Қан анализінің диагностикалық



Pdf көрінісі
Дата26.03.2024
өлшемі4,97 Mb.
#200299
түріҚұрамы
Байланысты:
Биохимия. Қан



ҚАН БИОХИМИЯСЫ.
БИОХИМИЯЛЫҚ
ҚАН АНАЛИЗІНІҢ
ДИАГНОСТИКАЛЫҚ
МАҢЫЗЫ
Орындаған: Жүрсінәлі Ақниет
Тобы: 105А


Кірісіпе
Негізгі бөлім
Қан 
Қан плазмасы
Қанның қасиеттері
Қанның құрамы 
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспары:


Кіріспе
Қан
(гр. 
haemo
; лат. 
sanguis 
— қан) — ағзадағы ішкі сұйық
ортаның бірі. Ол қантамырларыныңтұйық жүйесін бойлай
ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық
мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін
жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару
мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық
әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі
қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан
қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.


Қан 
Қан — ересек адам ағзасында шамамен бес литр
қан болады. Қан — ағзадағы дәнекер ұлпасының бір
түрі. Оның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат —
плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары
— эритроциттермен лейкоциттер және қан
пластинкалары — тромбоциттер болады.
Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы
жасушалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға
жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді.
Эритроциттер тасымалдау, лейкоцит фагацитоздау
ж
ə
не тромбоцит қан ұшуға қатысады.


Қан плазмасы 
сұйық бөлімі. Егер ерітінді қосылған
ұйымайтын қанды ыдысқа құйып тұндырса,
ыдыста 3 қабат айқын білінеді. Соның ең
үстіңгі сарғыш түсті мөлдірлеу қабаты –
плазма. Плазманың құрамында 90–92% су;
7-8% нəруыз (белок;) 0,12% глюкоза; 0,7–
0,8% май; 0,9% тұз болады. Бұлардан
басқа сүт қышқылы, ферменттер мен
гормондар бар. Плазмадағы нəруыздар 3
топқа бөлінеді: 
альбуминдер
(4,5%);
глобулиндер
(1,7–3,5 %) жəне
фибриногендер
(0,4%). Фибриноген
нəруызы қанның ұюына қатысады. 
Қан жасушалары 
Лейкоциттер
- ядросы бар қан жасушалары.
Ересек адамның 1 мл қанында 6-8 мың
лейкоциттер болады. Баланың иммундық
қабілеті (ауруға қарсы тұру , қорғану қабілеті)
лейкоциттерге байланысты. 
Қанның құрамындағы үшінші пішінді
элементтер - тромбоциттер немесе қан
пластинкалары. Олар сопақша немесе
диаметрі 2-5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді.
Тромбоциттердің жалпы саны 1 мкл 300
мыңнан 100 мыңға дейін. 
Адам денесіндегі эритроциттердің өмір
ұзақтығы 90-120 күндей, бірақ олар үнемі
жаңарып отырады: ескілері бауырда жəне
басқа мүшелерде ыдырап, жаңа жас
эритроциттер сүйек кемігінде өндіріліп, қан
айналымына қосылады


Қанның қасиеттері
Қалыпты жағдайда қанның рН = 7,36 тең, Бұл
əлсіз сілтінің реакциясы. Қанның белсенді
реакциясының тұрақтылығына қанның буферлік
жүйесінің 
үлкен 
маңызы 
бар. 
Кейбір
бейорганикалық қосындылар, нəруыз заттары
қанға келетін зат алмасуының нəтижесінде
қышқыл немесе сілтілік қасиеттері бар заттармен
қосылыстар жасайды. Мысалы, дене еңбегімен
шұғылданғанда қанға зат алмасуынан пайда
болған қышқыл заттар келеді. Қанның буферлік
қасиеті гемоглобин, карбонаттар, плазманың
нəруыздарының 
буферлік 
жүйелеріне
байланысты. 
Бұлардың 
ішіндегі 
аса
маңыздылары гемоглобиндік жəне карбонаттық
буферлік жүйелер.


Қанның қасиеттері
Қанның тағы да бір физикалық қасиеті - оның тұтқырлығы. Қанның
тұтқырлығын судың тұтқырлығымен салыстырады. Судың тұтқырлығы 1-
ге тең деп алынса, жаңа туған сəбидің қанының тұтқырлығы алғашқы
күндері 10,0-14,8 болады. 1-ші айдың соңында ол 4,8 дейін төмендеп
шамамен тұрақты болып, осы күйінде сақталады. Оның ауытқуы онша көп
емес, алғашқы 1 жаста орта есеппен 4,6, 1-3 жасқа дейін 4,57, 3-15 жас
арасында 4,61 шамасында болады. Дегенмен 8-11 жас арасында ғана
қанның тұтқырлығы айтарлықтай 2,9-дан 5,5-ке дейін (орта шамамен 3,9)
ауытқиды деген мəліметтер кездеседі. Қанның тұтқырлық шамасы
жынысқа байланысты емес, орта есеппен алғанда ер балаларда 4,6, ал
қыз балаларда 4,58-ге тең болады. Қан плазмасының тұтқырлығы оның
жалпы тұтқырлығына қарағанда аз, не бары 1,88.



Қорытынды
Адамның денесіндегі қан — организмнің сұйық негізгі ішкі
ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л
шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа
туған нәрестеде ол 10-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8 %
болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан
деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге
бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Қан бауырда, көк
бауырда, сүйек кемігінде түзіледі


 
Цитология және гистология. Оқу құралы. Сапаров Қ.Ә. — Алматы: Қазақ
университеті, 2009. - 128 бет. ISBN 978-601-247-057-4
1.
Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-
Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
2.
Пайдаланылған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет