№ 1 есеп
Фельдшерге 30 жастағы пациентка келесі шағымдармен көрінуге келді: жалпы әлсіздік, басының ауруы, басының айналуы, жүрген кезде ентігудің болуы, жүрегінің қатты соғуы, көзінің алдында «шыбын ұшқан» тәрізді болуы, бор жегісі келуі.
Анамнезінен: пациентканың етеккірі ұзақ (8 күн) және көп мөлшерде келеді.
Объективтік тексеруде: дене қызуы 36,7°С. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі бозғылт түсті, құрғақ. Тырнақтары сыңғыш, қабыршақтанады, беттері көлденен сызықты.
Аускультацияда өкпеде везикулярлы тыныс, ТАЖ минутына 26 рет. Жүрек тондары ырғақты,тынықталған, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Пульс минутына 100 рет, ырғақты, толықтығы әлсіз, жұмсақ. АҚҚ 90/60 мм сын.бағ.бойынша. Абдоминалды патология табылған жоқ.
Тапсырмалар.
Алғашқы диагнозды тұжырымдаңыз және дәлелдеңіз.
Диагноз:Теміртапшылық анемия
Себебі: Әлсіздік,бас айналуы көзіне шыбын шіркей көрінуі,талмалар болуы мүмкін,ентікпе,шаштары сынғыш,тырнақтарының сынғыштығы.Терісі бозғылт болуы Температура субфебрильді,жүрек шекарасы сол жаққа ығысуы.Клиникалық белгілеріне сәйкес келеді
.2. Қажетті қосымша тексеру әдістерін атаңыз.
Диетотерапия,Витаминотерапия
3.Осы пациентке қатысты тактикаңызды анықтаңыз, емдеу принциптері,
болжамы және алдын алу шаралары туралы айтып беріңіз
1)Тежеуші терапия-анемиялық синдромды жою.Емдеу курсы орташа ұзақтығы 3-5 апта.
2)Қанығу терапиясы депоға темір толуы мақсатымен өткізіледі.Ұзақтығы 1.5-2 ай
3)Рецидивке қарсы терапия.ТТА науқасға темір препараттарын ай сайын 7-10 дозасы (250мг/тәулік)
Ферроплекс(күніне 10-15 драже)
Ферроградумент(күніне 1-2табл)
Тардиферон(күніне 2 табл)
Конферон(1-2 капс×3 реи күніне)
Актиферрин(1капс× 2-3 рет күніне
Достарыңызбен бөлісу: |