1.
|
Аналитикалық химияның қарастыратын мәселесі?
|
2.
|
Сапалық және сандық талдаудың мақсаты қандай?
|
3.
|
Заттың сапалық құрамын қандай белгілеріне қарап анықтайды?
|
4.
|
Спецификалық, топтық реактивтер дегеніміз не?
|
5.
|
Зерттеудің макро-, микро-, жартылай микро- және ультрамикроәдістері арасындағы айырмашылықтар қандай?
|
6.
|
Ашу шегі немесе ашылатын минимум дегеніміз не?
|
7.
|
Шекті сұйылту дегеніміз не?
|
8.
|
Минималды көлем дегеніміз не?
|
9.
|
Шекті концентрация дегеніміз не?
|
10.
|
Катиондардың қышқылдық-негіздік жіктеу бойынша топтарға бөлінуі.
|
11.
|
Аниондардың қышқылдық-негіздік жіктеу бойынша топтарға бөлінуі.
|
1.
|
Аммоний ионын Несслер реактивімен көлемі 0,050 мл ерітіндіден ашу шегі 0,050 мкг. Осы реакция үшін сезгіштіктің көрсеткішін және шекті сұйылтуды анықтаңыз?
|
2.
|
Калий ионын дикалий-натрий гексанитрокобальтаты(ІІІ) түрінде ашу шегі 1 мкг және осы реакция үшін шекті сұйылту 5·104 мл/г, реакцияға қажет ерітіндінің минималды көлемін анықтаңыз?
|
3.
|
Натрий ионын аналитикалық реакциялардың бірімен анықтаудың шекті сұйылтуы 1,0·105 мл/г, ашу шегі 1 мкг. Осы реакция көмегімен натрий ионын ашу үшін қажет ерітіндінің минималды көлемін анықтаңыз?
|
4.
|
Натрий ионын натрий-мырыш-триуранил нонаацетаты нонагидраты түрінде анықтау реакциясының шекті сұйылтуы 4,0·105 мл/г тең, Осы реакция үшін 200 мл ерітіндідегі натрий сульфатының массасын анықтаңыз?
|
5.
|
Мыс(ІІ) ионын купронмен анықтаудың шекті концентрациясы 2,0·10-6 г/мл, ерітіндінің минималды көлемі 0,050 мл. Осы реакция үшін мыс(ІІ) ионының ашу шегін және ерітіндінің молярлық концентрациясын анықтаңыз?
|
6.
|
Құрамында 1 г/л күмісі бар ерітіндіні 25 есе сұйылтқаннан кейін алынған ерітіндінің 0,020 мл көлемінен күміс ионын күміс хроматы түрінде анықтаудың шекті сұйылтуын және ашу шегін табыңыз?
|
7.
|
0,1 % темір(ІІІ) ерітіндісін 1000 есе сұйылтқаннан кейін алынған ерітіндінің тығыздығы 1 г/мл, ерітіндінің 2 мл көлемінен темір(ІІІ) ионын аммоний тиоцианатымен анықтаудың шекті сұйылтуын және ашу шегін табыңыз?
|
8.
|
Калий ионын натрий гидротартратымен анықтаудың шекті концентрациясы 1,2·10-3 г/мл, калий ионын анықтауға болатын калий хлориді ерітіндісінің минималды молярлық концентрациясын анықтаңыз?
|
9.
|
0,00010 моль/л кальций хлориді ерітіндісінің көлемі 0,030 мл-нен кальций ионын кальций оксалаты түрінде анықтаудың ашу шегін және реакцияның шекті сұйылтуын анықтаңыз?
|
10.
|
0,00040 моль/л күміс нитраты ерітіндісінің көлемі 0,020 мл-нен күміс ионын күміс хроматы түрінде анықтаудың ашу шегін және реакцияның шекті сұйылтуын анықтаңыз?
|
11.
|
Көлемі 0,02 мл ерітіндідегі алюминий ионының ашу шегі 1,2 мкг болатын ерітіндідегі Al3+ ионының шекті концентрациясы мен эквивалентінің молярлық концентрациясын анықтаңдар.
|
12.
|
Шекті концентрациясы 1,2·10-3 г/мл тең болатын К+ ионын анықтауға қажет KCl ерітіндісінің минималды концентрациясы CM (моль/л) неге тең.
|
13.
|
Шекті сұйылтылған 1:10000 ерітіндінің 0,1 мл көлемдегі реакциясының ашу шегін анықтаңдар.
|
|
1 г Ag+ ионын 25000 г еріткіштен анықтауға болатын реакцияның шекті сұйылту мәні неге тең.
|