«Қарағанды әні» туралы Өткен ғасырдың 60-шы жылдары шығып, көпшілікке бірден ұнаған «Қарағанды әні»



Дата15.09.2017
өлшемі29,28 Kb.
#32783
«Қарағанды әні» туралы
Өткен ғасырдың 60-шы жылдары шығып, көпшілікке бірден ұнаған «Қарағанды әні» аға ұрпақтың құлағында. Бұл ән естілгенде әлі күнге дейін елең ете қаламыз. Сөзі де ұғынықты, әуені де жағымды. Кейінгі уақытта Қарағанды туралы талай ән шықты, бірақ соның біреуі де ойда қалмапты. Ал мына әннің жөні бөлек. Бір қызығы, бұл әнді кәсіпқой композитор шығармаған. Мәтінін жазған да белгілі ақын емес, бар-жоғы он класты бітірген, кәмелетке жаңа толған бойжеткен еді. Нақтырақ айтсақ, Қарағанды қаласының тұрғыны Жұмағила Есмағанбетқызы Исаханова деген жас қыз болатын. Ол 1965 жылы сол кездегі Киров ауданындағы №26 қазақ орта мектебін бітірген. «Қарағанды әнінің» мәтінін жазғанда ол 17-18 жаста ғана болған екен. Мектепте жақсы оқыған, жасынан әде­биетке, поэзияға құмар болып өскен Жұмағила осы әннің мәтінін қазақша-орыс­ша жазған. Оның Амангелді деген ағасымен жолдас болған Төлеген Бекішев деген музыкант осы мәтінге әуен жазады. Алғашқыда жастардың арасында, кейіннен қала тұрғындарына тарап кетеді. Облыстық радиоға жазылып, қаланың ән ұранына айналады. Шахтер отбасында дүниеге келген Жұмағила өз қаласын бала күнінен сүйіп өскені жазған өлеңінде көрініп тұр. Сол кездегі еңбекші қаланы, ондағы құрылыстарды, әдемі бульварды жырға қосқан. Жұмағила жас күнінде тұрмысқа шығып, Оңтүстік Қазақстан облысына қоныс аударған. Бертінде елге қайтып келіп, Қарқаралы ауданындағы «Ынталы» совхозында тұрған. Кейіннен о дүниелік болды. Артында қалған ұрпақтары бар.

Кейінгі жылдары «Қарағанды әнінің» шығуына байланысты әр түрлі пікірлер айтылып, оның әуені мен мәтінін жазған Төлеген Бекішев деген сөз шығып жүр. Шындығында әуенін жазған Төкең екені рас. Ал қазақша-орысша мәтінін өмірге әкелген Жұмағила Исаханова. Ол кісі екі тілге бірдей жетік болған. Бұл күнде Қарағанды қаласында тұратын оның қызы Жәмилә Қуандыққызы Иманбекова өз қолымен «Қарағанды әнінің» анасы жазған мәтінін әкеліп тапсырды. Енді осы әннің сөзін тағыда бір рет еске түсіріп көрейік.

Сүйікті қалама сүйсініп келемін,

Тұр әні алдымда сәулетті үйлерің.


Қайырмасы:

Еңбекші жас қалам,

Жайнай бер көркейіп.

Шалқысын осы әнім,

Сен үшін Қарағандым.

Сүйдім мен жасыман гүлденген бағыңды,

Күн сайын сен маған ыстықсың Қарағанды.
Қайырмасы:

Зажигает огни трудовой город мой,

В этот час я иду и любуюсь тобой.
Припев:

Город мой Караганда,

О тебе я пою.

Город мой Караганда,

Ты со мной всегда.

Полюбила с детства дивный город тебя,

С каждым годом милый и нежный для меня.
Припев:

Славим город мы свой, и углем и рудой,

Как цветок полевой разцветаешь весной.

Припев:


По любила сады и бульвары твои,

С каждым годом растут новостройки твои.



Припев:

Міне, «Қарағанды әнінің» алғашқы мәтіні осындай. Оның жалғыз авторы – Жұмағила Есмағанбетқызы. Кейін­гі ұрпақ оны білуі керек деген ниет­пен осы шағын мақаланы жазып отыр­мыз.


Серік ОЛЖАБАЙ.
Орталық Қазақстан. - 2011. - 10 желт. (№ 206/207). - 10 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет