Алматы қаласы Алатау ауданы



Дата25.01.2022
өлшемі20,35 Kb.
#114042
Байланысты:
ата-аналар жиналысының баяндамасы
МодульОПОРН-27.-06.-10-каз, Гидрологиялы ау пт былыстар, Гидрологиялы ау пт былыстар, баяндама.экол, баяндама.экол, баяндама.экол, баяндама.экол, баяндама.экол, баяндама.экол, баяндама.экол, баяндама.экол, баяндама.экол, баяндама.экол, баяндама.экол

Алматы қаласы

Алатау ауданы

№164 ЖББМ

Баяндама



Тақырыбы: «Отбасы – тәрбиенің басты ұясы»

Сынып жетекшісі: Хурметхан А.

2020-21 оқу жылы

Кіріспе


Ата- ананың басты қуанышы-бала. Ата-ананың басты - қазығы, алтын тіреу діңгегі-бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Отбасының қоғамдағы мақсаты: баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде жетілдіру. Отбасында баланың жан-жақты қалыптасуына ата-ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан-жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін-ұстаз болса, оның сүйеніші ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде білім алса, қалған уақытта өз отбасында тәрбие алады.

Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы. Тәрбие тағдырын алдымен отбасы мүшелері шешеді.


Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйелі заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Әрине бұл жерде отбасы маңызды орын алады. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «баланың бас ұстазы – ата-анасы». Ата-ана балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып тағылым-талғамға, әдептілікке баулиды. Себебі – отбасы таным бесігі, отбасы – үлгі-өнеге бастауы.
Ата-ананың үйдегі қарым қатынасы, киім киюі, мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі. Өйткені «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі».

Сонымен тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні жанұяда инабатты, зейінді, тындырымды, жақсылыққа жаны құмар ұрпақ тәрбиелейік, жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, бала тәрбиесі отбасы мен мектептің парызы ғана емес, Отан алдындағы, қоғам алдындағы жауапты борышымыз екенін естен шығармайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет