Ароматты аминдер



Дата20.04.2022
өлшемі403,39 Kb.
#140205
Байланысты:
Аминдер (1)
10-апта Аромат. карбон қышқылдары, Практика 8, Практика 6, аром карб кыш

Ароматты аминдер

Жоспар:

  • классификациясы, номенклатурасы, изомериясы
  • алыну жолдары
  • химиялық қасиеттері

Ароматты аминдер - молекуласында бензол сақинасымен байланысқан амин топшасы (NH2) бар қосылыстар.

Егер амин топшасы бір мезгілде әрі ароматты, әрі алифатты радикалдармен байланысса, онда оларды май-ароматты немесе аралас аминдер дейді.

Ароматты аминдерді алифатты аминдер секілді аммиактың туындылары ретінде қарауға болады. Ароматты аминдер біріншілік (I), екіншілік (II), үшіншілік (III) болып бөлінеді:

Ar - (NH2) (Ar)2 - NH (Ar)3 – N

(I) (II) (III)

Ароматты аминдерді әдетте тарихи номенклатура бойынша атайды. Халықаралық номенклатура бойынша радикалдың атына амин деген сөзді қосып атайды:


Қосылыстар:

Тарихи атау

Халықаралық атау

C6H5 - NH2

анилин

фениламин

C6H5 – NH - СН3

N-метиланилин

метилфениламин

СН3 - C6H4 – NH2

толуидин

толуенамин

N – метиланилинге төрт изомер келеді:

фенилендиаминдер үш изомер түрінде болады:


NH - СН3
СН3
СН3
СН3
NH2
NH2
NH2
N - метиланилин
о - толуидин
м- толуидин
п - толуидин
NH2
NH2
NH2
NH2
NH2
NH2
о - фенилендиамин
м - фенилендиамин
п- фенилендиамин

Алыну жолдары:

Біріншілік аминдер. Нитробензолды тотықсыздандыру (Н.Н.Зинин реакциясы)

a) қышқылдық ортада:


NО2
N=О
NH-OH
NH2
нитробензол
нитрозобензол
фенилгидроксиламин
анилин
H2
- H2O
H2
H2
- H2O

б) сілтілік ортада:

2



NH-ОH
N=N
NH2
гидразобензол
нитрозобензол
фенилгидроксиламин
анилин
H2
O
H2
H2
- H2O
- H2O
N=N
NH-NH
азоксибензол
азобензол

Екіншілік аминдер. 1. Біріншілік ароматты аминдерді олардың тұздарымен қосып қыздыру арқылы:


NH2
анилин
NH
дифениламин
NH2 ∙HCl
NH4Cl

2. Біріншілік ароматты аминдерді спирттермен немесе галогентуындылармен алкилдеу арқылы май-ароматты аминдер алу:

3. Шифф негіздерін (азометиндерді) гидрогендеу арқылы:

NH – CH2-CH3


CH3 OH
этиланилин
NH
метиланилиннің тұз қышқыл тұзы
NH2 ∙HCl
H2O
CH3 ∙ HCl
N=CH-CH3
2H2

Үшіншілік аминдер.1. Біріншілік немесе екіншілік аминдерді алкилдеу арқылы үшіншілік аминдердің екі түрін де алуға болады:

Н+

2. Мыс ұнтағының қатысуында екіншілік ароматты аминдерді арилиодидтермен қосып қыздыру арқылы таза үшіншілік ароматты аминдерді алуға болады:


2CH3 OH
NH2
2H2O
N(CH3)2
NH
С6H5 I
Cu
N

Химиялық қасиеттері:


: NH2
анилин
Ароматты аминдердің негізділік сипаты алифатты аминдерге қарағанда төмен. Себебі: азот атомындағы бос электрон жұбы бензол сақинасының электрондарымен қосарланады. Егер сақинаға электронакцептролы топшалар орналасса, олар аминдердің негізділігін одан әрі төмендетеді. Егер молекулаға амин топшасына алкил-радикал енгізсе, ароматты аминдердің негізділігі артады.

Химиялық қасиеттері:

1. Біріншілік және екіншілік аминдердегі амин топшасының сутек атомдары алкилрадикалдарға алмасады:


иодтысутекті диметиланилин

2. Ацилдеуші заттардың әрекетінен біріншілік және екіншілік аминдердегі амин топшасының сутек атомдары ацил қалдықтарына алмасады:

3. Біріншілік ароматты аминдер альдегидтермен әрекеттесіп азометиндер түзеді:


ацетанилид

4. Біріншілік, екіншілік және үшіншілік ароматты аминдер азотты қышқылмен түрліше әрекеттеседі.

А) біріншілік аминдер – диазоний тұздарын түзеді:

Б) екіншілік аминдер – нитрозоаминдер түзеді:


хлорлы фенилдиазоний
N-нитрозометиланилин

Минералды қышқылдардың әрекетінен нитрозоаминдер қайта топтасып, нитрозотопша сақинаның п-жағдайынан орын алады:

В) үшіншілік аминдар азотты қышқылмен әрекеттесіп, нитрозотопша сақинада орналасқан п-нитроқосылыстар түзеді:


п-нитрозометиланилин
п-нитроанилин

5. Электрофильді орынбасу реакциясына жеңіл түседі:


п-нитрозометиланилин
п-нитроанилин
о-нитроанилин

6. Галогендеу:

Үшброманилин суда нашар ериді. Бұл реакцияны анилинді және оның кейбір туындыларын сандық анықтау үшін қолданылады.


үшброманилин

6. Анилинді күкірт қышқылымен қосып, қыздырғанда, п-сульфоқышқылы немесе сульфанил қышқылы түзіледі:

Сульфанил қышқылы суда нашар ериді. Ол ішкі тұз түрінде болады. Сілтілермен әрекеттесіп, тұз береді:


сульфанил қышқылы

Сульфанил қышқылы қышқылдармен тұз бермейді. Бұл анилинді бояу өндірісінде кеңінен қоданылады. Сульфанил қышқылының амиді медицинада стрептоцид деген атпен қолданылады:



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет