Масштаб
1км = 1000 м= 100000см
1. Алматы мен Шымкент қалаларының арасы масштабы 1: 12 000 000 картада 6 см.
Осы қаладардың арасы масштабы 1: 2 000 000 картада неше сантиметр болады?
2. Картада екі қаланы қосатын кесіндінің ұзындығы 3 см. Картаның масштабы 1: 1 000 000. Екі қаланың арақашықтығын табыңыз.
3. 1: 25000000 масштабпен берілген картада екі қаланың арасы 12 см. Екі қаланың бір-бірінен нақты қашықтығын табыңыз.
4. Ерементаудан Екібастұзға дейінгі теміржол магистральінің ұзындығы 167,2 км.
Масштабы 1: 3 800 000 картада осы магистральді кескіндейтін сызықтың ұзындығы неше см?
5. Екі елді мекеннің арасы 8 км. 1: 100000 масштабпен сызғанда елді мекеннің арасы картада қанша болатынын табыңыз.
6. Масштабы 1: 10000 болатын картада екі пункттің арасындағы кесіндінің ұзындығы 15 см-ге тең. Жергілікті жерде оыс екі пункттің арақашықтығы қандай?
7. Масштабы 1: 600000000 картада Алматы мен Астананы қосатын кесіндінің ұзындығы 16 мм. Қалалардың ара қашықтығын табыңыз.
8. Астана мен Қостанай қалаларының арақашықтығы 750 км. Картада оларды қосатын кесіндінің ұзындығы 15 см. Картаның масштабын табыңдар.
9. Сынып бөлмесінің сызбасын 1 : 50 масштабымен сызғанда, сызбаның ұзындығы 12 см, ені 10 см болды. Бөлменің нақты өлшемдері қандай?
10. Тіктөртбұрышты алаңның ауданы 72000 м2 . Осы алаңды масштабы 1 : 6 000 сызбада кескіндегенде, ені 4 см тіктөртбұрыш шықты. Алаңның жер бетіндегі ұзындығын табыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |