Анатомия лидерлері
Сыныптан тыс шара (8 сынып)
Мақсаты: Оқушылардың білім өрісін (ой-өрісін) кеңейту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, алғашқы жәрдем көрсету дағдыларын дамыту;
пәнге деген қызығушылықтарын ояту;
шығармашылықпен, өзіндік жұмыстануға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, слайдтар, бинт, жгут, косынка, мұз т.б.
Барысы: Жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқушылар! Сіздерді бүгінгі «Анатомия лидерлері» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер деп...
Іс-шарамыздың девизі: « Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады».
I тур «Бәйге»
Адам ағзасының мүшелері мен мүшелер жүйесін зерттейтін ғылым (анатомия)
Фагоцитоз құбылысын ашқан ғалым (Мечников)
Жасушаның негізгі және реттеуші орталығы (ядро)
Шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас жасушалар жиынтығы (ұлпа)
Жоғарғы жүйке қызметінің рефлекстің сипаттамасын тбірінші рет 1863 жылы берген,орыс физиологы (И.М. Сеченов)
Адамда хромосома саны (46)
Екі бүйректің үстінде орналасқан ішкі секрециялық безі (бүйрекүсті безі)
Адам жануарлар дүниесінің қай класына жатады? (сүтқоректілер)
Тіршіліктің негізгі бірлігі (жасуша)
Нейронның ұзын өсіндісі (аксон)
Қол мен мида... ұлпа (дәнекер)
Жүйке жасушасы ...( нейрон)
Жүректің сыртқы қабаты ... ( эпикорд)
Кеуде қуысында орналасқан ірі жұп мүше (өкпе)
Ащы ішектің бастапқы бөлімі ( ұлтабар және ішек)
Денедегі ең ірі без, салмағы 1,5 кг (бауыр)
II тур. «Ғажайып бестік»
Орталық жүйке жүйесі
Мидың орташа салмағы 1300-1500г. 10
Мидың бөлімдерін атап бер (сопақшами, артқы ми, алдыңғы ми сыңарлары, ортаңғы ми, аралық ми) 20
Вегетативті (автономдық) жүйке жүйесі реттейді (ішкі мүшелердің жүйесі) 30
Алдыңғы ми сыңарларының бөліктері (маңдай, төбе, самай, шүйде) 40
Сезім мүшелері
Үш қабаттан тұратын шар тәрізді мүше ( көз алмасы) 10
Құлақ неше және қай бөліктерден тұрады (3-сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақ) 20
Адам терісінде заттың пішінін, тегістігіе, ауырсынуды, температурасын анықтайтын сезім рецепторлары қандай жатады (сипап сезу) 30
Ортаңғы құлақтың дыбыс сүйектерін ата (үзеңгі, төсше, балғашық) 40
Тірек –қимыл жүйесі
Ұзын сүйектерді атап бер (тоқпан жілік, уәрі жілік, ортан жілік, асықты жілік10
Жалпақ сүйектерді атаңдар ( бас сүйек, жамбас, қабырға. Жауырын, самай, бет және жақ сүйектері) 20
Қысқа сүйектерге жатады (омыртқа, табан мен қол сүйектері) 30
Омыртқа жотасын құстың омыртқалар саны және бөлімдері (33-34 омыртқа , мойын, артқа, белү сегізкөз, құйымшақ) 40
Ағзаның ішкі ортасы
Қанның қызметтері (қорғаныш, тасымалдау, гуморальды) 10
Қан жасушалары (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) 20
Қанның қызыл пигменті ( гемоглобин) 30
Қанның ұйымауы, тұқым қуалайтын ауру (гемофилия) 40
Қанайналым жүйесі
Қанның ағзада қантамырлар арқылы ұдайы қозғалысы (қанайналым) 10
Ең ірі артерия (қолқа) 20
Адамның жүрегі неше бөліктен тұрады? (4,2 қарынша, 2 түрекше) 30
Қанды жүрегінен дене мүшелеріне жеткізетін қан тамырлары (артериялар) 40
ІII тур. Полиглот
Қазақша-орысша-ағылшын тілінде
Жасуша-клетка-cell
Жүрек-сердце-heart
Көз-глаза-eyes
Қол –рука-hand
Бас-голова-head
Шаш-волосы-hair
IV тур.Көкпар
Тапсырма №1
Туберкулез. Белгілері: жөтел, терлеу, науқас адам әуелі аздап жөтеледі, кейін жүдейді, ұйықтағанда терлей береді, дене қызуы 37-37,7 градусқа дейін көтеріледі. Ауру қоздырғышы-кох таяқшасы
Суға кеткен адамға көрсетілетін алғашқы жәрдем
Тапсырма№2
Бүйрек ауруларын атап, олардың белгілерін атап көрсетіңдер (нефрит-ауру қоздырғыш бктериялардың бүйректе қабынуы. Уремия-)
Күйгенде көрсетілетін алғашқы жәрдем
V тур. Кім көп сөз құрастырады?
ҚАНАЙНАЛЫМ
(қан, айна, ай,ана, айқай, алақан, май, алма, нан, лақ, ым, мал, ала, алым, қанай,қал,нала, малай).
Достарыңызбен бөлісу: |