Ашық сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысы



Дата15.09.2017
өлшемі18,69 Kb.
#33640
  • Ашық сабақтың тақырыбы:
  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысы.
  • 15.09.17
  • 15.09.17
  • 15.09.17
  • 15.09.17
  • 15.09.17
  • 15.09.17
  • 15.09.17

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

  • ҚР ҚК заңдары мен жарғылары туралы мәлімет беру.
  • Қазақстанды мақтан тұтатын, оның халқына адал болатын оның ҚК құрметтейтін, қазақстандық патриот бола алатын, Отан қорғау міндетіне дайын азаматты қалыптастыру.

. Үй тапсырмасын тексеру:

  • Жалпы әскери жарғыларды айтып беріңіздер?
  • Жауынгерлер мен матростар құрамына кімдер жатады?
  • Сержанттармен старшиналарға кімдер жатады?
  • Аға офицер құрамына кімдер кіреді?
  • Кіші офицер құрамына кімдер кіреді?
  • Жоғары офицер құрамына кімдер кіреді?
  • Тәуліктік кезекші құрамына кімдер кіреді?
  • Рота бойынша кезекші міндетін айтыңыз?

Жаңа тақырыпты өту және бекіту:

  • І-бөлімше:
  • ІІ-бөлімше:
  • ІІІ-бөлімше:
  • 1. Әскери тәртіп дегеніміз не?
  • 1. Жауынгерлер (матростар) мен сержанттарға (старшиналарға) қолданылатын көтермелеулер.
  • 1. Тәртіптік жазалар.
  • 2. Әскери тәртіптің міндеті мен тәрбиелеу әдісі.
  • 2. Әскери қызметті келісім шарт бойынша жауынгерлер (матростар) мен сержанттар (старшиналар) лауазымында өткеруші әскери қызметшілерге қолданылатын көтермелеулер түрлері.
  • 2. Жауынгерлер (матростар) мен сержанттарға (старшиналарға) қолданылатын тәртіптік жазалар.
  • 3. Қазақстан Республикасының мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге қолданылатын көтермелеулер.
  • 3. Көтермелеулердің жариялану реттері.
  • 3. Тәртіптік жазаның атқарулуы және жариялануы.
  • 15.09.17
  • Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр.
  •  Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.
  • Өз мемлекетіміз үшін мақтаныш сезіміне бөленіп, біртұтас отбасы сезімін сезінуге, қазір бүкіл дүние жүзі білетін республика – Туын, Елтаңбасын, Гимнін ардақтап, құрметтеуге тиіспіз.
  • Ел болу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенімболуы керек.
  • Н.Ә.Назарбаев
  • Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, жауды күйрете алмайсың.
  • Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.
  • Сабырлылық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады.
  • Ел үшін аянба – ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын
  • Отан үшін отқа түс күймейсің.
  • Бауыржан Момышұлы
  • Тауды биік демеңдер,
  • Талаптансаң шығарсың.
  • Жауды мықты демеңдер,
  • Ерлік қылсаң жығарсың.
  • Н.Байғанин

Жауды төмен санасаң – басқа шығар: Жай қалдырсаң елемей аз жауыңды – Жаулар елді, шағып бір күн тауыңды. М.Қашқари

  • Сауыт күші –қылышпен қылшылдатып ұрғанда,
  • Аттың күші – жігітті алып шығып тұрғанда.
  • Қорқыт.

Әскери жарғылар

  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілде №364 жарлығымен бекітілген
  • ҚР Президентінің 27 қараша 1998жылғы №4156 жарлығының күші жойылды.

Әскери тәртіп дегеніміз не?

  • Барлық әскери қызметшілердің ҚР Конституциясы мен заңдарында, әскери жарғылар мен командирлердің бұйрықтарында белгіленген тәртіп пен ережелерді, сондай-ақ әскери қызметшілердің арасындағы мінез-құлық және өзара қарым-қатынас нормаларын қатаң және дәл сақтау.

Әскери тәртіп неге негізделеді.

  • әрбір әскери қызметшінің өзінің әскери борышын және өзінің Отанын қорғауға деген жеке жауапкершілігін, өз халқына шексіз берілгендігін жоғары сезінуіне

Әскери тәртіп нені міндеттейді.

  • әрбір әскери қызметшіге өзінің әскери борышын адал атқаруды
  • 15.09.17

Жауынгерлер (матростар) мен сержанттарға қолданылатын көтермелеулер.

  • а) бұрын қолданылған тәртіптік жазаны алып тастау;
  • ә) алғыс жариялау;
  • б) әскери бөлімнің тұрған жерінен 2тәулікке дейін сейілдемеге рұқсат беру;
  • в) бұрынғы жұмыс (оқу) орына әскери борышын үлгілі орындағаны туралы және алған көтермелеулері туралы хабарлау;
  • г) грамоталармен, бағалы сыйлықтармен немесе ақшалай марапаттау;
  • ғ) әскери қызметшінің әскери бөлімнің кең жазылған жауынгерлік тудың жанында түскен жеке фотосуретімен марапаттау;
  • д) жауынгерлерге (матростарға) ефрейтор (аға матрос) атағын беру;
  • е) сержанттарға иеленген штаттық лауазымы бойынша көзделген әскери атағынан бір саты жоғары кезекті әскери атақ беру;
  • ж) омырауға тағатын ҚР ҚК-інің үздігі белгісімен марапаттау;
  • з) әскери бөлімнің Құрмет кітабына енгізу;
  • и) 10 тәулікке дейін қысқа мерзімді демалыс беру, бару қайту жолындағы уақытты есептемегенде

Тәртіптік жазалар қолданылады.

  • әскери қызметшілерге қызмет бойынша бастықтың билігімен қолданылатын жаза. Ол әскери қызметшілерге әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін .

Жауынгерлер мен сержанттарға мынадай жазалар қолданылады

  • а) сөгіс;
  • ә) қатаң сөгіс;
  • б) кезекті сейілдемеден айыру;
  • в) жауынгерлерді (матростарды) 5 нарядқа дейін тағайындау;
  • г) омырауға тағатын «ҚР ҚК-нің үздігі» белгісінен айыру;
  • ғ) жауынгерлерді (матростарды) «ефрейтор» («аға матрос») әскери атағынан айыру;
  • д) гауптвахтада ұстай отырып қамау: жауынгерлерді (матростарды) - 10 тәулікке дайін, сержанттарды – 7 тәулікке дейін;
  • е) сержанттардың лауазымын төмендету;
  • ж) сержанттардың әскери атағын бір сатыға төмендету;
  • з) сержанттардың әскери атағын төмен лауазымға көшіре отырып, бір дәрежеге төмендету.

тыйым салынады.  

  • Командирлерге олардың бағыныштыларының алдында тәртіптік жазаларды жариялауға

Қызметтік карточка ___________________________________________________ (әскери бөлім,мекеме,бөлімше) 1.Лауазымы_________________________________________ 2.Әскери атағы_______________________________________ 3.Тегі,аты,әкесінің аты_________________________________ 4.Әскери қызметте қай жылдан бастап___________________

    • КӨТЕРМЕЛЕУ
  • НЕ ҮШІН
  • Көтермелеу түрі
  • Қашан қолданылды (бұйрықтың шыққан күні мен №)
  • Кім көтермеледі
  • Оған қатысты көтермелеу қолданылған адамның қолы
  • Мүлтіксіз қызметі үшін және Отан қорғаушылар күні құрметіне
  • Бұрын қолданылған жазаны алып тастау
  • 2013 ж.7.04.
  • м-р Ыбраев
  • 2013ж 10.04
  • Жарияланған көтермелеулермен таныстым
  • м-р Ыбраев
  • 2013ж 12.09

Жазалар

  • Теріс қылықтың қысқаша сипаттамасы
  • Теріс қылық қашан жасалды
  • Жазаның түрі
  • Қашан қолданылады (бұйрықтың шыққан күні мен №
  • Жазаны кім берді
  • Қашан алынды (кім немесе мерізімінің өтуі бойынша)
  • Оған қатысты жаза қолданылған адамның қолы
  • Қызметке кешігу
  • 2013ж 8.02
  • Сөгіс
  • 2013ж.10.02
  • 12345 ә/б командирі
  • м р Ыбраев
  • 2013ж 12.02
  • 15.09.17
  • М-р Ыбраев 2013ж30.03.

Үйге тапсырма беру:

  • 2-Тарау: §5,6
  • Әскери тәртіп дегеніміз не?
  • Әскери тәртіп әскери қызметшіге нені міндеттейді?
  • Көтермелеу мен жазалардың қандай түрлері болады?
  • Жауынгерлерге (матростарға) көтермелеу қолданудың реті қандай?
  • Тәртіптік жазаны орындау мен белгілеудің реті қандай?

Сабақты талдау, оқушыларды бағалау:

  • «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік. Еліңді, жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшін де ол сондай қажет.»
  • Н.Ә.Назарбаев
  • 15.09.17

  • Назарларыңызға рахмет!!!

Құрастырған:

  • Семей қаласы
  • №21 мектептің Алғашқы әскери дайындық пәні оқытушы- ұйымдастырушы Құрманов Болат Анарбекович
  • 15.09.17


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет