Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары Сабақтың мақсаты: 9.2.2.2 электрондық кестеде деректер базасын жасау; Excel-де ақпарат іздеу мүмкіндігімен танысады Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал қалыптастыру: Топқа бөлу: Ынтымақтастық ортада рөлдік функцияны бөле отырып бірін-бірі жетілдіру.
https://www.randomlists.com/team-generator программасына білім алушылардың атын енгізіп 2 топқа генератор батырмасын басу арқылы топқа бөледі
Өткен сабақты пысықтау:
68 – беттегі үй тапсырмасы
Жаңа сабақ тақырыбын ашу: Qazmath платформасында сабаққа қатысты терминдерді анықтайды
Деректер базасында ақпарат ұсыну Ақпараттың едәуір мөлшерімен жұмыс істегенде, қандай программалық жасақтама қолданылғанына қарамастан, мынадай әрекеттер орындалады:
1. Деректер базасының кестелері құрылады.
2. Кестелердегі деректерді енгізу үшін формалар жасалады.
3. Деректер базасы кестелеріне қажетті сұраныстар жасалады.
4. Баспаға басу үшін сұраныс негізінде есептер жазылады. ДББЖ қолдану арқылы деректер базасын қалыптастыру ДБ құрылымын анықтаудан басталады: деректер базасының өрістерін, олардың типтерін анықтау және атауларын енгізу. Әрі қарай кестеге тікелей енгізу әдісі бойынша немесе форма арқылы деректер базасы жазбаларын енгізу, қарау, жөндеу жүргізіледі. Содан кейін деректер базасында деректерді сұрыптауға және іздеуге болады.
Форманы пайдаланып деректер базасының жазбаларын ұсыну Форма - деректер базасына жазбаларды енгізу, қарау және өңдеуге арналған нысан. Формалар кестеден бір жазбаны көрсетеді және онда бір жазбадан екіншісіне жылжыту батырмалары орналасады.
Форманың міндеті - ашылмалы терезе түрінде, пайдаланушыға қарапайым, түсінікті және ыңғайлы интерфейспен қамтамасыз ету, ол программаға деректерді тиімді енгізуге және программаның нәтижелерін диалог режимінде оқуға мүмкін дік береді
Форманы шақыру үшін негізгі кестедегі кез келген ұяшықты белсенді етіңдер (тінтуірмен шертіңдер). Программаның бас мәзірінде орналасқан Форма белгішесін басыңдар. Пайда болған ДБ1 терезесінен (Excel жұмыс кітабындағы парақтың аты бойынша) Қосу (Добавить) батырмасын басыңдар. Терезені жаңа жазбаның мәліметтерімен толтырамыз. Терезеден терезеге пернетақтадағы Tab пернесін басу арқылы жылжыңдар.