Ақмола облысы, Жақсы ауданы Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі Есенгулова Тоғжан Сейткерейқызы Кітапханашы



бет1/2
Дата15.09.2017
өлшемі0,6 Mb.
#32410
  1   2
Ақмола облысы,

Жақсы ауданы

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі


Есенгулова Тоғжан Сейткерейқызы

Кітапханашы


«Жырым мен елімді сүйсіндірсем» авторлық  бағдарламасы






Жаңақима, 2015

Жалпы орта білім беретін мектептің «Жас тілшілеріне» арналған

Авторы: Есенгулова Тоғжан Сейткерейқызы
Кітапханашы,


Авторлық бағдарламаның презентациясы:  

«Жырым мен елімді сүйсіндірсем»


Есенгулова Тоғжан Сейткерейқызының «Жырым мен елімді сүйсіндірсем»  бағдарламасы  жас тілшілерге бағыт-бағдар, тәлімдік мәні бар шығармаларды терең оқытуға арналған.
 Мектепішілік сараптау комиссиясында қаралып, пайдалануға ұсынылған

 

Хаттама №______   « _________ »    ______

 

Сараптау комиссиясының   төрайымы :  

 Пікір жазған бірлестік  жетекшісі                                       
ПІКІР

  

Түсінік  хат

Бүгін кешегі күн емес, бүгін ертеңгі де күн емес. Бүгін – кешегінің жалғасы, ертеңгінің бастауы. Бүгінгі күнді ең алдымен бүгінгі әдебиет деп қабылдағанымыз абзал. Әдебиет қай заманның ырғағында да, иірімдерін өрнектеп, діттеген жеріне жетіп отырған құбылыстың иесі. Оның бағын ашып, бабын келістірер – дарын.  Әдебиет биік оның шоқтығы саналатын – поэзия. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» болғанымен оның жолына түсу және Мұқаң айтпақшы, «ар ақыны» болу алдымен, тума таланттың содан соң еңбектің, уақыттың әміріндегі іс. Қисындысы, өлеңдегі батылдылдылық, өлеңдегі мінез, көзқарас пен жаңалық, болмыс пен бейне – ақындылықтың алғы шарттары әр қаламнан табылып жатса, жазылғандардың жанары жарық болғандығы деп ұққанымыз. Қисынсызы, көп дүниенің қадірі кететіні бар «шөп те өлең, шөңге де өлеңді» аузымызға алмау үшін, ас атпай жатып құлдық деуден әрімін, десе де алдымен келер жас ақындардың бағыт-бағдарына, жазғандарына аса назар аудағанымыз ләзім…



Шекерім КЕЛБЕТ

Әдебиет – сөз өнері. Әдебиет пәні де өнер пәні. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе, әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы» деуге болады. Әдебиет пәні арқылы жеке тұлғаның рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюден, елін, азаматты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Ақын әр уақытта да әділетсіздікпен күресудің кепілі - өз бойындағы адамгершілікті сақтай білу,-деп түсіндіреді. Жазушылардың адамгершілік тақырыбында жырлаған шығармалары – адамды әділетсіздік тұсында күреске, қатер тұсында жауапкершілікке шақырады. Кешегі жас тілші – бүгінгі журналист. Өзіңнен алдыңғы буынды үлгі тұтып өсуің – заңдылық. Біз де газет-журналдардың алғашқы оқырманы болған күннен бастап, мақалалары апта сайын жарияланатын жас тілшілерге қызыға қарайтынбыз. Соларға қарап үлгі алдық. Солардың жазған-сызғандарына қарап, ақ парақ бетін шимайладық. Кейін, сол аға-әпкелердің шығармаларымен танысып, шығармаларын қызыға оқып, білім деңгейін көтердік.



Берілген бағдарламада оқушылардың шығармалары мен қатар өзекті мәселелері де толық қамтылған. Бұл бағдарламада оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау барысында құрылып, әр оқушы өзінің өлең-жырларын, шығармаларын, мақалаларын жазуына толық бағыт-бағдар алып отырады. Сонымен қатар қазақ әдебиетінің тамаша ақындарының, кемеңгер ойшылдарының, дарынды сазгерлерінің өмірімен тарихи қайраткерлігі жағынанда әдебиет тұрғысынан да өте қызық мағлұматтар ала алады. Сондықтан элективті курстың басты мәселелерінің бірі-жасөспірімдерді ақындардың өмірі, шығармашылығы арқылы тәрбиелеу, олардың шығармаларын оқуға деген құштарлығын, белсенділігін арттыру, дамыту.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Қоғамның негізгі мақсаттарының бірі-мектеп қабырғасында қабілеті анықталған жастардың талаптарын дамыту» керек екені айтылған.

Осы орайда «Жас қаламгер» элективті курсын жүргізудің кітапхана жұмысына пайдалы екенін білдім. Болашақта журналистика саласында білімін жалғастырғысы келетін мектеп оқушылары үшін мәні зор.

«Жырым мен елімді сүйсіндірсем» авторлық бағдарламаның  

мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты:

Білімділік Қазақтың ақын, жазушыларының өмірі мен шығармашылығын терең меңгерту.

Дамытушылық: Жыр жиһазына айналған қазақ поэзиясы  мен прозасынның өзіндік ерекшелігін ұғындыру, әрбір балғын шәкірттің жүрегіне жерлес қаламгеріміздің шығармаларымен  терең таныстыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға, жатқа айтуға баулу, әндерін, күйлерін  үйрету. Романдары мен поэмаларын талдау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Тәрбиелік: Қазақ поэзиясы мен прозасының   тереңдігін сезіндіру

адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.

 Міндеттері:

  1. Оқушыларды тіл шұбарламай таза сөйлеуге үйрету;

  2. Әрбір сөзді орнымен қолдана біліп, сауатты жаза білу нормаларын сақтауға баулу;

  3. Оқушылардың тіл өнеріне қызығушылығын арттыру;

  4. Көпшілікке арналған басылымдар мен теледидар тілін ажырата білуге дағдыландыру;

  5. Оқушылар өмірінен мақала, хабарлама жазуға төселдіру;

  6. Оқушының бойындағы шығармашылық дарынын ұштау.

  7. Жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың әдебиетке деген көзқарастарын  қалыптастырып, тәрбие құралы ретінде пайдалану, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру.

  8. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, жаңа тақырыптармен таныстыру, ақын, жазушыларды жаңа қырынан таныту.

  9. Еңбекқорлыққа,    адамгершілікке, жауапкершілікке,   саналылыққа тәрбиелеу.    

  10. Жас тілшілеріміздің   шығармаларының таралуын насихаттау.

Бұл  «Жырым мен елімді сүйсіндірсем» авторлық бағдарлама мектебіміздің «Жас толқын» әдеби шығармашылық газетінің жұмыстарының нәтижесіне байланысты құрастырылды. Бұл авторлық бағдарлама курсы аптасына екі рет, барлығы-68 сағатқа жоспарланған. Осы бағдарлама бойынша мектебіміздің «Жас толқын» әдеби шығармашылық газетінің тілшілеріне бағыт-бағдар беру арқылы жүзеге асады. Курс сабақтары әр түрде өткізіледі: «Ашық ойлар» сабағы, мәнерлеп оқу сабағы, «Пайымдау» сабағы, сайыс сабақ, шығармашылық-ізденіс сабақ, саяхат сабақ т.б. Ақындардың шығармаларын оқыту қарапайымнан күрделіге қарай оқыту негізінде жасалған. Оқыту оқушы түсінігіне жақын және лайықты ұғымдардан басталады. Оқушыларға үнемі бағыт-бағдар беріп, өз бетімен ізденіп жұмыс жасау үшін қосымша әдебиеттер тізімі ұсынылады.

Күтілетін нәтиже: «Жырым мен елімді сүйіндірсем» авторлық бағдарлама бойынша жеке тұлға төмендегі білімдерді меңгеріп шығулары керек: Ақындардың өмірбаяны, шығармалары мен өлеңдері, жазушылар жайлы  зерттеулер, ақын-жазушылардың мұрасының рухани көздері және өнерлері жайында оқып білуі қажет.

Бағдарламаны оқытудағы қойылған мақсатқа жету әдістері:

1.Тақырып бойынша талдау жасау, курстың мақсаты мен міндеті, аталу себебіне талдау жасау.

2. Мектеп, ауыл, кітапханаларындағы ғылыми және көркем әдебиеттерді, ғаламторды басшылыққа алу.

3. Ақын - жазушылардың поэзиялық және прозалық шығармаларымен таныстыра отырып, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге, пәнаралық байланыс жасауға, тапсырмаларды өзбетімен орындай білуге үйрету.

4. Көркем әдебиет саладағы шығармалардың имандылық, парасаттылық, адамгершілік, тәрбиелік мәнін түсіндіре отырып, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар:

1.Тақырыптың мақсаты мен міндетін толық ұғыну.

2. Кітапханалармен байланыс жасап, ғылыми еңбектермен танысу.

3. Өлеңдердің стильдік, тақырыптық тұрғыда және өлең құрылысына талдау жасай білу.

4. Прозалық шығармаларын  тілдік тұрғыда және образдық  талдай білу.

5. Кейіпкер мен қаламгердің өзіндік ұқсастықтарын ұғына білу.

6.Жазушылардың шығармаларын жатқа айта білу және шығармаларынан тәлім-тәрбие алу.
Жеткізген халыққа жаңалық,

Тілші деген өте ғажап мамандық.           

«Жас қаламгер» элективті курсының мазмұны.

Оқушыларды ең бастысы кітап оқып білімдерін жетілдіруге, екіншіден ойлау қабілеттерін дамыта отырып, шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу болатын. Осының нәтижесінде «Жас қаламгерлер» элективті курсы бағдарлама жоспарын жасадым. Оқушыларға әлі де ол бағдарламаның қиындығын көре отырып, бүгінде осы элективті курстың аясында «Жырым мен елімді сүйсіндірсем» авторлық бағдарлама құрастырдым. Бағдарлама 68 сағатқа жоспарланған. Әр тақырып 2 сағаттан берілген. Өйткені, оқушылар осы 2 сағаттың бірінде ақын, жазушылармен танысса, екінші сабағында сол ақындардың шығармаларына қарап, шығармашылық ізденісте өз ойларынан шығарма, өлең шығарады.

Осы бағдарламаны мектептегі «Жас толқын» газетін шығару барысында қолға алынып отыр. Оқушылар мен бүгінде газеттің 1-2 номерін шығарп үлгірдік. Сондықтан бұл бағдарламамды жалпы білім беретін мектептегі сыныптан тыс іс-шараларға, мектеп тілшілеріне ұсынып отырмын.

1-2 сабақ.

Тақырыбы: Қазақ халқының ақындар мен жазушылардың өмірбаянымен таныстыру.

Оқушыларға ақындар мен жазушылар туралы мағлұматтар бере отырып, шығармаларын бейне таспадан және аудио жазбадан естіртемін. Суреттерімен шығармаларынан үзінді келтіре отырып, оларға бағыт-бағдар беремін. Сонымен қатар оқушыларға шығармашылық ізденіс тапсырмаларымен бекітемін.

3-4 сабақ.

Тақырыбы: Ақын-жазушылардың шығармаларын оқыта отырып, шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Шығармаларды оқыта отырып, қазақтың нағыз патриоты азаматының тұлғасын қалыптастыру. Патриотизм – отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Оны зорлықпен, нұсқаумен жүргізу мүмкін емес. Ел Президенті Н.Назарбаевтың: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн», – деуі патриотизмге баулудың жарқын үлгісі іспетті.

            Жалпы, патриотизмді ұлттың тілі, діні мен ділімен тығыз байланысып, астасып жатқан ұғым деп қарастырған дұрыс болар. Дәл бүгінгі шақта көтеріліп отырған маңызды мәселелер қатарында жастарды патриоттық сезімге баулып, өсіру өзекті саналады. Ал өз тілінде де, өзге тілдерде де еркін сөйлейтін маман қай кезде де еліне пайда келтіре алатыны анық. Қазіргі тәуелсіздік жағдайында патриоттыққа баулу – айырықша маңызға ие мәселелердің бірі болып отырғаны да сондықтан екенін түсіндіріп, келесі сабақта оқушылардың шығармашылық ізденіс тапсырмаларына беремін. Оқушылар ақындардың шығармаларын оқиды, сонымен қатар өз ойларынан көптеген шығармалар мен мақалалар жазады. Мысалы «Менің Отаным», «Мен елімнің патриотымын», «Менің елім-Қазақстан», «Отаным менің өз елім» леген тақырыптарда.



5-6 сабақ.

Тақырыбы: Абайдың өмірі мен әндерімен таныстыру.

Бас ақыны – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білмейтін қазақ жоқ шығар. Қазақтың заңғар жазушысы М. Әуезов «Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп баға берген еді. Бүгінгі тақырып бойынша курс оқушыларына алдын - ала Абай Құнанбайұлы туралы деректер жинау тапсырылған еді. Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды екенін түсіндіре отырып, оқушыларға қысқаша шолу, өмірбаяны, шығармалары, қара сөздері, қара сөзде айтылған ой, Абай лексикасы, Абай және Пушкин, музыкалық мұрасы, Абайтану, Абай Құнанбайұлының дінге көзқарас тақырыптарында шығармашылық ізденіске тапсырмалар берілді. 

7-8 сабақ.

Тақырыбы: Ақын-жазушыларымыздың алғашқы қоңырауға арналған өлең-жырларын оқыту.

Оқушыларымызға ақын-жазушыларымыздың А.Асылбековтың «Алғашқы қоңырау», С.Мәуленовтың «Сәлем мектеп», Қ.Әбділдақызының «Мен мектепке барамын» тақырыбындағы өлең жырларымен таныстырып, өлең не жайында екенін, алғашқы қоңырау, мектеп сөздеріне ассоция құрастырып, өз ойларын дамытамын. Кейін сабақта шығармашылық ізденісте өз ойларынан өлең шумақтары мен шығарма немесе мақала жазады.

9-10 сабақ.

Тақырыбы: Мұқағалидің туған жер тақырыбындағы жырлары

Аламан бәйгеге оза шауып, өлең-жырда шамасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы ақын Мұқағали ағаның өмір жолынан деректер жинастыру қажет. Ақиық ақын 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті Нарынқолда интернатта оқып бітіреді. Мектепте оқып жүрген кезде ең алғашқы өлеңдерін бастаған болатын. 1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді. Оқушыларға Мұқағалидің «Қарасазым-ай», «Апырмай, туған жерім-ай», «Туған елім» тақырыбындағы өлең жолдарын оқып, оқушыларға өлең шумақтарын шығаруға бағыт беремін. Кейіннен келесі сабаққа деректеме, өлеңдерін, суреттерін жинастырады.



11-12 сабақ.

Тақырыбы: Балалар ақыны Ермек Өтетілеуовтың туғанына 77 жыл

толуына орай, ақынның шығармаларымен таныстыру.

  Ермек Өтетілеуов (1938-2006) - 1 қаңтарда Ақмола қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты филология факультетінің орыс тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген. 1962—1964 жж. Целиноград (қазіргі Ақмола) облысы, Қорғалжың аудандық газетінде қызмет істеген. 1964— 1974 жылдары республикалық «Балдырған» журналында, 1974 — 1976 жж. «Жазушы» баспасында редактор, ал 1976 жылдан бастап «Жалын» баспасында аға редактор, бөлім меңгерушісі болып істеді. Ақынның алғашқы өлеңдері алпысыншы жылдары жарық көре бастады. Жекелеген әңгіме, өлеңдері орыс, болгар, украин, грузин, армян, азербайжан, татар тілдеріне аударылған. Біраз өлеңдері балаларға арналған басылымдарға, қазақ мектебінің оқулықтарына енген. Шығармалары: қазақ тілінде оның аудармасында Л.Толстойдың, Д.Ушинскийдің балаларға арналған әңгімелері, С.Михалков, О.Дриз, Я.Аким, Б.Заходер, П.Реброның өлеңдері жарық көрді. Е.Өтетілеуұлы қазақ балалар поэзиясының көркемдік әлеміне «Алыптың алыбы» (1965), «Жұлдызша» (1972), «Жалауша» (1975), «Әдептілік-әдемілік» (1975), «Алақай»(1981), «Тілашар»(1982), «Балақай»(1986), «Өсіп келе жатырмыз»(1991), «Қазақстан - Отаным»(2002) , «Ойыншықтар әліппесі» (2007), «Әйбат әліппе» (2007) жинақтарымен жас ұрпақты қуантты. Сондықтан оқушыларға оның шығармаларымен таныстыра отырып, ақынның өлең жолдарын, шығармасының бірін мазмұндап айтуға тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар әдеби кеш ұйымдастырамын.

13-14 сабақ.

Тақырыбы: Тіл тағдыры – ел тағдыры тақырыбында қалам тербету.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Бірақ әлі шешілмей жатқан түйінді мәселелер де баршылық. Елбасы қаншама мүмкіндік жасағанымен сол мүмкіндікті қолдана алмай отырғанымыз өкінішті ақ. Ең алдымен өз қазақтарымыз қазақша таза, мәдениетті сөйлеуге үйренуіміз керек. Егер де Қазақстандағы әрбір қазақ өз тілімізде көбірек кітап оқып, дұрыс сөйлеуге үйренсек, басқалары да бізге қарап үйренеді деп ойлаймын. Бұл әрбір адамның өзіне байланысты. Әрбір қазақтың борышы өз Отанымызды, тілімізді, дінімізді құрметтеу, сыйлау керекпіз. Ең әуелі ата-аналар үйде өз балаларымен таза қазақ тілінде сөйлесу керек, одан кейін қызметтегі адамдар бір-бірімен қазақша сөйлессе, қоғамдық жерлерде тым болмаса қазақтар бір-бірімізбен қазақша сөйлессек баяғыда қазақ тілінде таза сөйлейтін едік. Екі қазақ қосылып, орысша тілі келмесе де, орыс тілінде сөйлесіп тұратынын жиі байқаймыз. Мұнысы сонда мақтанғаны ма? Қазақ тілін менсінбегені ме? түсініксіз жағдай. Мүмкін әдетке айналып кеткен шығар. «Тіл тағдыры –ел тағдыры» деп тегін айтпаған, қазақ тілін дамыту бізге байланысты. Бұл үлкен мәселе. Қазақ тілі өте бай тіл, мемлекеттік тіл, ана тіліміз, сол себепті, үйде, далада, қызметте, барлық жерде алдымен қазақша сөйлесуіміз керек. Барлық құжаттар, бағдарламалар, фильмдер тек қана қазақ тілінде жүргізілсе, қазақ тілін әлдеқайда тез үйренетін еді. Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек деген болатын. Сондықтан оқушыларға алдымен өз тілін таза білуге, граматикалық қателер жібермеуге тәрбиелей отырып, жас тілшілерге қалам тербеуге бағыт-бағдар бере отырып, шығарма жазуға баулу. «Менің тілім-анамның тілі», «Мен өз тілімді ардақтаймын», «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дәл осындай тақырыптағы шығармалар сайыс сабағын ұйымдастырамын.

15-16 сабақ.

Тақырыбы: Ақындарымыздың «Ұстазым, менің ұстазым» тақырыбындағы өлең жырлары.
 Ұстаз... Ұстаздың мен үшін де, сен үшін де, бәріміз үшін де орны бөлек. Осынау өмірдегі жандардың бәрі де ұстаз алдынан түлеп ұшты.
Әлемге, еліне пайдалы, танымал тұлғаларды тәрбиелеу ұлы ұстазға байланысты деп білемін. Ұстаз адамзат баласының бойына білім атты «шаһарды» қалайды. Сондықтан, «Ұстазды атаңнан да әзіз тұт» деген мақалға жүгінген дұрыс. Ұстаздың еңбегі - ізгіліктің інжуіндей қымбат еңбек. «Қыран құс түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» деген нақылдың өзі ұстаз – адам тағдырын шешуші тәлімгер дегенді білдіреді. Бұл сабақтарда оқушылар өздерінің «Ұстаз» тақырыбындағы өлең жолдарын жатқа айтады. Шығармашылық ізденісте «Ұстазым, менің ұстазым» тақырыбында мағлұматтар мен өлең шумақтарын, суреттер мен презентациялар жасап келеді.

17-18 сабақ.

Тақырыбы: С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы.

ХХ ғасырдығы қазақтың жаңа әдебиеті негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллин аз ғана ғұмырында өлшемейтін мол мәдени мұра қалдырды. Қазақ әдеибетінің барлық жанрында тамаша туынылар берген жаңашыл жазушы қаламынан туған шығармалар халық өмірінің ең көркем образдар арқылы, терең иделяар айтып, эстетикалық игіліктер жасады. 
Ұлттық әдебиетке төңкерістік мазмұн жаңа нысан асқан идея әкелген жазушы туындылары халқымыздың рухани қазынасын қорландыра түсті. 
Сәкен Сейфуллин кеңестік дәуірде туған қазақ әдебиетінің тұңғыш қаламгері болып, поэзия, проза, драматургия сияқты жанрлармен әдебиетіміздің басқа саласында да көрнекті қызметтер атқарды. Сәкеннің ерлік күреске толы өмірі мен шығармашылық еңбектері біздің әдебиетіміздің идеялық қалыптасуы кезіндегі орасан қызметімен бірге, оның профессионалдық жағынан өсуіне, ер жетуіне зор үлес қосты. Ол қазақ әдебиетін барлық жанр жағынан ілгерілетіп, жаңа дәуір талаптары негізінде үлкен жаңалықтар жасады. 
Мұның бәрі Сәкенді қазақ әдебиетінің негізін салушы деп айтуға дәлел. 
Қазақ әдебиетінің негізін салушы, тамаша ақын және көрнекті қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің есімі халық арасына кең жайылған. Ол – қазақ ақындарының ішінде бірінші рет революцияны, сол арқылы тарихи кезеңдерді ашық бейнеледі. Сәкен сол кездегі халықтың тұрмысын, хал – жағдайын жырлаушылардың бірі ретінде саналды. Бұл сабақта оқушылардың білімдерін шыңдауда кітапханалық сабақ ұйымдастырамын. Сабақта оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныса отырып, өз ойларын толығымен жетілдіре алады. Сонымен қатар шығармашылық ізденіс, пәнаралық байланысын дамытады.

19-20 сабақ.

Тақырыбы: «Гүлдене бер, Қазақстаным!»

Мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Ел ретінде Қазақстан жас мемлекет болғанымен, оның тарихи Еуразияның ұлы көшпелі өркениетінің үш мыңжылдық тарихынан ажырағысыз. Батыстан Шығысқа қарай,шығыстан батысқа қарай Қазақ даласы арқылы Үндістан мен Иранға,Мидия мен Қырымға, Еділ мен Кавказға, Еуропа мен Қытайға арийліктер, сақтар, ғұндар, түркілер, қыпшақтар, моңғолдар ағылды. Олардың бәрі де осынау жердің бетінде өздерінің ізін қалдырды.

Бірақ 16млн. халқы бар көпұлтты Қазақстан мемлекеті 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін қайта жариялады. Дәл осы күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары «Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында: «Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқығы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды»,-деп көрсетілді. Сонымен қатар бұл сабақта оқушылар суреттен сайыс өткіземін. Оқушылар өз білген, көрген, естігендерін қағаз бетіне түсіре біледі.

Шығармашылық тапсырма:


  1. «Гүлдене бер, Қазақстан!» тақырыбында сурет салады.

  2. Сол салған суреттерін жұп, топ болып қорғайды.

  3. Суретке пайдаланған түстерді ажырата алады.

  4. «Менің Қазақстаным!» шығарма жазады.

21-22 сабақ.

Тақырыбы: Ыбырай шығармаларының басты негізі – еңбек тәрбиесі

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге қалыптастыру. Сөздік қорын молайту.  Оқушыларды үлкенді құрметтеуге, жалқаулық әдетінен арылуға баулу.

Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы – еңбек тәрбиесі. Ол өзінің «Еңбектің тәрбиелік маңызы жөнінде» атты мақаласында: «Ерікті еңбек адамның өмір сүруі үшін ерекше маңызды роль атқарады, еңбексіз адам өзінің барлық адамдық қасиетінен және барлық құнынан айырылады. Еңбек адамның жетілуі үшін керекті жағдайды жасап қана қоймай, сонымен бірге адамның ар-ұятын өз дәрежесінде сақтап тұруға да көмектеседі. Адам өзінің жеке еңбегінсіз бір адым ілгері баса алмайды, қайта кері кетеді» деген. Осындай еңбек тақырыбына арналған Ыбырай атамыздың туындылары да жетерлік. Мәселен, «Сәтемір хан», «Әке мен бала», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Қыпшақ Сейітқұл», «Бай баласы мен жарлы баласы» т.б. шығармалары бар. «Бай баласы мен жарлы баласы» атты туындысында еңбек еткен адамдардың өмір тәжірибесі мол, қандай жұмысқа болса да икемді, мейірімді, адал, қалың бұқараның жайдары өкілі етіп көрсетеді. Қайта қалай өмір сүре білудің айла-тәсілдерін көрсетіп, Асанды аштықтан да, қорқыныш үрейден де аман сақтап қалады.

Еңбек тәрбиесі тақырыбында жазылған Ыбырай әңгімелері бір-біріне еш ұқсамайтын, қайталанбайтын туындылар. Әрқайсысының өзіндік қызықты әрі тәрбиелік жақтары бар. Мұны оқыған оқырман әрқашан пайдалы, өнегелі істерге ұмтылары сөзсіз.

Ыбырайдың өзі айтқандай, бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң өзің ғана тілейсің дегендей, бала жүрегіне нұр құюшы мамандардың жол бұлтарысы мол, бейнеті мен мұраты бірдей, бірақ бақыт құшағы кең екенін мақұлдай келе, ұстазға да үлкен ескерту, сын мен пайымшылық қажеттігін еңбек, шаттық, қуаныш, бақыт әкелетінін, еңбек – табыс көзі екендігін, еңбек – өмірді көркейтетіндігін, адамды абырой атаққа жетелейтінін түсіндіреді.



Шығармашылық тапсырма:1

1. Әңгімені зейін қойып оқыту.

2. «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы



«Әке мен бала» әңгімесі бойынша талдау жұмыстары.

Әке

Бала

Үлкен кісі
Тағаны алады
Ақылды адам
Шие сатып алды
Еңбектенді

Жас бала
Алғысы келмейді
Ақылсыз бала
Сатып алмады
Еңбектенген жоқ

3. Әңгіме мазмұны бойынша топтық жұмыс.

1-топ: әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру.

2-топ: Осы әңгіме бойынша сұхбатты жалғасатыру.

23-24 сабақ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет