөзіміздің 

соңғысын құлағы шалып қалған, даурығып сөйлеп келеді. 

– Қазақстанда футбол дамымаған деп кім айтты сендерге? 2008 жылдың 

ең әдемі голы Қазақстанда соғылған. Осыны ұмытпаңдар! 

– Өкінішке орай, біздің қақпамызға ә? 

– КВН-шиктердің шығарып жүргені ғой. Олар да айта береді. Әйтеуір, 

ешкім өкпелемейтін тақырып болған соң тиіскен болады. 

– Енді, саясатта нелері бар? Жап-жас балалар, болашақтан үміттері бар 

дегендей. 

– Ресейдің КВН-і сияқты ештеңе айта алмайды бәрібір. 

–  Е,  осы  біз  бірдеңе  болса  болды,  Ресейді  айтып  шыға  келеміз.  Қою 

керек  қой.  Жақсы  бірдеңе  болса  ТМД  бойынша  алдамыз  деп 

мақтанамыз. ТМД-да оңған ел бар ма? Бәрі ұсақ-түйек... 

– Енді, Еуропамен салыстыратын ештеңең жоқ қой. 

–  Алға  баспай  жатқан  бірдеңеміз  болса,  Ресейде  андай  екен,  мындай 

екен  деп,  аузымыздың  суын  құртамыз  да  отырамыз...  Кедендік  одақ 

дегеннен қорқам... 

...Бұдан  ары  саясат  туралы,  соңғы  жаңалықтар  туралы  өңшең  жастар 

біраз даурықтық. Екінші таймның басталатын уақыты таяғанын  айтып, 

ішке беттедік. Сол кезде айтылып қалды. 

– Бэкхемды көру үшін қаншама қыз барды сол матчқа. Билеттің бағасы 

да  сұмдық  аспандап  кетті.  Ең  арзаны  жиырма  бес  мыңнан  сатылыпты. 

Орталық  стадионның  аузы-мұрнынан  шығып  бір  толғаны  сол  шығар. 

Көрдіңдер ғой, 3:0 болып ұтылып жатқанымызға қарамай, соңына қарай 




Бэкхем  алаңға  шыққанда  қандай  шу  болды.  Атасы  тіріліп  келгендей 

қуанды ғой қазақтар. Жаман ұят болды. 

– Ағылшындар  күлген  шығар,  «Мына  қазақтарда  ес  бар  ма  өзі?!»  деп.

Шынымен, өзімізде болмағасын өзгенің жұлдызына табынамыз да өстіп. 

Әлгі  ұйқышы  қайта  келген.  Әлде,  біздің  дабыр-дұбырымыз 

ұйықтатпады,  әлде  ойын  тағдырын  көзбен  көргісі  келді.  Футбол  жүріп 

жатты.  Бірақ,  алғашқы  бөлімдегідей  өліп-өшу  жоқ.  Қысыр  кеңеске 

көшкенбіз.  Ұйқыны  құрбандыққа  шалып,  райынан  қайтқан  Мұратқа 

көлденеңінен сұрақ қойып қалды біреуі: 

– Мура,  шыныңды  айтшы,  Англия  мен  Қазақстан  ойнағанда  кімге

болеть еттің? 

– Жынды ма, әрине Қазақстанға.

– Сен де сұрадың ба дедім ғой.

– Енді,  Англия  десе  өліп  қала  сақтайды,  сосын  сұрағаным  ғой.  Сонда,

Қазақстанның жеңілетінін біліп тұрып жақтадың ба? 

– Ееей, сен де! Қумашы!

– Өз жараларыңды өздерің тырнап ашыта бермеңдер-еу, ағайын.

– Не, сен Англияны қолдадың ба?

– Әй, жоқ. Бірақ, жеңілетініңді біліп тұрып, «Алғааа!» – деп айғайлаған

қорлық екен. Еще, қалай жеңілдік. 

– Сол ойынның соңынан біраз қазақтар бір-бірімен төбелесіпті.

Елеңдесіп қалдық. 

– Неге? – дейміз жамырап.

– Біреулер «Англия алға!» – деп айғайлапты.

– Қооойшы?.. Қазақша айғайлап па?

– Иә, қазақтар қазақ тілінде айқай сапты.

– Мынауың сұмдық енді.

– Иә, солай болыпты дейді. Стадионда не болғанын білмеймін, менің бір

братаным бір досын оңдырмай сабаған сол үшін. 

– Не үшін?

– Англияны қолдағаны үшін.

– Қой-ей? – Көзі атыздай болды деген бар еді. Біздікі одан өтіп кетті ғой

деймін. 

– Қоятын  ештеңесі  жоқ.  Кәдімгі  туған  ағам,  осы  Алматыда  үйде  көріп

отырып,  ойын  бітпей  жатып  сыртқа  алып  шыққан  да  сойып  салған. 

Өлтірмек болған екен, ажыратып алыпты. 




Еуро-2012-ден қызық кетті. Мен ғана емес, бәрі осылай сезінген. Тіпті, 

матч соңына қарай соғылған екі голды үнсіз қабылдадық. Испанияның 

жалауы  теледидар  түбінде  елеусіз  қалғалы  қашан.  Бірге  жүрсе  де  бір-

бірімен  тайталасып  бағатын,  тіпті  мүмкіндік  туса  әзілге  сүйеп  езіп 

тастауға  бар,  сәл  нәрседен  сылтау  тауып,  бір-бірін  күлкіге  қалдыруға 

тырысатын  әр  түрлі  ұстанымдағы  достар  баяғы  әдетінен  жаңылыпты. 

Тақырып  ауыр  еді.  «Мұндай  да  болады  екен-ау»,  –  десіп,  бас  шайқап, 

үнсіз отырмыз. Теледидар сөйлеп жатты. Кубок ұтып алған Испанияны 

дұрыстап  құттықтамадық  та.  Айтқаным  келгені  үшін  біраз  мақтанып 

алатын  мүмкіндік еді.  Достардың  арасында  бұл  да  бір  өнер.  Қалжыңға 

сүйеп  қарсы  жақтың  жігіттерін  жерден  алып,  жерге  салуға  болады 

мұндайда.  Бірақ...  Үнсіз  едік.  Ең  үздік  ойыншы  атанған  Иньеста  мен 

кезеңнің  сұрмергені  Торрес  қуанып  жатты,  ал  бізге  бәрібір  еді. 

Құттықтау  рәсімі  дәстүрге  сәйкес  өтіп  жатты  экранның  арғы  жағында. 

Жер  түбінде.  Басқа  кез  болса  мүмкін  басқалай  қабылдар  едік.  Осы 

сапар, олай ете алмадық. Тіпті, он мың теңгесі күйіп кеткен бәс тіккіш 

жігітіміз де өкінуді ұмытып кеткендей. 

...Марапаттау  жайына  қалған.  Әлгі  ұлтшылдың  інісін  ортаға  алғанбыз. 

Қалай  болғанын  сұраймыз  да.  «Англия  жеңеді!  –  деп,  –  қазақтар 

ойнамай-ақ  қою  керек»,  –  еді  деп  отырып  алған  досына  ашуланып 

жұдырық ала жүгіргенінен басқа жарытымды ештеңе айтпады. 

– Ағаң қазір осында ма? – деп қалдық. 

– Оны қайтейін деп едің? – дейді ол да қитығып. 

– Көргім кеп тұр. 

– Иә, сен оңдырып түк те айтқан жоқсың. Өзінен сұраймыз. 

– Өкінішке орай жігіттер, оның бір баласы, бір әйелі бар. Басы бос емес. 

Үміттеріңді үзіңдер. 

Алғаш сәл үнсіздік. Қайда қиялай тартқанын содан кейін ғана ұққан біз 

жарылдық та қалдық. 

–  Әй,  әй,  әй.  Бәріңді  отырғызып  қойып  өшіріп  кетті-ау.  Ал,  барыңдар 

ағасына. Мүмкін жеңгеміз рұқсат беріп қалар. 

Қайтадан ду ете түстік. 

Содан соң ғана ұлтшыл ағаның бауыры жөнге көшкен. 

– Осында. Сендер сияқты мылжыңдарды ол да жақсы көреді. Жазушы, 

ақын,  журналист  екендеріңді  білсе,  тіпті  аузының  суы  ағуы  мүмкін. 

Ертең барып қайтайық нетсе... Маған да бармағалы біраз болып қалды. 




***** 

Төртпақ қазақ. Бойы ортадан да төмен бе дедім. Ашықжарқын кісі екен. 

Аты – Саржан. Күле сөйлеп қарсы алды. 

– Аспаннан жұлдыз жауған күн болды, – деп қойды бәріміз дастарханға 

жайғасқанда.  Айтуынша,  газет-журналдан  бір-екі  мәрте  жылт  етіп, 

сығалап  үлгерген  адамды  бүкіл  әлем  тани  бастайтын  көрінеді.  Ағаш 

астаумен үйеме табақ ет келген. – Дардай атағы бар ақын-жазушылар да 

ашығады  екен-ау  ә?!  Әлде,  студент  кездеріңді  ұмыта  алмай  жүрсіңдер 

ме, ұрлап ішпей ас болмас деп. ...Қалжың ғой, ал, алып отырыңдар! 

Тартынғалы  отырған  біз  жоқ  едік.  Бесеуміз  бірдей  келіп  отырмыз. 

Курстасымыз  да  жақсылап  ескерткен  болу  керек,  кәдімгідей 

дайындалғаны байқалады. 

– Кешегі футболды көрдіңіз бе, аға? – дедік ішке ел қонған соң. 

– Біз жеңдік, – деді күліп. 

– Е, онда өзіміз екенсіз. Мына Италияндыққа обал болды бірақ. 

–  Қой-ей  болды.  Бір  жеңіп  едің  қоймадың  ғой.  Әлі  талай  ойын  бар 

қорықпа. 

– «Әлі жетпеген ақыретшіл» дегенді қандай кезде айтушы еді осы? 

– Ей, сен де. 

–  Әй,  келген  жұмыстарыңды  айтпайсыңдар  ма.  Сонша  зар  болып 

келгенде, байқаңдар, бір-біріңмен тістесіп отыра берсеңдер, сендерді де 

сойып тастауы мүмкін. – Үй иесінің інісі сөзге араласқан. 

– Қандай бұйымтай ол? 

–  Мына  ініңіз  кеше  сіздің  бір  батырлығыңыз  жайлы  айтып  қалып  еді. 

Соны өзіңізден сұрайық деп... 

Мән-жайды түсінген соң, үнсіз, сынай қарап біраз отырды. 

–  Е,  иәәә,  –  деді  ыңыранып.  –  ол  қызталақ...  Түріне  қарамай...  таяқ 

жегені бар бір кездері. 

Оқиға  Алматыда  емес,  ауылда  болыпты.  100  пайыз  қазақтар  орын 

тепкен бір ауданда. 

Бір  демалыста  әкесінің  үйіне  барыпты.  Одан  ары  тауға  шығып  бір-екі 

күн  жатпақ  екен  көңіл  көтеріп.  Қасына  жолдастарының  бір-екеуін 

ерткен. Аздап қызара бөртіп алған көрінеді. Кешкілік – футбол. 

–  Ойлаңдаршы,  әлемдік  атышулы  команда  мен  қазақ  жігіттері  күш 

сынаспақ. Жеңілетінімізді о баста-ақ білгеміз. Бірақ, біз үшін маңызды 

еді. 



Жапа-тармағай  экран  алдына  жайғасқан.  Алғашқы  минутта-ақ  –  ешкім 

күтпеген,  тіпті  ойлаудың  өзі  мүмкін  емес  –  қазақтар  тарапынан 

соғылған  голдан  шығыпты  бәрі.  Гол!  Сұмдық  қой.  Ешкім  ойламаған. 

Айқай сап орнынан атып тұрған. Жарылып кете жаздадым дейді. Келесі 

сәтте-ақ  өрекпіген  көңіл  су  сепкендей  басылған.  «Ойыннан  тыс...» 

Дымы  құрып  орнына  отыра  кеткен.  Осы  кезде  қуанышты  дауыс 

естіліпті. Шіңкілдек, ащы. 

–  Бәсе,  мүмкін  емес  қой,  –  деп  қояды.  Екі  қолын  жұдырығын  түйе 

жоғары көтеріп, құнжың-құнжың етеді. 

Саржан ұқпапты басында. Аңтарылып айқайшы досына қараған. 

– Ей, не болды саған? 

– Құдай сақтады! – депті әлгі. 

– Не?! Нені құдай сақтады? 

–  Англияны.  Бірінші  минутта  гол  ұрғызса  жер  болатын  еді  ғой. 

Сақтадыыы,  сақтады,  –  деп  мәз.  –  Тем  более  какой-то  Қазақстанмен 

ойнап жатып. 

Саржан  осы  кезде  түсінген.  Адам  сенгісіз  жағдай.  Бірақ,  көз  алдында 

ағылшындар үшін жан беруге бар ұзынтұра досы. 

– Ей, тоқта! Сенікі жай ма? 

– Не жай ма? 

– Тоқтааа, сонда... – Түкірігіне шашалып қалған. Алай-түлей жан дүние 

көмейін бітеп тастапты. – Сонда сен... Сен сонда ағылшын-дар-ға... 

– А?.. Е, иә. Ағылшындар жеңеді. 

– Е, мынау... Кім айтты... ой, қалай сонда? 

–  Түсінбейтін  несі  бар?  Қазақтар  оңбай  жеңіледі  бүгін.  Соны  да 

түсінбейсің бе? Англия есть Англия! 

– Охо, е сонда сен Англияны жақтап отырсың ба не? 

– Иә. Не бопты? 

–  Англияның  кіммен  ойнап  жатқанын  білесің  бе?  Қазақстанмен, 

қазақтармен ойнап жатыр ғой. Басың істей ме? 

–  Ойнаса  не  бопты?  Ағылшындарда  атасының  басы  бар  ма?  Ойнай 

алмайды, жатпай ма тыныш. 

Осы кезде толық көзі жеткен. Манадан бері қалжыңдап отыр ма деп, екі 

ұдай күйде отырған. Өзінің күнде көріп жүрген, қатарласа тірлік кешіп 

жатқан досы «Қазақтар жеңілсін!» – деп ұрандап отыр. 

– Ей, айналайын-ау, сен қазақ емессің бе?! Намыс қайда? 




–  Намыс?  При  чем  здесь  намыс?  Мен  Англия  футболының 

жанкүйерімін.  Осы  уаққа  дейін  сол  үшін  жыртылып  жүріп,  бүгін 

қазақтармен ойнады екен деп айнып кетуім керек пе? Әр ойыншысының 

аты-жөнін туған күніне дейін еріккеннен жаттап жүр деп пе едің? 

– Әй, сенің ұлтыңның аты аталып жатыр емес пе? 

– Ұлттың қатысы жоқ. Футболда ұлт жоқ. Кім жақсы ойнайды, – сонікі. 

Футбол – өнер ғой. Ал, өнер – жер бетіне ортақ. 

Ойын  жайына  қалған.  Ыңғайсыздану  тұрыпты,  айылын  жию  былай 

тұрсын, «соған басың жетпей ме?» – деп өзіне кінә артып тұрған мына 

досының  әрекеті  түңілдіріп  жіберген.  Тіпті,  айтарға  сөз  таппай  қалған. 

Ал, шіңкілдек дауыс тынар емес. Өзі де шешен сөйлеуші еді, мына тұста 

тіптен ақтарылып кетті. 

–  Қазақтар  да  жақсы  ойнасын  осылар  сияқты.  Сосын  жанкүйерлері 

пайда  болады.  Қазақтар  ғана  емес,  бүкіл  әлем  тік  тұрып  шапалақ 

соғатын болады. 

– Ал, сен ше? Сол кезде кімге жанкүйер боласың? 

– Оны кезінде көрерміз. Бірақ, Англияны қимаймын... 

Шыдамның  жеткен  жері  осы  ғана  еді.  Атып  тұрған  да,  жағадан  алып 

сыртқа  дырылдатып  сүйрей  жөнелген.  Ара  түскен  екінші  досын  қағып 

жіберіпті.  Ауылдағы  шал  футболды  не  қылсын,  қора-жайын  қамдап 

сыртта жүрген. Әйелдер жағы ошақ жақта. Үшеуі ғана отырған. 

–  Атаңа  нәлет  малғұн!  Сенің  өзің  «қазақ  адам  болмайды»  деп  көкіп 

жүргенде  әлем  қазақ  үшін  қол  соғады  екен  де,  сен  қайдағы  бір 

ағылшындар үшін шыр-пыр болмақ екенсің ғой. Көрсетейін саған! 

– Е, жынды ма, жібер.., жібер е... мынау... есіңнен ауыстың ба?.. 

У-шуды  естіп  төңірек  әп-сәтте  жиналған  да  қалған.  Тамағынан 

буындыра  ұстаған  қолына  жағдайдың  қиындап  бара  жатқанын  аңдаған 

досы алдымен жабысқан. Етегіне оралған қатындар, иығынан жұлқыған 

әкесі. Көзі қарайып 

кеткен,  ешкімнің  сөзін  естімеген.  Қолы  сіресіп  қалыпты.  Ананың 

аузынан  көбік  ағып  жатқандай  көрінген.  Қым-қуыт  бір  тартыстың 

ортасында жүргендей сезінген. 

Анығында, қым-қуыттың көкесі болып жатқан. Шырылдаған шеше мен 

ақырған  әке.  Шулаған  қатын-бала.  Жан  дәрмен  жұлқылаған  досы. 

Қырылдап, босап бара жатқан әлгі... 

«Шырр», – еткен ащы дыбыстан есін жиып алды. 




Ұзынтұра досын жағадан алып, тік көтеріп тұр екен. Бір қолмен. Аяғы 

серейіп, салаң-салаң етеді... 

–  Әлі  күнге  қайран  қалам,  –  дейді  әңгімесін  үзе  тұрып.  –  күшім  қалай 

жетті  екен,  салмағы  да  әжептеуір  болатын.  Аз  дегенде  сенсеннің  үсті. 

Оған  қоса  көлденең  асылған  ел-жұртты  қос.  Сұмдық-ай,  –  деп  қояды 

басын шайқап. 

...Жағдайды бағамдаған соң, қолын босатпақ болған екен, сіресіп қатып 

қалған,  еркіне  бағынар  емес.  Ананың  саудасы  бітіпті.  Қорқып  кетті. 

Өлтіріп  алған  екенмін  деп.  Осы  кезде,  көпті  көрген  емес  пе,  әкесі 

жармасыпты қолына. Уқалады ма, қысты ма білмейді, әйтеуір босатып 

алыпты. Дір-дір етіп теріс айналып кеткен. 

Мұнда  ешкімнің  шаруасы  жоқ.  Бәрі  көгеріп,  бүктетіле  сұлап  түскен 

ағылшын жанкүйерінің асты-үстіне түсіп  жүр. Сүйретіле басып барып, 

жауынсыз  жазда  топырағы  борпылдап  жатқан  шаңды  жерге  сылқ  етіп 

отыра кетті. 

– Сатқын, – деді күбір етіп. 

08.07.2012 

Талдықорған 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет