Қарағанды облысы білім басқармасының
Балқаш қаласы білім бөлімінің
«әл-Фараби атындағы жалпы
білім беретін мектебі» КММ-нің
9«Д» сынып оқушысы
Айтбеков Алибекке
Ұсыныс хат
Мен бұл анықтаманы аталған мектепте 2014-2023 жылдар арасында оқыған Алибектің «Жас ұлан» мектебінде оқуын жалғастыру өтініші бойынша жазып отырмын. Алибекке 2018-2023 жылдар арасында сынып жетекші болдым. Осы жылдар арасында география, биология пәндерін ұната оқыса, ал спортқа құштарлығы одан да басым болды. Спорттың еркін күрес түрімен кішкентайынан айналысты. Республикалық, облыстық, қалалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындардың иегері атанып жүрді.
Мінезі салмақты, тәрбиелі ұл бала. Қоғамдық ортаға бейім. Байқағыш, есте сақтау қабілеті жақсы, түсінігі мол. Өзіне берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындайды. Сыныптас достарымен, құрбы-құрдастарымен жақсы қарым-қатынаста. Мектепішілік, қалалық, сыныптағы іс-шараларға өз үлесін қоса білді.
Сондықтан, Алибек болашақта өз отанын қорғайтын, елінің беделін жоғары өркендететін азамат болатынын сеніммен айта аламын және ұсынамын.