Кіріспе
Нерв клеткасын ғылыми тілмен нейрон деп атайды. Нейрон əр бөлІгІнІң өзіне тəн
атқаратын маңызды қызметі бар. Нейронның денесін "химиялық комбинат" деп есептейді,
себебі нейронныц қызметІне керекті заттарды өндіріп, оньтң тІршілік қызметІне керекті
арнаулы заттармен қамтамасыз етеді. Өсінділерін алатын болсақ, осылар арқылы екі
нейрон арасындағы байланыс іске асырылады. Ал кейіннен белгілі болғандай,
нейрондардың басты рөлі ақпараттарды басқа нейронға жеткізу немесе еттер мен бездерге
іс-əрекет жасауға бү.йрық беру. Нерв клеткасы ақпаратты аксон арқылы жібереді. Қайдан,
қалай ақпаратты жІберу осы нейронның аксон өсіндісінің ұзындыгына байланысты.
Егер ақпарат көрші нейронға баратын болса, ол қыска болуы мүмкін, ал бас миынан
тыс басқа бІр мүшелерге баратын болса, онда аксон ұзын болады. Мысалы, жылқы
малының жүлыннан таралатын қозғаігыш нейронының аксоны аяғына дейін жетеді. Онда
оның ұзындығы 1 м-ге тең болады. Ал табиғатта кездесетін алып жануарлар піл, жираф,
киттердің нейрондарының өсінділері одан да ұзын болады. Ақпаратты беру үшін аксон
келесі нейронға немесе ет клеткасына, кез келген безді клеткаға дейін жетуІ керек. Ал
көптеген нейрондар ақпаратты өздері қабылдайды, сондықтан да аксондар барлығына
жетіспеуі де мүмкін. Осындай жағдайларда олар ақпаратты дендрит-тер арқылы да алуы
мүмкін.
Аксондар
тек нерв
клеткасының денесімен
байланысқа
түсіп қана
қоймай,
дентриттермен де байланыста болады. Кейбір қарапайым жануарлардың нерв
клеткасында нерв жүйесі аксондарының саны аз, оларда дендриттер жоқ. Мысалы,
құмырсқалардың бас миы ганглияла-рындагы эрбір нейрондары информацияыы басқа
нейрондардың аз ғана бөлігінен алады. Оның нейрондарының денесінде аксон
орналасатын орын жеткІлікті. Сондықтан да дендриттерсіз де қызметі іске асырылады.
Жоғарғы сатыдағы жануарларда басқаша, нейрон қанша көп болса, оларда дендриттер көп
болады.
Адамның бас миының нерв клеткасының дендритіне бірнеше ондаған басқа нерв
клеткасының аксондары келеді, сондықтан да кез келген нейрон өзіне арналган
барлық информацияларды толық
қабылдай алады.
Нақтырақ айтар болсақ, нерв клеткаларыньщ өсінділері бір - бірі-мен еш уақытта
қосылмайды. Олар тек контакт (синапс) арқылы түйі-седі. Нерв клеткаларының
есінділерінің байланысқа түсетін жерін синапс деп атайды. Электронды микроскоптардың
көмегімен синапстың құрылысының қыр-сыры ашып көрсетілді. Көп жағдайларда синапс
аксондардың ұшымен дендриттерді немесе нерв клеткаларынын денесімен байланыста
болады.
Кəдімгі жағдайда синапс екі бөліктен тұрады: аксонның ұшы жуандалып, жалпақ
буылтық тəрізденеді. Осы жалпақ буылтық беткейімен дендрит қабығына жанасады
немесе екінші неирон клетка денесіне жанасады. ЕкіншІ жанасушы клетканын,
қабыгымен байланысатын жері төмпешіктеніп, жалпақ жағымен жанасады.
Синапсты қосып жиналган түрі штепсельдің вилкасын электрозеткаға қосқандай түрде
болады
Нерв ұлпасы
Нерв ұлпасы эктодермадан дамиды, өз кезегінде нерв ұлпасы екі құрылымға бөлінеді:
нерв клеткасы жəне нейроглия . Нерв клеткалары қозуды, тітіркенуді қабылдауға жəне
нерв импульсін тудырып, өңдеп өткізуге қабілетті.
Нейроглия тіректік, қоректік, секреторлы жэне қорғаныштық қызмет атқарады. Нерв
ұлпасының барлық элементгері бірігіп организмнің нерв жүйесін кұрайды. Нерв жүйесі
организмнің ішкі мүшелері мен ұлпаларының жəне организмнің сыртқы ортамен
қарым-қатынасының негізі болып табылады.
Нерв клеткалары
Нерв клеткалары немесе нейроциттер өсінділі пішінді болады. Клетка көлемі - 4-130 мк.
Нейроцит денесінен, өсіндісінен түзілген нерв ұштарынан құралады. Негізгі бөлігін
көптеген өсінділері алып жатыр. Мұндай нейроцит мульти-полярлы деп аталады.
Нейроцит екі өсінділі биополярлы немесе бір өсінділі униполярлы нейроцит болуы
мумкін. Өсінділер дендрит жəне нейрит болып екіге бөлінеді. Дендриттер импульсті нерв
клеткасының денесіне экеледі, нейриггер импульсті клетка денесінен экетеді. Дендрит
бұгакталып көп болуы мүмкін. Нейрит əрқашанда тек біреу болады. Кейде нейроциттердің
жалған униполярлы турі кездесуі мумкін. Оларда дендрит пен нейрит бір-біріне
жақындап, клетка денесінен бір өсінді түрінде шығады да, кейін барып Т түрінде бөлінеді.
Өсінділер ұзындығы адамдарда əр түрлі бірнеше микроннан 1,5 м-ге дейін болады.
Нерв
клеткаларында ережеге сай тек
бір ядро
болады. Кейбір вегетативті нерв
түйіндерінде екі ядролы жэне тіпті көп ядролы клеткалар да кездеседі.
Нерв клеткасының ядросы ашық түсті қанықпаған хомаин-дерден тұрады, пішіні шеңбер
тəрізді . Клетка денесі-нің орталық бөлігінде орналасады. Цитоплазмадан екі қабат
мембранасы арқылы шектеледі.
Нерв клеткасының
цитоплазмасында барлық
органеллалар
болады,
пластинкалы
комплекс, клетка орталығы, митохондриялар жэне т.б. митохондриялар денеден нейриттің
бөлінген жерінде жэне өсінділердің бұтақталған ұштарында көптеп кездеседі.
Цитоплазмада сонымен қатар гликоген қосындылары, темір жэне пигментті қосындылар
кездеседі. Кейбір нерв клеткалары секрет бөлуге қабілетті, мысалы, гипоталомустық
аймак нейро-цитгері. Мұндай клеткаларда эр түрлі көлемде түйіршіктер жэне секрет
тамшылары болады.Нерв клеткасында арнайы құрылым - базофильді зат немесе
нейрофибрилдің болуы, оның өзіне тəн ерекшелігі болады
Базофильді зат нерв клеткасын арнайы бояулармсн бояу барысында базофильді кесек
Ниссл глыбогы түрінде байқалады. Сондықтан боялған нерв клеткалары дақты түрде
болады. Бұл зат қүрамында көптеген рибосомы бар туйіршікті цитоплаз-малық тор
болады. Мүндай кесектер нейригге жəне оның бөліну аймагында кездеспейді. Клетканын
құрылысына жэне функцио-нальды жағдайына байланысты кесектер морфологияеы
өзгеріп отырады. Нейронға қатты күш түскенде, патологиялық жағданда кесек ыдырып,
жоғалып кетеді.
Электронды микроскоптың үлкен көрсеткішімен қарағанда: базофильді денешіктің
көпіршіктерден жəне цитоллазмалық тормен тығыз байланысқан эр түрлі пішінді жэне
көлемі эр түрлі түтіктерді көруге болады. Мембрананың сыртқы бетінде түзілген
көпіршІктер мен түтікшелердің касында майда дэн тəрізді рибосомалар орналасқан.
Рибосома РНҚ мен белокқа өте бай болады. Цитоплазмадағы осы компонентгердін
құрылым болуы осы аймакта белок синтезінің активті өтетініне мысал
болады.
Цитоплазманың
басқа аймактарында
да
цитоплазмалық
тор бар,
бірақ Ниссл кесегі жоқ.
Нейрофибрилдер - нерв тканін күміс түздарымен бояғанда байкалатын жіңішке жіпшелер.
Нейрофибрилдер нерв клетка-сында сұйықтор түзеді жəне арнайы орны болмайды .
Өсінділерде бір-біріне параллель орналасып, талшық бойымен таралады. Электронды
микроскоппен қарағанда цитоплазмада өте жіңішке жіпшелер - протофибрилдерді көруге
болады.
Протофибрилдер күміске қанығып жарык микроскопымен көруте болатын нейрофибрилді
түзеді. Нейрофибрилл күрамында цитогшазманың белок молекулалары болады, ол
қозғалгыш жүйеге жатады. Нерв клеткасын қоздырғанда жіпшелер өте айкын байкалады.
Нерв клеткалары атқаратын қызметіне байланысты:
Сезімтал
Қозғалтқыш аралық болып бөлінеді.
Сезгіш нерв клеткалары дендриті арқылы үлпаға бекиді, сол үлпадан тітіркенуді
қабылдап, нейрит арқылы немесе қозғалтқыш клеткаға өткізеді. Сезгіш клеткалар
көбІнесе жалған униполярлы түрде болады жəне жұлынның нерв түйіндерінде, бас
миынын сезгіш түйіндерінде жэне сезімтал мүшелерде орналасады.
Аралық клеткалар - мультиполярлы клеткалар. Олар өздерінің дендритімен импульсті
сезгіш немесе аралық нерв клеткаларынан қабылдап, оны кабылданган импульсті нейриті
арқылы козгалткыш немесе аралық клеткаларга өткізеді. Осындай кезекпен тұтас орталык
жүйке жүйесін құрайды.
Қозгалтқыш клеткалар мультиполярлы түрде болады, дендриті арқылы импульсті сезгіш
жəне аралык клеткалардаы қабылдайды. Оны нейрит арқылы бүлшык етке береді. Осы
жерде козғалтқыш нерв клеткасының нейриті козғалыс ұшын түзеді.
Козғалтқыш нерв клеткалары көлденең-жолакты бұлшык ет үшін жұлынның алдыңғы
мүйізінІң ядроларында жэне мидын бағаналық аймағынын козғалтқыш ядроларында
орналаскан.
Нерв клеткаларының немесе өсінділерінің бір-бірімен байланысқан жері синапс деп
аталады. Бүл нейриттің бір клетканың денесінде немесе басқаның дендритінде
бұтақталуы. Байланасу беті өте жіңішке көлемді - 20 нм.
Нейроглия
Нейроглия əр түрлі кызмет аткаратын көптеген клеткалар-дан түрады: тіректік, шектеуші,
коректік жəне секреторлы. Нейроглия элементі екіге бөлінеді:
макроглия
микроглия
Макроглия өз кезегінде эпендимаға, астроглияға жəне олигодеидроглияға бөлінеді.
Эпендимді глия жұлын каналын жəне ми қарыншаларын астарлап жатады. Клеткалары
ұзын өсінділі, кейде кірпікшелі болады,
Тіректіктен бөлек, секреторлы да кызмет атқарады. Эпендимді клеткалар жұлын
сұйыктығын түзуде катысады.
Астроглия көптеген көп өсінділі клеткадан тұрады жəне орталық жүйке жүйесінің
тіректік мүшесі болып табылады.
Астроцитгің цитоплазмасы митохондрияға өте бай келеді, сондықтан астроцит зат
алмасудың активті орталығы болып саналады.
Олигодендроглия орталық жэне перифериялык нерв жүйесінің нейроциттерін қоршап
жатады. Нерв талшықтарының қабығын түзіп, қозғалткыш жəне сезгіш нерв ұштарының
құрамына кіреді. Олигодендроглия клеткалары əр түрлі формада жэне əр түрлі көлемде
болады. Сондықтан ол нейроцитгің қоректенуінде жэне өзі коршаған нерв талшықтарында
аса зор рөл атқарады. Ғалымдардың айтуы бойынша, глиалды клеткалар қан
капиллярымен тығыз жəне міндетті түрде байланысып, қабылданған заттарды өңдеп, нерв
клеткаларына дайын жоғары молекулалы қосылыстарды береді. Кейбір патологиялық
про-цестер глияның зақымдануымен байланысты болып, нейроцит-тІң өзгеруіне əкеледі.
Нерв ұштарындағы олигодендроглия клеткалары нерв импульсін қабылдап, өткізуде аз
жұмыс атқармайды, атқаратын рөлі де аз емес.
Микроглия қозғалуға бейім өсінділі клетка тобынан тұрады, фагоцитарлық қызмет
атқарады (35-сурет). Макроглия нерв клеткалары мен нерв түтігінен дамыса, дəл сол
уақытга микроглия мезенхимадан дамиды.
Нерв талшықтары
Нерв клеткаларының қабықпен қапталған өсінділері нерв талшықтарын құрайды. Қабық
глиядан, олигодендроглиядан түзілген. Талшықтың орталығын нерв клеткасының өсіндісі
түзеді. Осы орталық немесе біліктік цилиндр аксон нейроплазмадан жэне созылып
орналасқан нейрофибрилден тұрады. Талшық булшық етті жэне бұлшық етсіз болып
бөлінеді
Бұлшық етті нерв талшығы миелинді салыстырмалы қалың қабықпен қапталған, күрделі
құрылысты құрылым. Талшыктың миелині бар, бір бөлігі миелинді қабық деп аталады
жэне қатпарлы құрылысты болады. Онда белоктар мен липидтер концентрациясына
байланысты кезектесіп орналасады. Қабық-тың келесі бөлігі неврондық немесе
неврилемма деп аталады. Белгілі бір аралықта талшық жіңішкеріп, сызылу түзіледі: бұл
түйіндік байлам. Бүл аралас Шванн клеткаларының шекарасы, бүл аймақта миелин
болмайды. Шванн клеткаларының ядро-лары миелинді қабыкта жатады.
Бұлшык етті емес нерв талшығында бүлшық ет кабығы болмайды. Шванн клеткалары
тығыз бекініп, протоплазманың тяжын түзеді де, ядролары бір-бірмен біркелкі
арақашықтыкта орналасады. Осы тяждарда бірнеше цилиндрі бар талшықтар вегетативті
жүйке жүйесінің кұрамында кездеседі.
Миелинді жəне миелинсіз нерв талшығы дəнекер ұлпасымен қоршалып, шет нерв
бағанасын кұрайды, бағана мүшелерде ұсак будаларға ыдырайды, ал буда өз кезегінде
бөлек талшықтарға тарамдалады (36-сурет). Талшықтар сезімтал немесе қозғалтқыш
ұштарға келеді.
Даму процесі барысында нерв клеткасының біліктІк цилиндрі нейроглия клеткасының
цитоплазмасына күш түсіреді. Осылайша, миелинсіз нерв талшығы түзіледі. Миелинді
талшықтың түзілуінде күштің əсерінен глиалды кабыктың екі еселенуі - мезосомның
нұсқасы түзіледі, ол біліктік цилиндрді бірнеше айналдыра қоршап, оралады да, соңында
миелинді кабықтың түзілуіне əкеледі.
Глиалды клетканың кабығы, атап айтқанда мезаксон белок пен липидтен тұрғандықтан,
миелинді қабық та белок пен липидтің қабыктарының кезектесуінен тұрады.
Нерв ұштары
Нерв ұштарының сезімталдары - рецепторлар деп аталады. Олар сезімтал нитроциттердІң
дендриттерінің бұтақталып аяқталуынан тұрады. Бұл бұтақталған талшықтар организмнің
барлық ұлпаларында орналасады жэне əр түрлі ауыртпалық, температуралық, химиялық,
механикалық жəне т.б. коздырғыштарды кабылдайды. Құрылысының ерекшелігіне карай
рецепторлар қарапайым жэне күрделі болып бөлінеді.
Қарапайым нерв ұштары бұлшық етінен ажыратылған дендриттерден тарамдалуында
түзіледі. Ал күрделі, еркін емес нерв ұштарының құрамына біліктік цилиндрді қоршайтын
глия клеткалары кіреді. Олардың кейбіреулері дəнекер ұлпалы капсуламен жабылады.
Мұны инкапсулданған нерв ұштары деп атайды. Рецепторлардың формасы əр түрлі
болады. Олар атқаратын
қызметінің ерекшелігіне байланысты да ажыратылады. Еркін нерв ұштары барлык
ұлпаларда кездеседі. Миелинді талшықтар миелиндерін жоғалтып жіңішке нерв ұштарына
тарамдалады. Осындай бір талшықтың бұтақтануы дəнекер ұлпада, майда, қан
тамырларында жəне эпителийде кездеседі. Инкапсулданған нерв ұштары миелинді нерв
талшықтарынан да түзіледі. Талшық миелинін жоғалтады. Олардың біліктік цилиндрі
Шванн глиясымен бірге тарамдалады. Дəнекер ұлпасы осы тармактың айналасында
капсула түзеді. Осындай формадағы рецепторлардың бірі Краузе колбасы болып
табылады. Бұл колбаның ортасында талшықтың біліктік цилиндрі орналасады, оны глия
қоршап ішкі колбаны түзеді. Бұл рецептор температуралык, тітіркенуді кабылдайды.
Негізінен сезімдік денешігі жəне пластинкалы денешігінің кұрылысы да осы тəрізді.
Сезімдік денешігі əсіресе тері эпидермиясының астында көп орналаскан. Олар сипап
сезуді қабылдайды. Пластинкалы денешік терінің терең аймағында жəне кейбір ішкі
мүшелерде орналасады, олар кысымды кабылдайды.
Рецепторлар каңқа бұлшык етінде, дэнекер ұлпалы кабаттарда жəне миелиндІ талшықта
да бірдей орналасады. Бұлшық ет талшығының бетіндегі нерв талшыктары жеке
тармакталады жэне көптеген мөлшерде глия ядролары бар спираль тэрізді болады.
Бұлшык ет талшығы жэне нерв тарамдары дəнекер ұлпалы капсуламен капталады. Осы
рецепторлар нерв бұлшык ет веретенасы деп аталады. Веретена аймағындағы саркоплазма
көлденең-жолағын жоғалтып, дəнді жэне көп көлемде шеңбер тəрізді ядролардан тұрады.
Барлық рецепторлардың құрамына кіретін глиалды клеткалар нерв импульсін түзуде
үлкен рөл атқарады. Глия трансформатор қызметін атқарады, тітіркендіргіш энергиясын
нерв импульсі түзілгенде өткізеді. Қозғалтқыш нерв ұштары - мидың жэне жұлынның
қозғалтқыш ядроларында жəне вегетативті жүйенің ядроларында орналасқан қозғалтқыш
клеткалардың нейрит-терінІң тарамдалуынан түзіледі.
Қозгалтқыш нерв ұштары тегіс бұлшық етте жіңішке, ашык боялады, олар миелинсіз нерв
талшығының тегіс бұлшық етке келіп сол жерде кеңеюінен түзілген.
Тегіс салалы бүлшық еттің қозғалтқыш нерв үштары қозгалтқыш бляшка деп аталады.
Осындай бляшка түзілмес бұрын перифериялық нерв талшығы - қозгалтқыш клетка
нейриті миелинді қабығын жоғалтады. Қозғалтқыш бляшка нерв талшығының біліктік
цилиндрі шеңбер тəрізді ядролы болады, саркоплазмаға енеді де тармақталады, осыдан
бляшка түзіледі. Осы бляшка аймағындағы саркоплазма көлденең жолағын жоғалтып, дəн
тəрізді болады жəне көптеген митохондриясы болады.
Электронды
микроскоппен
қарағанда нейриттң
тармақтарының ұшы бұлшық
ет
талшығының цитоплазмалық қабығымен бай-ланысатындыгын көруге болады. Нейрит
тармағының кабығы мен сарколемма арасында гомогенді заттарға толы синаптикалық
кеңістік саңылау болады.
Нейрит тармағының мембранасынан бұлшык ет талшығына импульстің өтуі химиялық
зат - медиатордың бөлінуімен өтеді.
Нерв жүйесінің кызметі рефлекторлы принципке негізделген. Көптеген нейроциттер өзара
байланысады жəне импульсті қабылдайды, оны козғалтқыш нерв клеткасына өткізеді,
содан барып соңында жұмысшы мүшеге өтеді. Нерв клеткалары бір-бірімен синапс
аркылы байланысқан. Синапс аймағында бір нейроцит ұшы басқа нейроцит денесінен,
нейритімен жэне дендритІмен байланысады.
Синапс аймағы нервтің өтуін, импулъстің таралуын немесе шектелуін ретгейді. Синапс
арқылы импульс тек бір бағытта, бір нейроцитгің нейрит ұштарынан баска нейроцитке
қарай өтеді. Нейрит мембранасы мен нейрит денесі жэне басқа дендрит денесі
аралығында синапстык саңылау болады.
Синапс
1897 жылы ағылшын физиологы Чарлз Скотт Шеррингтон (1857-1952) ең бірінші рет
ғылымға «Синапс» деген үғымды енгізді. Бүл гректің «Синапс» қосу, байланыстыру деген
сөзін білдІреді.
Сонымен синапс дегеніміз - безді жасушалармен нейрондардың, нейрондар мен бүлшық
еттердің, нейрондармен жүйке жасушала-рының арасындағы арнайы морфологиялық
кұрылымнан түратын «байланыстырушы». Осы синапстер арқылы ақпараттар бір
жасуша-дан екінші жасушаға беріледі. Нейрондардың арасындағы «бапланыс-тар»
кездейсок емес, олар арнаулы жасуша аралық баиланыстарды күшейтетін, өзіне тəн
ерекшеліктері болатын құрылымдар. Əрбір сүтқоректілердің орталық жүйке жүйесінің
нейрондарынын. өзіне тəн "əлеуметтІк белгісі" болады (морфологиялық, биохимиялық
жəне функционалдык ерекшеліктері, өсіділерінің тармақталуы, синапстердің саны, синапс
баспалдақтарының иерархиялык деңгейі, т.б.). Мысалы, адамның бас миында 1012-1013
жасуша бар. Синапстерінің саны да бас миы мен жұлында 60-80%-ға тен. Əрбір нейронға
мыңдаған басқа нейрондардан ақпараттар келіп жатады.
Синапстік байланыстар аксондардың (А), сомалардың (С) (сома-дене) жэне дендриттердің
(Д) араларында болады. Жүйке жүйесінде синапстардың жеті түрі бар; А→Д; А→С;
А→А;
Д→ Д; Д→ С; С →Д; С→ С. Стрелка синапстың морфо-
Логиялық полярлық құрылысын жəне ақпараттың жүру бағытын
көрсетеді.
Осылардың арасындағы ең бір жиі кездесетін түрлері синапстің екі
типі. Олар: аксон-дендрит жэне аксон-сома арасындағылар.
Өткен
ғасырдың
60-жылдарынан
бастап
морфологиялық
жэне
био-химиялык
зерттеулердің нəтижесінде синапстердің ультра кұрылым-дары айқындала бастады.
Синапстердің мөлшері өте кішкентай, шама-мен 1 микронға тең (1 микрон мкм=10"
6
м).
Сондықтан да электронды микроскоп синапстің құрылымын зерттеп білудегі ең басты
құрал болып табылады. Синапстік байланыста ақпараттар көп жағдайларда химиялық
жолмен, оның ішінде ерекше заттар медиаторлар аркылы беріледі, кейбір жағдайда
электрлік импульс түрінде жүреді.
Кəдімгі жағдайда синапс екі бөліктен тұрады: аксонның ұшы жуандалып, жалпақ буылтық
тəрізденеді. Осы жалпақ буылтық беткейімен дендрит қабығына жанасады немесе екінші
неирон
клетка
денесіне
жанасады.
ЕкіншІ
жанасушы
клетканын,
қабыгымен
байланысатын жері төмпешіктеніп, жалпақ жағымен жанасады. Сипапсты қосып
жиналган түрі штепсельдің вилкасын электрозеткаға қосқандай түрде болады.
Əрбір жеке адамның да бір-бірінен ерекшелігі сезімталдық, ойлау, еске сақтау, т.б.
қабілеттіліктерІнің
көрінуі,
дамуы
осы
айтылған
синапстік
байланыстардың
күрылымында, іс-əрекетінде болуында.
Бас миының эволюциялық дамуы нейрондардың санының көбейуінде гана емес,
нейрондардың өзара байланыс əсерлерінің өзгеріске түсуімен де сипатталады.
Сондықтан да барлық жүйенің ерекшеліктерін тек нейрондар ғана анықтай қоймайды,
олардың өзара орналасуына, таралуына жэне басқа нейрондармен синапстік байланыста
болуына да байланысты.
Синапстер, негізінен онтогенездік даму барсында, былайша айтқанда организм дүниеге
келгеннен кейін қалыптаса бастайды. Мысалы, жануарлардың жаңа туған баласының
миындағы синапстер, олардың везикулалары (көпІршіктері) пре-постсинапстік жуан
түйін-дері, сиыапс аралық жіпшелері (көпіршелер) дұрыс жетілмеген. Эмбриогендік даму
барысында синапстердің қалыптасуы омыртқалылардың бас миында биоэлектрлік
белсенділігінің пайда болуымен сəйкес келеді. Организм дүниеге келгеннен кейін ғана
аксондардың, дендриттердің өсуі жəне тармақталуына байланысты биоэлектрлік
кұбылысы күрт күшейеді.
Қозғыш
синапстер тежеуші синапстерге
қарағанда
ерте
пайда
болады.
Функционалды-белсенді нейрондардың қалыптасуы синапстік өткізгіштік қасиетінің ұзақ
уақыт бойы жүруін қамтамасыз етеді. Осындай реттеу механизмдерінің дамып
қалыптасуы бас миында ақпараттарды сақтауда маңызды рөл атқарады.
Рефлекторлық доға
Импульстің таралуы - күрделі процесс. Нейрит ұштарында митохондриялар көп болады
жəне синапстық көпіршіктер болады. Нейрит ұштарының мембранасы химиялық активті.
Нейрит мембранасына қозу жеткенде құрамында медиаторы бар синапс саңылауынан
көпіршіктердің шығуын көруге болады. Нейрит мембранасы мен дене дендрит
мембранасы арасындағы келесі нейронда синаптикалық саңылау болады.
Нерв импульсін сезімтал нейроцит рецепторынан бұлшық еттегі қозғалтқыш нерв
ұштарына жеткізетін нейроциттер тізбегі рефлекторлы доға деп аталады.
Ең қарапайым рефлекс доғасы сезімтал жəне қозғалтқыш нейроциттен тұрады. Одан нерв
импульсі төмендегі бағытта өтеді. Белгілі тітіркендіргішпен қалыптасқан импульс сезгіш
клетка дендритінің рецепторында түзіледі. Импульс дендритте таралып, сезімтал клетка
денесіне өтеді жэне нейрит аркылы қозғалтқыш клеткаға өтеді, нерв импульсі нерв
клеткасына өтеді жəне оның нейриті арқылы қозғалтқыш нерв ұштарына өтеді, содан қозу
бұлшық ет талшығына өтеді.
Нейрит денеде жəне дендриттің қозғалмалы клеткасында синапс түзеді. Нерв импульсі
қозғалмалы клеткаға беріледі жэне одан кейін нейрит арқылы бұлшык ет талшықтары
қозған күйге түсетін козғалмалы аякталуға келеді. Сезімтал жəне қозғалмалы нейроциттер
арасында ендірмелер болады. Жоғарғы сатыдағы жануарларда ендірме нейроциттер саны
көп болады. Сонымен қатар қызметтерінің əртүрлілігімен ерекшеленеді. Организмнің
қоздырғыштарға реакциясы адекватты болады. Адамда барлық орталық нерв жүйесі
ендірме нейроциттердің күрделі жүйесін көрсетеді.
Рефректорлы доға құрамындағы бір нейроциттің іске косылуы немесе өлімі басқалардың
морфологиясына жэне қызметіне əсер етеді. Мысалы, сезімтал клеткалардың өлімі
қозғалмалы клеткалардың бұзылысына əкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |